ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ
Өзбекстан Республикасының жаңа редакциядағы Конституциясында жеке меншікке қол сұғылмаушылық одан әрі нығайтылды, меншік иесін сот шешімінсіз өз меншігінен айыруға болмайтыны, ал Конституцияда алғаш рет жер жеке меншік болуы мүмкін екені белгіленді.
Жуырда Олий Мажлис Сенатында “Өзбекстан Республикасындағы барлық меншік формаларының тең құқықтылығы және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету” тақырыбында семинар өтті.
Конституцияда жерге қатысты жеке меншіктің енгізілуі кәсіпкерлердің мүлікті несиелік қабілеті мен мал-мүлкін саналы түрде басқару арқылы кірісін арттыруға мүмкіндік беретін жерді жеке меншік деп тану меншік иелері тобының кеңеюіне, жер нарығының дамуына, жер телімдерін пайдаланудың экономикалық тиімділігінің артуына әкелетіні атап өтілді.
Семинар қатысушылары тарапынан Конституцияда ешкім соттың шешімінсіз және заңға қайшы үй-жайынан айыру мүмкін еместігі енгізілгені бірнеше жылдан бері қоғамда өзекті мәселелердің біріне айналған нысандарды бұзу мәселесінің халыққа қолайлы шешім екені айтылды.
Семинарда меншік құқығы және оның түрлері, меншік құқығының пайда болуы, тоқтатылуы және жарамсыз деп тану негіздерінің тәжірибеде қолдануда кейбір проблемалардың пайда болуы, мүлік құқығын қорғау механизмдерін одан әрі жетілдіру қажеттілігі тілге тиек етілді.
Өз кезегінде семинар диалог алаңына айналып, қатысушылар мүлікті жекешелендіру, белгілі бір мерзімге жер бөлу және сол жер теліміне құрылған ғимараттарға құқықты жүзеге асырудағы кейбір мәселелерге тоқталып, қызу талқыланды.
Семинар соңында барлық меншік формаларының тең құқықтылығы және құқықтық тұрғыдан қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар мен пікірлер айтылып, қатысушылар тарапынан мақұлданды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.