September 10, 2023

Ла Масия – Топ-10 Талант

Ла Масия – әлемдегі ең үздік академия. Қазір футбол әлемінде ешқандай клубтың академиясы Ла Масия секілді әр жылда үздік таланттар шығарып жатқан жоқ. Клубты дәл қазіргі дағдарыстан алып шығатын да дәл осы академия болса керек. Кім не деседе клуб академия түлектеріне мүмкіндік беруді жалғастыра бермек. Ендеше сол таланттардың ондығына шолу жасайық.


Тізімге кірмей қалған ойыншылар:

Сама Номоко (2008 🇪🇸🇲🇱) – Ла Масиялық Дембеле (ойыны жағынан). Ампуласы – оң жақ вингер. Номоко өте жылдам ойыншы, доп оның аяғында болғанда күтпеген қимылдар жасайды. Сама амбидекстр, ол екі аяғымен де керемет ойнайды, осы тұстары Дембелеге өте ұқсас. Сонымен қатар ол стандарттарды, яғни бұрыштаманы керемет орындайды, және шабуылды да мүлтіксіз аяқтайды. Ол өткен маусымда Кадет Б (U-15) сапында 8 ⚽️ және 10 🅰️ беріп командасының үздік ассистенті атанды. Және Кевин де Брюйне CUP турнирінің финалында ПСЖ-ға қарсы ойында 2 ассист беріп, ойынның үздік ойыншысы атанды. Ол осы маусымда Кадет А (U-16) сапында ойнайтын секілді.

Баба Курума (2009 🇪🇸🇬🇳) – Илайш Морибаның туыс інісі. Баба Испанияда өз қатарластарының арасында ең үздік қорғаушы. Ампуласы – орталық-қорғаушы. Сонымен қатар сол жақ фулбэк рөлінде атқара алады, ал ол ұлттық-құрамада опорник болып ойнайды, қысқаша айтқанда қорғаныстың универсалы. Баба Ла Масияға осы жылы ғана келіп қосылды, бірақ біраз адамды таң қалдырып үлгерді. Ол дене бітімі ірі ойыншы емес, бірақ өте жылдам, жылдам бұрылысытар, қозғалыстар жасай біледі. Ол осы маусымда Кадет Б (U-15) сапында ойнайды. Ағасының жолын қайталамайды деп сенеміз.

Михал Жук (2009 🇵🇱🇪🇸) – медианы жарған таланттардың бірі. Және ойыны да соған сай. Жук академияда ұзақ уақыт өз қатарластарының ең үздігі саналып келді. Ютубта және басқа да әлеуметтік желілердегі видеороликтері миллиондаған қаралым жинап, танымалдылыққа ие болды. 10 жасынан бері Адидас компаниясымен келісім-шартта. Өткен жылы Жук отбасылық себептерімен Ла Масиядан кетіп, отаны Польшаға оралған болатын. Жергілікті Польшалық академиялардың біріне қабылданып, ол жақта Жук 13-14 жасында U-17 командаларында ойнап жүрді. Және осы жақында ғана Ла Масияға туған бауырымен бірге қайта келген болатын. Және келе сала дубль авторы атанды. Польшада оны бірден өз елінің ең үлкен таланты санады. Ойынына қарасақ Жук жас Хави Симонсты еске салады. Ол жартылай-қорғаныстың кез-келген нүктесінде ойнай алады. Допты өз бақылауында керемет ұстайды, және өте салқынқанды, алаңды да керемет көре біледі. Сонымен қатар лидерлік қасиеті де бар. Және осы жақында ғана Жук Испания U-15 құрамасына шақырту алды. Ол осы маусымда Кадет Б сапында ойнайды. Жақсы ойын өрнегін көрсетіп, талантын толық ашады деп сенеміз.

Давид Обина (2009 🇪🇸🇳🇬) – Обинаның стилі Ансу Фатиді еске салады. Шабуылды жақсы аяқтайтынымен қатар, өте жылдам ойыншы. Ампуласы – сол жақ вингер, форвард. Давид 2017 жылы Эспаньол академиясынан келіп қосылды. Өткен маусымдағы ойыны 2021/22 маусымы секілді сәтті бола қоймады, дегенмен таланттың аты талант. Жаңа маусымда сәтті ойын көрсетеді деп сенеміз, ол осы маусымда Кадет Б (U-15) сапында ойнауы тиіс.

