March 11, 2020

Тек қазақтарға арналған сату тәсілі

Бизнесте бір ниша, техникалар болады. Бір ұлтқа ғана тән. Бүгін сіздерге сондай бір сату тәсілін ұсынбақшымыз. Бұл реально жұмыс жасайды. Мен өзім қолданғанмын.

Бұл бір жаңалық емес. Барлығы істеп жатқан тірлік, пайдасын көріпте жатыр. Бірақ бұл жердегі подход (сату) тек қазақтарға тән. Бүгін сол жөнінде сөз қозғаймыз

Көшпенділік дәуірден бері біздің әбден қанымызға сіңген. Тек қазақтарға тән сауда түрі ол қарызға сауда жасау. Бұрын саудагерлер көктемде келіп тауарды бағасына келісіп қалдырып кетіп отырған. Күзде келіп малын жинап алып кетеді. Бұл тек бізге тән, қанымызға сіңген. Осы дүние әлі қолданыста жүр. Тек көктемде емес, айдың басында айлыққа дейін тауарын қалдырып кетеді.

Қанымызға сіңген осы дүниені неге қолданбасқа?

Мен осы техниканы 2017 жылы қолдандым. Сол жылы анам екеуміз бірігіп алғашқы саудамызды бастаған болатынбыз. Ол кезде сұраныста 925 пробалы бижутериялар еді (әлі сұранысқа ие)

Ол кезде тест жасап, сұранысты анықтау деген дүниелерді мүлде қақпайсың. "Нар тәуекел"-деп тауар іздеп алматының барахолкасына келдік. Бихутерия біз ойлағаннан да, арзан болып шықты. Алғашқы тауарға салған инвестиция 180 000тг болды.

Қарағандыға тауар алып келдік енді оны сату керек. Сол қазекеңдерге тән әдіс бойынша Қарызға беру тәсілін қолдандық. Ол әдісті былай жүзеге асырған едік. Таныс мұғалім, дәрігер,опшым гос органда істейтін таныстарға хабарласып попроситетіп солардың жұмысына апарып көрсетесің.

Алғашқы партияны анам мен әпкем істейтін мектепке апардық. Бір қызық айтайын 180 000 тг әкелген тауар. Сол екі мектеп мұғалімдері 2 күнде жоқ қылды ғой. Салған ақшамызды үш есе қылып шығарып алдық. Тағы алдырттық. Олда осы схема бойынша кете берді.

Жалпы бұл бижутерия сізге миллиондап әкелмеуі мүмкін, бірақ алғашқы табыс табуға үлкен мүмкіндік. Осы арқылы біраз сумма көтеріп алсасыз

Енді нақты іске көшейік.

  • Бижутерия таңдағанда қатты қымбаттарын алмайсыз. Себебі оған көп қоса алмайсыз.
  • Примерно оптом бағасы 300- 1200 тг болатын сырға, набор, сақиналардан көбірек алыңыз. Себебі бұларға минум 1.5-3 есеге дейін қосуға болады
  • Бижутерия таңдағанда талғамы жақсы бір танысыңызды ертіп алыңыз. Тауар таңдағанда клиенттің көзімен таңдаңыз
  • Желательно 925 пробасы бар бижутерияларды алыңыз. Себебі бұлар тез қараймайды, одан кейін сатуға оңай болады. Бұлардың құрамында күміс қалдығы қосылады. Сол себепті күмістің (925) пробасы басылған
  • Сол оптовиктің номерін ватсап номерін алып алыңыз. Сізге ол суреттермен бағасы жібереді, сіз соны таңдап белгілеп бересіз. Оптовик соларды сізге салып жібереді. Салмаңдап келе бермесеңіз болады

Кез-келген заттың минус жақтары болады. Бұл тәсілдің минус жағы, ол адамдардың көбі қарызға алады. Оны шешудің бір жолы сол мектепгі танысыңды % отырғызу. Яғни сол мектепте сатылған ақшаның белгілі % соныкі. Оның міндетті ай сайын саған ақшаны уақытында жинап беру. (ол танысың қасқыр болса тіптен жақсы)

Бұл тәсіл арқылы тек бижутерия емес басқада заттарды сатып бастасаңыз болады.

Сіздің осындай танысыңыз жетеді. Соларды неге пайдаланбасқа. Текке армандап отыра бермей, қолда бар мүмкіндікті қолдану керек.

Бұл әдісті дұрыс жүйелендіріп қолдана алсаңыз тәп-тәуір ақша табуға болады

P.S. Әр ұлттың өз ерекшелігі болады. Соны дұрыс жаққа қолдана білейік