бауырларға
February 26, 2020

Қасиетті 3 айлар

Азиз, адал бауырларым!


Бүгін мағынауи ескерту келіп сендер үшін мұңайып уайымдадым.
Тезірек бостандыққа шыққысы келетін және тұрмыстық жағдайын
уайымдайтын бауырларымды ойлап өкіне, жабыққан кезде көкейге
бір ақиқат әрі сүйінші хабар келді. Ол не десеңдер, бес күннен кейін
өте берекелі, сауабы мол қасиетті үш айлар басталмақ. Әрбір жақсы амалдың сауабы басқа уақытта он болса қасиетті Режеб айында жүзден асады, ал қасиетті Шағбан айында үш жүзге жетіп жығылады. Берекелі Рамазанда мыңнан асады, жұма күндері мыңдаған есеге артады. Ал қасиетті Қадір түнінде отыз мыңға таяп еселеніп кетеді.
Мұндай ақыреттік пайдасы мол жәрмеңке, ақиқатшыл әрі құлшылыққа
аса мән беретіндерге таптырмайтын сәт. Және имандыларға үш айда
сексен жылдық өмірдің пайдасына кенейтін мұндай қасиетті үш айды
сауапты он есе көбейтетін Юсүф медресесінде өткізу әлбетте, үлкен
ғанибет, мол олжа. Қанша қиналсақ та бұл Аллаһтың рахымшылығы
деп қабылдап, ғибадат тұрғысынан осындай болғаны секілді
Нұр қызметі үшін де бес есе пайдалы. Мәселе санда емес сапада болғандықтан бұл тұрғыдан да тиімді. Өйткені, осы қонақжайға
әрдайым келіп-кетіп жатқандар Нұр дәрістерінің жайылуына ұйытқы
болады, кейде бір адамның ықыласы жиырма адамдай пайда әкеледі.

Түрмеге жабылғандардан саясатшыл қаһармандығы
барлардың ішінде Нұрдан келген жұбаныштарға мұқтаж болғандардың арасында жайылып тарауы үшін үшін біршама қиындық шегіп, азапқа түссек те оқасы жоқ. Ал күнкөріс мәселесіне келер болсақ онысыз да мына үш айлар ақыреттік базар саналатындықтан әрқайсымыз көптеген шәкірттердің орнына, тіпті

Һәм, Нұрдың ықылас сыры бойынша, Түрмеге жабылғандардан саясатшыл қаһармандығы барлардың ішінде Нұрдан келген жұбаныштарға мұқтаж болғандардың арасында жайылып тарауы үшінүшін біршама қиындық шегіп, азапқа түссек те оқасы жоқ. Ал күнкөріс мәселесіне келер болсақ онысыз да мына үш айлар ақыреттік базар саналатындықтан әрқайсымыз көптеген шәкірттердің орнына, тіпті
кейбірі мың адамның орнына қамалғандықтан әлбетте, сендердің
сыртқы шаруаларыңа олар жәрдемші болады деп көңілім жәй тауып
терең тыныстап рахаттанып қалдым және айтқа дейін осы жерде
болудың үлкен нығмет екенін түсіндім.

Саид Нұрси