December 10, 2019

"Таңғажайып суреттер" онлайн-практикумына қош келдіңіз!

Бұл практикумда тек өңдеп қана қоймай, суретке түсіріп үйренгеніңізді қалаймын. Сондықтан сіздерге қосымша ақпараттық материал дайындадым.

Суретке түсіру кезінде адамның тұлғалық даралығына мән берген жөн.

Сонда сіз суретте оның әлемін көрсетіп, суретті әсерлі және қызықты ете аласыз.

Өміріңіздің осы сәттерін есте сақтап қалуға тырысыңыз. Мүмкін қазір бұл аса маңызды емес шығар. Бірақ, уақыт өте келе 5-10 жылдан кейін қаншама оқиға басыңыздан өткенін көре алатын боласыз.

Өзгерісті, уақыттың өзгергенін байқайсыз.

Осы сәттің баға жетпестей екені уақыт шегінің өлшемінде, біраз уақыт өткенінен кейін пайда болады.

Сурет – бұл өзіңіздің жеке ақпаратты, өзіңіздің тарихты уақыт шектеуінде есте сақтап қалу құралы.

Суретке түсірудің негізгі мәнін бір рет түсініп алсаңыз, әрі қарай бәрі де оңай болады.

 

Суретке түсіруге ешқандай ереже жоқ! Сізге еркін болу керек және өмірден шабыт алу керек. Тенденция мен моданың құрбаны болмаңыз.

Ең үлкен шабыт мекені – өмір! Бізді қоршаған орта!

Белсенді өмір сүріп, айналаңызды тек пайдалы ақпаратпен қоршаңыз. Жақсы адамдар ортасында болыңыз. Араласыңыз. Бірге таңғы серуенге, таңғы асқа шығыңыз. Жиі серуендеңіз. Қалаңыздың жаңа жерлерін өзіңізге ашыңыз. Оқыңыз. Тыңдаңыз. Өйткені, мұның барлығы тікелей, өте тығыз байланысты. Сіздің шығармашылығыңыз - бұл сіздің өміріңіз, сіздің көргеніңіз, сіздің естігеніңіздің айнасы.

Шығармашылық – өзіңізді дамытумен тікелей байланысты. Ол екеуі бірге эволюция жасайды. Осылайша уақыт өте келе айналаңыздағы болып жатқан заттардан толыққанды оқиғаларды көре бастайтын боласыз.

Ендеше ең алғашқы тапсырма, жай ғана үйден шығып, айналаңызды түсіріп бастаңыз. Жай ғана сіз далаға шыққанда нені көресіз, соны түсіріп бастаңыз. Қазір оның "тамаша, шедевр" болғаны маңызды емес, сіздің түсіріп бастағаныңыз маңызды.

Камера – бұл қолыңыздағы құрал ғана. Ол арқылы сіз белгілі бір ойды жеткізе аласыз. Басында сіз қалағандай болмаса да, сіздің айналаңызда не болып жатқанын көріп, жай ғана осы сәтте өмір сүріп көріңіз. Фото – екінші реттегі мәселе. Ең бастысы суретке түсіру сізге ұнауы керек.

 

Кез келген теория – оқу барысын қиындатады. Ал, суретке түсіруді теориямен үйрену тіпті мүмкін емес. Сондықтан, тек практика жүзінде үйренейік.

Жай қарапайым селфидің шекарасынан шығып, енді оған қайта оралмауға уәде беріңіз.

Өзіңізді осы сәтте, қоршаған ортада көріп үйреніңіз. Әрбір нәрсенің логикасын түсінуге тырысыңыз. Сіз белгілі бір эмоцияны, оқиғаны жеткізу үшін сіз өзіңіз бұл кадрда болуыңыз керек пе, керек емес пе соны түсінуге тырысыңыз. Бір кадрді түрлі ракурстармен түсіріп, өз ойыңызды жеткізе аласыз ба соны түсініп көріңіз. Қаншалықты көп кадр жасасаңыз, соншалықты кейін соларды іріктеп алуға мүмкіндігіңіз көп болады. Түсірмей, кейін «қап» деп өкінгеннен, көбірек түсіріп, кейін оны өшіре салған оңайырақ.

Мысалы қарапайым ғана саяхатқа, тауға, табиғатқа шыққан болсаңыз, сіз тұрған жерден 1-2 фотоның орнына 10-15 фото жасаңыз. Бірақ, әртүрлі ракурстан түсіріңіз. Кейбіреуінде жай сол жерге кадрға өзіңізді қосымша элемент ретінде толықтырып сурет жасап көріңіз. Кейбірінде, өзіңізді басты объект ретінде түсіріп те көріңіз немесе жай ғана бақылаушының көзімен кадр жасаңыз.

Съемканың негізі (фундаменті) – сіздің назарыңыз түскен эмоция мен атмосфера, шынайылық пен қарапайымдылық. Адамдардың күлкісі, эмоцияларын түсіріп қалуға тырысыңыз, телефондағы немесе камерадағы жадыны аямай көбірек фото түсіріңіз. Егер динамикалық және эмоцияға толы сценалар болса тіпті аямай түсіріп алыңыз.

 

Басқа адамдарды түсіргенде, оларға камера жоқ секілді өздерін емін-еркін ұстауын сұраңыз. Фотосессияда жүргендей емес, сіз жай өз көзіңізбен қарап жүрген секілді «камераның барын тіпті ойламауын» сұраңыз. Оларды сізге позиционировать етпеуін сұраңыз. Өздерін шынайы ұстап, күндегідей ұстағанын сұраңыз. Соның ішінде эмоцияларды, шынайылықты және минимализмді түсіріп қалуға тырсыңыз. Жылдам түсіріңіз. Іс-әрекетке араласпай жай бақылаушының көзімен түсіріңіз.

Түсірілім барысын максимально қиындатпай, оны жеңіл және оңай жасаңыз.

Тапсырманы орындауға да орындамауға да құқыңыз бар.

Тура 24 сағаттан кейін телефонға алғашқы пресеттерді орналастырып, оларды өңдеуге кірісеміз. Материалыңыз көп болса былай да, былай да тәжірибе жасауға мүмкіндігіңіз болады. Іске сәт!