Дене-статья “әрбір адамға сымбат беретін 5 әдет”
Ассалаумағалейкум, менің есімім Аян мен сіздерге 3 айда жақсы денеге келетін 5 әдет айтқым келіп отыр
Кәзір менің жасым 20да. Жақсы Әдеттер мен ДИСЦИПЛИНАның арқасында таза етпен 7 кг қосып артық майлардан арылып отырмын.
Сіздің ойыңыз —> әрекет —> Әдет —> Керемет дене болады.
•Бұл Статьяда мен сіздерге қалай 3 айда жақсы денеге жететін Сіздің жетістікке жетуіңізге көмектесетін ең главный 5 әдетті айтатын боламын.
•Төменде жазылған 5 әдетті Оқыңыз,Өміріңізге қолдану арқылы
•Мұсылман адамның сипатын керемет етіп көрсетіп
•Денеңнің өзіңнен бұрын сөйлетіп
•Өзіңе сұқтанып Аллаға күпірлік айтпай
•Сомаценканды көтеріп өзіңе сенімді болып
•Өзіңді қартайудан сақтаңызСебебі бұл сіздің өміріңіз. Әрбір адам өзін жақсы жаққа өзгерту арқылы бақытты өмір сүру парыз!
1.Жаттығу
Адамдар да, олардың денелері де әртүрлі болғандықтан, көптеген фактор әркімнің денесіне әртүрлі әсер етеді. Негізгі жаттығуларға ғана ерекше назар аударыңыз
Бұлшық еттерді 3 күнге бөліп қойыңыз
Штанга, гантель, турник, брусья – осы снарядтарды есіңізде сақтап алыңыз. Егер мықты, сапалы бұлшық ет өсірем десеңіз, еркін салмақтарды (штанга, кіртас және гантельдер) қолданып тек негізгі жаттығуларға ден қойыңыз. Ең негізгі ет өсіретін жаттығу штангамен отырып тұру (squat), штанганы тұра тарту (deadlift) және штанганы жатып сығымдау (bench-press). Осы үш жаттығуды 6-8 реттен 5 әрекет (подход) жасаудың өзі алғашқы үш айда бұлшық еттеріңіздің жалпы көлемі өсуін жеделдетеді. Өйткені осы үш жаттығу адам бойында ең көп бұлшық ет талшықтарын іске қосады.
Алғашқы үш айлық қарапайым бағдарламаңыз аяқталған соң ғана оған турник және брусьяны (әр қайсысынан 2 әрекеттен, бұлшық ет талғанша) қосуға болады. Бұл жаттығулардың орындалу техникасын әбден меңгеріп алуға көңіл бөліңіз. Ол үшін блетін адаммен тренермен жұмыс жасаныз әйтпеген жағдайда жарақат алып фитнеспен қош айтысуыңыз мүмкін
2.Дұрыс тамақтаныңыз
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
• Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;
•Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;
• Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.
Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаныжас, белсенді болып жүруіңізге болады.
Ауыр жаттығулар ағзада түрлі физиологиялық процесстерді іске қосып, бұлшық ет тіндерінің күшін арттырады. Алайда көмірсу, май және ақуыз түріндегі (дәл осы қатармен) қуат қажетті деңгейде болмаса, бұлшық ет өспейді.
Көмірсу ағзаға гликоген қорын құру үшін қажет (бұлшық ет жұмсайтын басты қуат көзі), майлар - тестостерон мен өзге де маңызды гормондарды синтездеуге керек. Әрине адамның дене бітіміне қарай да тамақтануы өзгерек болады. Мәселен табиғатынан арық адамдарға көбірек тамақтану қажет, ал тез толатын эндоморфтарға керісінше.
3.Дұрыс ұйқы
Орташа есеппен адам өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ересек адам күніне 7-8 сағат ұйықтауы керек" деген қағида бар. Қалыпты ұйқы спортшылар үшін де өте маңызды.
Ұйқы кезінде иммунитетті қалпына келтіру және күш жиынтығын реттейтін денеде маңызды процестер жүреді.
Ұйқы гормоны күнделікті мәнінің 70% -ы өндіріледі, ол биоритмдерді реттейді, сонымен қатар денені қалпына келтіреді, нығайтады және стресстен сақтайды.
Бұлшықет массасының өсуі дене тынығу кезінде жаттығудан кейін пайда болады. Егер сіз ұйқыңыз аз болса, жаттығу залына бармауыңыз керек. Бұл жағдайда дене өмірді сақтау үшін стресс жағдайында жұмыс істейді.
4.Ұйқыдан тұрғанан кейін бірден Жылы су ішу.
Қаншалықты қарапайым көрінсе де, су – өмірдің негізі. Мен қазірдің өзінде күніге сонғы 1 жыл бойы күніне 4 литр жылы су ішіп келемін және бұл әдетсіз өмірімді елестете алмаймын.
•Таңертең су денені түнде жиналған токсиндерден тазартады және метаболизмді бастайды, бұл күн ішінде қоректік заттардың сіңуін арттырады. Таңертең асқазан-ішек жолдарына арналған бір стақан суды ауыз қуысы үшін тістерді тазалаумен салыстыруға болады. Сонымен қатар, суда барлық дене жүйелеріне қажетті минералдар бар. Егер сіз салмақ жоғалтсаңыз, онда су табиғаттағы ең тиімді май жағу құралы болып табылады
•Енді суық емес, әрқашан жылы суды іш. Жылы су ағзаға ең оңай сіңеді, өйткені дене оны жылытудың қажеті жоқ. Жылы су ішкі ағзалар мен асқазан-ішек жолдарының сфинктерін стресс, эмоциялар және дұрыс тамақтанбау салдарынан үнемі пайда болатын шиеленістерден босаңсытады. Нәтижесінде органдар өз функцияларын жақсы жұмыс. Жылы су 35-40 градус.
5.Спорт тағамдар
Спорттық тағамдарды қабылдау ең алдымен спорттан жетістіктерді көбейтуге, күш пен төзімділікті арттыруға, денсаулықты нығайтуға, бұлшық еттердің көлемін ұлғайтуға, тұтастай алғанда өмір сүру сапасын және ұзақтығын арттыруға көмектеседі.
•Жоғары ақуызды тағамдар(протеиндар) •Көмірсу-ақуызды қоспалар •Амин қышқылдары •Азот оксидінің донаторлары (NO-формуласы) • Салмақ жойғыштар •L карнитин •арнайы өнімдер •Креатин •Антикатаболиктер •ВСАА •Фосфатиделсирин
Спорт тағамдары бұлармен жетістікке жету 2 есе тез болады
Көбісі ойлайды бұл зиян деп жок еш кандай зияны жок.
Ия ия бұны істеу оңай бірақ істейтіндер аз дәл осылай 3 ай үздіксіз жасайтын болсаңыз нәтижесін көретін боласыз💪🏼