БЕЛСЕНДІ, ІСКЕР, БІЛІМДІЛЕР
комбинаттың жетекші күші
Бүгінде Науаи тау-кен металлургия комбинаты акционерлік қоғамындағы жұмысшылардың 30 пайызы немесе 13500 қызметкері 30 жасқа дейінгілер. Олардың 3100-і жоғары білімді болса, 350-ден астамы басшылық қызметте істейді, 700-ден астамы түрлі кәсіптің маманы болып еңбек етуде. Бұл, сөзсіз, жастардың кәсіпорында үлкен күш екенін, комбинаттың болашағына лайықты мамандар жетіліп келе жатқанын көрсетеді. Айтпақшы, кәсіпорынның қол жеткізген жетістіктеріне жастардың да қосқан үлесі зор. Президент Шавкат Мирзияевтың басшылығымен еліміз жастарының бойындағы қабілеттерін жүзеге асыруына мол мүмкіндіктер жасалуда. Ерекше жігерленіп, шексіз ілтипатқа бөленіп жүрген жастарымыздың бойында ынта, бастама, білімге құштарлық, Отанға деген адалдық сезімі олардың жүздерінен көрініп тұрады.
Комбинаттар жастарды қолдау мақсатын белгілеп, оның орындалуын қамтамасыз етуге, атап айтқанда, бұл қаражат жастардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға, дарынды жастардың бастамаларын ынталандыруға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, ортада өзінің лайықты орнын табуға көмектесуге, қажетті жағдайлар мен инфрақұрылымдарды жасауға және оны бастауға жыл сайын 9 миллиард сум жұмсалады. Зауыт басшылығы жастарды қолдауға, олардың қабілетін жүзеге асыруға, жас мамандарды тәрбиелеуге арналған арнайы шеберлік мектебін құрған десек артық айтқандық емес. Жастарымыз арасында “Жылдың ең жас маманы”, “Жылдың үздік ұтымды ұсынысы”, “Жылдың үздік жас көшбасшысы” сынды байқаулар жыл сайын өткізіліп тұрады. Жарыс жеңімпаздары салтанатты түрде ынталандырылуда.
2022 жылы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, республикамыздың мыңдаған дарынды жастарына жағдай жасау мақсатында комбинатта халықаралық шахмат мектебі ашылды. Облысымыздағы Қызылтөбе ауданындағы “Тодакөл” демалыс базасының аумағы және Зарафшан қаласындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың құрылысы аяқталуда. Жақын арада бұл нысандар пайдалануға беріліп, комбинат жастарының жан-жақты қалыптасуына септігін тигізетін болады.
Июнь айы жастар айлығы барысында комбинат жастары ерекше екпінмен қарсы алып, “Жаңа Өзбекстан жастары, бірігейік!”, “Көшбасшылар және жастар” ұранымен “Мотивация сағаты” жобасы аясында комбинатта қызмет ететін мемлекеттік сыйлықтың иегерлерімен, өндірістік және қоғамдық жұмыстарда жетістіктерге жеткен жас көшбасшылармен кездесулер өткізілді. Жыл басынан бері ұйымдастырылып келе жатқан “Заковат” зияткерлік ойыны, “Киберспорт” және “НКМК кубогы” шағын футбол турнирлерінің финалдық ойындары өтіп, жеңімпаздар анықталды. 5 июнь — “Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні”, 14 июнь күндері — “Халықаралық донорлар күніне” орай комбинаттың ерікті жастары өздері тұратын аумақтарды, мешіттер мен қасиетті орындарды абаттандыру, шахмат мектебін ұйымдастыру, Науаи, Зарафшан және Нұрабад қалаларында қан құю орталықтарында донорлық науқандарын өткізді. 26-27 июнь күндері Науаи қаласындағы “Фархад” мәдениет сарайында дәстүрлі “Көңілді және ақылды” байқауы, диджейлердің өнерлерімен “DJ Fest”, “Бұл артық айтқандық емес”, “Роботтар шайқасы” сайыстары облыс орталығына қалалар мен аудандардан келген комбинат жастарына ұмытылмас сәттер сыйлады. Осы орайда жыл басынан бері белсенділік танытып келе жатқан жастардың есімдерін атап өткен жөн. Олар өздерінің еңбегімен, идеясымен, талантымен, шығармашылығымен жастардың ғана емес, біздің комбинат ұжымының да құрметіне ие болуда. Саодат Бобоярова, Сардор Рахмонов, Феруз Гафуров, Тимур Қаландаров, Вохиджон Вафоев, Санжар Темиров, Джахангир Розиев, Мухидин Гадоев, Фаррух Ашуров, Абдулло Гиясов, Замана Йохашова, Хабибулла Омонов, Маруфжон, Нодирбек, Саиджон Момуновтар, Айхан Чатаева, Мақсуд Остонов, Зарифа Ярашева, Хусниддин Бориев, Эльдор Норчаев, Ғиясжон Кенжаев, Фарход Норбеков, Джавлонбек Ешбоев, Әбдімәлік Шәріпов қатарластарына үлгі-өнеге болуда.
Бір сөзбен айтқанда, жастарымыздың жүрегінде болашаққа деген сенімді нығайту — заман талабы. Жастарды қолдау, жаңа мақсаттарға баулу, мәселелерін дер кезінде шешу біздің басты міндетіміз болуда.