әдебиет
October 10, 2020

Асан Сәбитұлы

1. Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа.

2. Әділдіктің белгісі – біле тұра бұрмаса,

Ақылдының белгісі – өткен істі қумаса.

3. Білгеннің қандай пайдасы, білместі жолға салмаса.

4. Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін,

Қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін,

Көшіп-қонып көрмеген жер қадірін не білсін.

Көшсе, қона білмеген, қонса, көше білмеген,

Айтса ақылға көнбеген, бұрса оңға жүрмеген

Санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін.

5. Мінезі жаман адамға енді қайтып жуыспа,

Тәуір көрер адаммен жалған намыс қуыспа.

Е. Шаймерденұлы, Қазақ афоризмдері (Ақыл-ой антологиясы: бағзыдан – бүгінге дейін), 53-бет