Емхананың өзінде тіркелу қызметі келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
бала кезінен мүгедек жанға заң бойынша тағайындалған қамқоршылар;
жанашырлар немесе қамқоршылар;
колонияларда жазасын өтеушілер;
медреселерде оқитын студенттер;
шет мемлекеттерде туған балалар;
сенімхат бойынша тіркеуді жүзеге асыратын адамдар.
Бас дәрігердің атына өтініш жазу керек.
Аталмыш азаматтар емханаға тіркелу кезінде мына құжаттарды ұсынуы керек:
зейнеткерлер үшін – зейнетақы куәлігі;
мүгедектер үшін – зейнетақы куәлігі немесе медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының көшірмесі;
бала кезінен мүгедек жанға заң бойынша тағайындалған қамқоршылар (аталмыш санаттағы адамдар кәмелетке толған болуы да мүмкін), сондай-ақ жанашырлар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер және ҚР заңнамасына сәйкес балаға күтім жасайтын, оқытатын, тәрбиелейтін, құқықтары мен мүдделерін қорғайтын басқа да жандар (заңды өкілдері) — қорғаншылықты, қамқоршылықты және т.б. растайтын сот шешімі немесе өзге де құжат;
колонияларда жазасын өтеп жатқандар, әскери қызметкерлер үшін – өңірлердің «Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрығымен құрылған «БХТ» АЖ-ға халықты МСАК-ға тіркеу (тіркеуден шығару) мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы;
Студенттер (18 жасқа дейінгі балалар), сондай-ақ медреседе оқитын студенттер (18 жасқа дейінгі балалар) - жоғары оқу орны ректорының МСАК-дегі ресми өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссияның хаттамасы;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған балалар үшін – шет мемлекетте туғанын растайтын құжат;
сенімхат бойынша тіркеуді жүзеге асыратын адамдар үшін – сенімхат.
Қызмет құжаттар тапсырылған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Айта кететін жайт тіркеу бойынша өтініш жұмыстың аяқталуына екі сағат қалғанда, яғни жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін және сенбі күні сағат 12.00-ге дейін қабылданады.