ҚАЗ/РУС

Ливандағы қазақстандық бітімгерлердің денсаулығы бақылауға алынды

3-ші Қазақстандық бітімгершілік ротасы үндістандық батальон құрамындағы БҰҰ-ның Ливандағы бітімгершілік миссиясын жалғастыруда. Пандемияға байланысты миссия қолбасшылығы вирустың кез келген жұғуы мен таралуының алдын алу үшін барлық сақтық шараларын қабылдады.
Қазір Ливандағы жағдай тұрақты және жергілікті билік пен «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» қолбасшылығының бақылауында. 26 сәуірге дейін елімізде төтенше жағдай жарияланды. Дипломатиялық тұлғаларды қоспағанда, бүкіл халық үшін Бейрут әуежайы, құрлық және теңіз өткелдері жабылды.
3-ші Қазақстандық бітімгершілік ротасының командирі майор Жәнібек Нұрлановтың айтуынша, бітімгершілік базасындағы жағдай тұрақты.
Жауапкершілік аймағында миссиядағы 11 мың әскери қызметші мен азаматтық бітімгерлердің денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін карантин енгізілді.
Бітімгерлік базаның әрбір бақылау-өткізу пунктінде медициналық персонал кезекшілік етеді. Байланыссыз термометрия жүзеге асырылып, санитариялық-гигиеналық нормаларының қатаң сақталуы бақыланады.
Бітімгерлерге вирусты жұқтыру фактілері тіркелген аудандарға сапар жасамау және жергілікті халықпен байланысты барынша шектеу ұсынылды. Жеке құраммен коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және болдырмау бойынша сабақтар үнемі өткізіледі.
«Біздің алдымызда тұрған ең маңызды міндет – бітімшілерімізді вирусты жұқтырудан қорғау. Сонымен қатар, оның таралуының алдын алу басты мақсаттардың бірі болып табылады.Және де қазіргі уақытта біздің жұмысымыз осыған бағытталған»,– деп атап өтті қазақстандық контингенттің командирі.
Командирдің айтуынша, біздің бітімгерлердің моральдық-психологиялық жағдайы, денсаулықтары тәрізді жоғары деңгейде. Олар барлық қауіпсіздік шараларын қатаң ұстана отыра, «көгілдір сызық» бойында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 24/7 режимінде жедел қызметті жүзеге асыру сынды өз міндеттерін орындауды жалғастыруда.

ҚР ҚМ БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ

Безопасность здоровья казахстанских миротворцев в Ливане взята под контроль

3-я казахстанская миротворческая рота продолжает участие в миротворческой миссии ООН в Ливане в составе индийского батальона. В связи с пандемией коронавируса командованием миссии приняты все меры предосторожности для предотвращения любого заражения и распространения вируса.
Сейчас ситуация в Ливане стабильная и находится под контролем местных властей и командования «Временных сил ООН в Ливане». До 26 апреля в стране объявлена чрезвычайная ситуация. Закрыт аэропорт Бейрута, сухопутные и морские переезды для всего населения за исключением дипломатических лиц.
Как рассказал командир 3-й казахстанской миротворческой роты майор Жанибек Нурланов, на миротворческой базе обстановка также стабильна.
В зоне ответственности введен карантин, чтобы обеспечить безопасность здоровья 11 тысяч военнослужащих и гражданских миротворцев, находящихся в миссии.
На каждом контрольно-пропускном пункте миротворческой базы дежурит медицинский персонал, осуществляется бесконтактная термометрия, контролируется строгое соблюдение санитарно-гигиенических норм.
Миротворцам рекомендовано не совершать поездки в районы, где зарегистрированы факты заражения вирусом, и максимально ограничить контакты с местным населением. С личным составом постоянно проводятся занятия по предотвращению и недопущению заражения коронавирусной инфекцией.
«Самая важная задача, стоящая перед нами – это защита наших миротворцев от заражения вирусом. Предотвращение его распространения – одна из главных целей, и наша работа на данный момент направлена на это», – отмечает командир казахстанского контингента.
Морально-психологическое состояние наших миротворцев, как и состояние их здоровья, по словам командира, находится на высоком уровне. Они строго придерживаются всех мер безопасности и продолжают выполнять свои задачи, осуществляют оперативную деятельность в режиме 24/7 для обеспечения стабильности вдоль «голубой линии».

ПРЕСС-ЦЕНТР МО РК