February 5, 2020

Екiншi күннiң тапсырмасы

  1. Эфирдi толық көрiп шығу
  2. Сiздi ренжiткен кiсiнi Әртүрлi себептермен ақтап алу. Мүмкiн ол кезде ол кiсi.... Оның ойы жаман болмаған болар... Оның жақсы қасиеттерi деген сияқты

-----------------------------------------

3. Аффирмацияны жиi айтып жүру!

Мен ешкiмге ренжiмеймiн, өйткенi өзiмдi ренжiтуге ешкiмге жол бермеймiн!

-----------------------------------------------

4. Мастер кит бойынша өкпе ренiштен арылу. Яғни сол болған оқидан өзiңiзге болған екiншi пайданы табу.

  • Сол оқиғадан маған (вторичная выгода) қандай пайда бар?
  • Ол оқиға маған не үшiн керек болды? Одан алар сабағым не?
  • Осы сұрақтарға өзiңiзге жауап берiңiзшi. Эфирдi көрген болсаңыз түсiнесiз.

-----------------------------------------------

5. Iштегi өкпе ренiштi қағазға жазып шығару әдiсi. Ақ қағазға сiздi ренжiткен кiсi туралы. Сол оқиға туралы өз ойыңызды жазыңыз. Өзiңiздiң қатты ренжiгенiңiздi айтып. Жаңағы кiсiге айтар iшiңiздегi барлық боқтау сөздерiңiздi жазып алыңыз. Әбден от души эмоцияңызды шығарыңыз.

-------------------------------------------------

6. Ендi сынақпен келген өкпе ренiшке көздi жұмып мына жаттығуларды жасаймыз. Жазсаңызда болады.

- Өзiңiздiң бұл жағдайға ешқандай кiнәлi емес екенiңiздi, ол сiздiң өмiрдегi сынағыңыз екенiн, оны сiз қабылдайтыныңызды жазыңыз;

- Бұл жағдай үшiн ешкiмде кiнәлi емес. Ол үшiн сiздi ешкiм ренжiтуге құқығы жоқ екенiн мойындап жазыңыз;

- Осы күнге дейiн сiздi кiнәлап келген адамдарға деген өкпе ренiшiңiздi жазыңыз;

- Соңында осы нәрсенiң сiздiң өзгеруiңiзге, сiздiң мықты болуыңызға көмектескенiн, яғни қайырын iздеп тауып жазыңыз;

- Аллағы тәубе етiп, рахметiңiздi айтып, сiздi кiнәлап келгендер сiздi мықты еткенi үшiн рахметiңiздi айтыңыз!

- Ендi өзiңiздi осы нәрсе үшiн кiналап келгенiңiз үшiн кешiрiңiз! Кешiрiм сұраңыз өзiңiзден,

- Кешiршi жаным, сенi қинап қойғаным үшiн кешiршi! Осы күнге дейiн сенi кiнәлап келгенiм үшiн кешiршi! Сенi ренжiтуге жол бергенiм үшiн кешiршi! Кешiршi, кешiршi, кегiршi деп өзiңiзден өзiңiз кешiрiм сұраңыз! Сiз ол сiздiң жаныңыз!


- Сосын жаныңызды аялап, жақсы көрiп жүрегiңiзге салып қойыңыз.

- Ендi ешкiмге сiздiң жаныңызды ренжiтуге жол бермейтiнiiңiздi айтыңыз!

-------------/----------------------------------

Сiздiң алдыға қарай жылжуыңызға кедергi етiп жүрген өкпе ренiштерден арылып! Өзiңiздi жеңiл сезiнесiз деген үмiттемiн қыздар! Ал, сәттiлiк сiздерге!
Өкпе ренiшсiз жаңа өмiрлерiңiзбен деп құттықтап ертеңгi эфирде жолыққанша! Мен сiздердi жақсы көремiн💋😘!

----------------------------------------

Осының бәрiн жасаған болсаңыз, сiздегi дәл қазiргi күйiңiзбен ортақ уатсап чатта бөлiсiңiз! Көмегi болды ма сiзге?