Маурицио - банк қызметкері

Маурицио Сарридің футболшы карьерасы бар болғаны 19 жасында аяқталды. Көптеген жарақаттар жалғастыруға мүмкіндік бермеді. 

Қарапайым отбасынан шыққан Маурицио, бір мезетте ештенесіз қалды. Амалдың жоқтығынан ол экономика және бизнес курсына жазылып, содан бір жыл өткен сон Montepaschi банкінде қызмет ете бастады. Кейін қаржы сферасын жақсылап меңгерген ол, келесі жылдарда түрлі позицияларлы ауыстырып, жақсы жетістіктерге жетіп отырды. 

Осындай ағымда 9 жыл өтті және сол 9 жыл ішінде, футбол Сарридің өмірінде орының жоғалтты. 


Футболды әбден сағынған Маурицио, 1989 жылы 30 жасында «Стиа» әуесқой командасына қосылды. Бірден команданы қолыңа алып, көшбасшылардың бірі атанды. Бірақ, ескі жарақаттары оның толықтай жаттығып, ойындарға қатысуына мүмкіндік бермеді. Соған қарамастан, командамен бірге болу үшін, ол басқа қалалардағы ойындарға ойыншылармен бірге сапар жасап отырды.


Екі жылдан кейін бас бапкерін орнынаң босатқан «Стиа», жаңа маман іздеу үстінде болды - нәтижесінде, команда капитанының көмегімен Сарри «Стианы» тізгіңіне алып, өзінің бапкер маңсабын бастап кетті. 


Енді оның күні таңертен банкте басталып, кешкісін футболшыларды жаттықтырумен аяқталатын болды. Күнде ойыншыларға жету үшін Сарри ұзақ жолды бағындырып, ал бос уақытында тактикалық кітаптар оқыды. 

Бірақ бұндай ритм, оның айтуынша, оны мүлдем шаршатпады, керісінше, оған ләззат сезімін әкелді.


Бұл кезеңде 9 жылға тең болды. Сол 9 жыл ішінде 5 команданы ауыстырып, уақыт өткен сайын екі қызметті бірге алып жүру оңайға соқпады. Есесіне, Маурицио 1998 жылы банкте кеңес беруші қызметіне ауысып, футболға көбірек көңіл бөле бастады. Содан кейін, ол банктегі жұмысынаң мүлде кетуді ойлай бастады, себебі: «Мен офиста болған кезде, әрдайым тек футболды ғана ойлай беретін болдым. Футболшыларымды жаттықтырғым келіп, жұмыс күні қашан бітеді екен деп, уақыт санайтын болдым, сондықтан банктен кетуім сөзсіз болды». 


Шаршатқан жұмысты тастаудың тағы да бірден бір себепкері - ол Мауриционың әкесі Америго. Жас кезінде Америго талантты велошабандоз болып, 30-дан астам жарыста жеңіске жеткен екен. 

Сондай нәтижелері үшін оны әйгілі Гастоне Ненчини өз профессионалды командасына шақырады. Бірақ, үлкен Сарри қауіптеніп, мүмкіндіктен бас тартты. Кейін ол велоспортты мүлде тастап, зауытта жұмыс жасайтын болды. Сол кездегі Америгоның шешімі - оның өмір бақи өкінетін сәті болып қалды. 

Сондықтан, Маурицио әкесінің қателігін ешқашан қайталамаймын деп уәде берді. 


Оңай емес кезеңде Мауриционың әйелі де оған толықтай қолдау көрсетті: «Егер сен өзіңді осы бағытта бақытты сезіңсен, тиісті шешім қабылдау керексің». Сонымен Сарри банк сферасынан толықтай кетті.

Маурицио қолайлы жалақысы бар, комфортты жұмысың жартылай-кәсіби футболға ауыстырғанда, оның жасы 40 та болды. 

Бірақ бұл жәйт оны еш қорқытпаған сияқты: «Мен бақытты адаммын, себебі өзіме шынымен ұнайтын іспен айналысамын, оған қоса, сол үшін маған тіпті жалақы да төлейді. 

Ал бұл жұмысты мен тегін де істеуші едім», - деді Сарри. 


Маурицио Сарри, мүмкін, әлемдегі ең романтикалық бапкер. Оның жасы қазір 60-қа келді, ойын стилің ешқашан өзгертпейтін бапкер әлі бірде-бір жарыста жеңіске жетіп көрмеген.


Қазір Маурицио Лондондық «Челсиді» жаттықтырады. Енді-енді аздап философиясын өзгертіп келе жатқан сияқты.

Осы маусымда карьерасындағы ең қиын кезеңді бастан өткеріп жатқандығы анық. Бірақ, бұл қиыншылықтар Маурицио үшін түк те емес, себебі ол үшін ең қиыны - артта. 

March 3, 2019
by Trequartista
0
1

Гиперстильді «Ман Сити»


Dsquared2 - Канадалық егіз-бауырлар Дин және Дэн Кейтондер құраған бренд. Нью-Йорктегі Парсон дизайн мектебінде олар білім алып, 1991 жылдан бері Миланда жеке брендің ашу жолында еңбек еткен. Ал 1994 жылы екеуі ерлерге арналған бірінші топтамасын жарыққа шығарды.


Dsquared2 бренді көптеген танымал шоу-бизнес жұлдыздары арқылы, топ-спортшылар арқылы және ірі спорттық командалардың көмегімен киімдерін насиxаттау жолың ұстанады.

Мәселен, 2006 жылдан бастап төрт жыл көлемінде Dsquared «Ювентуспен» бірлесе жұмыс жүргізген, одан соң, 2010/2011 маусымы алдында «Барселонамен» келісім шартқа отырды. Содан бері Dsquared иелері Пеп Гвардиоламен жақсы қарым қатынасқа ие.


Гвардиола 2016 жылы «Ман Ситидің» бас бапкері болғаннаң кейін, Dsquared2 Англиялық клубтың ресми кэжуал-серіктесі атанды. Олардың бірінші маусымында бренд футболшыларды Чемпиондар лигасының ойындарына және маусым-алды турларына киіндірді.


Ал 2017 жылдың көктемінде клуб және фэшн-бренд серіктестікті ұлғайта түсті. Есесіне, Dsquared2 «Ситидің» ойыншыларына және жаттықтырушылар штабына толықтай классикалық костюмдер және жаңа топтама жасап шығарды.


Қазіргі таңда «Ман Сити» футбол әлеміндегі ең стильді командалардың қатарында.


P.S. Бірақ, 2018 жылдың жазында аздап сәтсіз шыққан мысалдарда болды.

February 26, 2019
by Trequartista
0
5

Мінсіз Изабель

Изабель - экономика бағытында xорватиялық университетінің түлегі, модель және кәсіпкер

Шіркеу xорында ән айтатын ол, 2013 жылы Матеоны кездестіреді, содан бері екеуі ажырамас. Ал 2017 жылы олар ресми түрде үйленді.


Ковачичтің Мадридтің «Реалына» көшу кезіңдегі презентациясында испандық жанкүйерлермен журналистерді сұлулығымен таңқалдырды.

«Изабель, әрине, өте әдемі, бірақ бәрінен бұрын, мені ода таңқалдырадыны - оның білімділігі, мейірімділігі және адалдылығы», - дейді Матео.

Изабель кішкентай балаларды қатты сүйетін көрінеді. Оның инстаграм парақшасында кіші сіңілісімен түскен көптеген суреттері бар. Одан бөлек, Изабель сәбилерге арналған киім және тағам ісің жүргізеді.

February 25, 2019
by Trequartista
0
3
Show more