Әскерилер радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс сұрақтарын пысықтады

Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері бөлімшелерінің далалық шығуы аяқталды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрамалары мен әскери бөлімдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандары РХБ барлау, қару-жарақ пен әскери техниканы арнайы өңдеу, аэрозольді бүркемелеу міндеттерін орындау бойынша тәжірибелік дағдыларды жетілдірді.

«Далалық шығудың негізгі мақсаты жеке құрамның радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелерді үздіксіз басқару бойынша міндеттерді ұйымдастыру мен орындауда дағдыларын, іскерліктерін жетілдіру болып табылады. Зақымаданған жер учаскесі анықталған жағдайда жеке құрам оны зарарсыздандыру, сондай-ақ жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы арнайы өңдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асырды», - деп атап өтті «Батыс» өңірлік қолбасшылығының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің бастығы майор Алмас Несіпқалиев.

Сонымен қатар, АРС-14 автоқұю станциясын өрістету бойынша нормативтер пысықталып, МК-АТ дозиметр-радиометрлері және AP4C жауынгерлік уландырғыш заттар мен улы заттарды анықтау детекторы қолданылды. Сабақ барысында әскери қызметшілер қорғаныс киімдерін пайдаланды.

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерді жауынгерлік (жедел) қамтамасыз ету түрлерінің бірі болып табылады. Ол әскерлердің шығындарын барынша азайтуға бағытталған радиоактивті, химиялық және биологиялық жұқтыру жағдайында қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды жоғары дәлдіктегі және басқа да қару түрлерінен қорғауды арттыруға бағытталған ұйымдастыру және тәжірибелік іс- шаралар кешенін қамтиды.

ҚР ҚМ БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ

Военные отработали вопросы радиационной, химической и биологической защиты.

Полевой выход подразделений войск радиационной, химической и биологической защиты завершился на полигоне «Оймаша» в Мангистауской области.

Специалисты радиационной, химической и биологической защиты соединений и воинских частей регионального командования «Запад» совершенствовали практические навыки по выполнению задач РХБ разведки, специальной обработки вооружения и военной техники, аэрозольной маскировки.

«Основной целью полевого выхода было совершенствование навыков и умений личного состава в организации и выполнении задач по радиационной, химической и биологической защите, непрерывному управлению подразделениями. При обнаружении условно зараженного участка местности личный состав осуществлял мероприятия по его обеззараживанию, а также специальной обработке личного состава, вооружения и военной техники», - отметил начальник войск радиационной, химической и биологической защиты регионального командования «Запад» майор Алмас Несипкалиев.

Кроме того, были отработаны нормативы по развертыванию авторазливочных станции АРС-14, применены дозиметры-радиометры МК-АТ и детектор обнаружения боевых отравляющих веществ и токсичных веществ AP4C. В ходе занятий военнослужащие использовали защитные костюмы.

Радиационная, химическая и биологическая защита является одним из видов боевого (оперативного) обеспечения войск. Она включает комплекс организационных и практических мероприятий, направленных на максимальное снижение потерь войск, обеспечение выполнения поставленных задач в условиях радиоактивного, химического и биологического заражения, а также повышение их защиты от высокоточного и других видов оружия.

ПРЕСС-ЦЕНТР МО РК