Топ – 10🔝

🔟 – Маду Мурсия (2008 🇪🇸🇲🇱)

Маду – Ла Масиялық қабан 🐗, заманауи орталық-қорғаушы. Ол Ла Масияға 7 жасында келіп, академияның ең жас категориясынан бастаған. 2021/22 маусымда Маду Инфантиль А (U-14) сапында Андреа Наталимен қорғаныста керемет дуэт құрады, және сол маусымда 4 гол соғады. Жас талантта Испания мен Мали сапында ойнауға мүмкіндігі бар, бірақ ол қазір Испания ұлттық-құрамасында ойнайды. Ол өзі ойнаған барлық Кадет Б, Испания U-15 сынды командаларда капитан қызметін атқарады. Мурсия солақай, жалпы футболда солақай орталық-қорғаушылар тапшы, демек Мадудың мүмкіндігі көп деген сөз. Маду дене бітімі мен физикалық дайындығы бойынша қатты таң қалдырады, және өте жылдам ойыншы. Ол ұзын бойлы, күші мығым қорғаушы, қарсылас шабуылшыларымен 1-1 кездескенде жеңіле бермейді.

Ол өте агрессивті (жақсы мағынада), әрбір допқа соңына дейін таласады, нағыз заманауи қорғаушыға тән қасиеттер Мадудың бойынан табылады. Сонымен қатар академияның басқа ойыншылар секілді Мадудың да пастары керемет, ол сол аяғымен алыс пастарды өте керемет жеткізеді, және әуедегі допқа талстарда да Мурсияны жеңетін адам табыла бермейді, позицияны өте жақсы таңдайды. Ойын стилін біреулер прайм Умтитиге ұқсатады, ал басқалары Кулибали немесе Араухо дейді, жалпы кімге теңеседе жарасады. Жаңа маусымда Кадет А (U-16) сапында ойнайды.

Маду – нағыз жыртқыш. Ол сөзсіз өз поколениесіндегі ең үздік қорғаушылардың бірі. Жалпы Натали екеуі бір поколениеден, тек Натали өзінің бойының ұзындығымен, физикасымен ерекшеленіп, өзінен үлкен ойыншылармен ойнайды. Мадудың қабілеттеріне сөз жоқ, болашақта негізгі құрамға таласам дейтін ойыншылардың бірі 🦾

9️⃣ – Марк Бернал (2007 🇪🇸)

Марк – Барса Атлетиктің осы маусымдағы сенсациясы атанған ойыншы. Өз қатарластарының арасында ең бағаланбай қалған талант. Ампуласы – опорник. Оның бойы шамамен 1,86-88м, ол академияда әрқашан қатарластарынан ұзын болатын. Бернал жақында ғана клубтың басқа талантты ойыншылары Прим, Кубарси сынды ойыншылармен бірге Испания U-18 сапына шақырту алды. Ол жартылай-қорғаныстың кез-келген нүктесінде ойнай алады, бірақ бойының ұзындығына қарап оны тіреуші жартылай-қорғаушы қылған дұрыс секілді көрінеді. Оның фишкаларының бірі алыс соққылары, Бернал өте керемет соққыға ие.

Марк Хавидің шақыруымен негізгі команданың жаттығуына қатысып үлгерді. Жақында ғана Марк кәсіби футболдағы ресми деббттік ойынын өткізген болатын. Былтыр ол Кадет А (u-16) сапында ойнаған болатын, демек ол Хувениль А,Б сапында ойнамай бірден u-16 дан Барса Атлетик сапына серпіліс жасап отыр. Егер жарақаттан аман болса, алдағы 2-3 жылда Прим екеуінің бірі негізгі команданың опорнигі атанбақ. Қазір Бернал Барса Атлетиктің негізгі опорнигі, ол Примнің өзін қосалқы құрамға отырғызып үлгерді. Осы маусымда толық Барса Атлетик сапында өткізіп, негізгі команда сапында дебют жасайды деп үміттенеміз.

8️⃣ – Андреа Натали (2008 🇮🇹)

Натали – Ла Масиядағы жалғыз Италияндық ойыншы. Және осы тізімдегі Испандық азаматтығы жоқ жалғыз ойыншы. Ол Серия А деңгейінде 312 матч ойнаған қорғаушы Чезаре Наталидің ұлы. Андреа Ла Масияға 2021 жылдың жазында Эспаньол академиясынан ауысып келген. Андреа – италияндық классикалық қорғаушылар стиліндегі қорғаушы. Ампуласы – орталық қорғаушы. Өз жасы үшін өте ұзын бойға ие, бойы шамамен 1,86м. Егер клубтың Кубарси Маду сынды басқа да қорғаушылары өте агрессивті ойнаса, Натали керісінше. Ол мүлдем ереже бұзбайды десекте болады, допты қарсыластың ойын оқу, қимылын бақылау арқылы таза алып қояды. Допты өзінде өте керемет ұстайды, бұл оның артықшылықтарының бірі, және ұзын бойының арқасында екінші қабатта өте мықты ойнайды. Ұлтық-құрамада Натали Италия U-15 командасында ойнайды, және командасының капитаны. Жалпы Ла Масияға келгелі Натали тек өзінен үлкендермен ғана ойнаған. Өткен маусымда Натали Инфантиль А (U-14) сапынан Кадет А (U-16) сапына тікелей жолдама алған болатын. Ал осы маусымда Натали Хувениль Б (U-18) сапына ауысып, тағы да өзінен үлкен ойыншылармен ойнамақ.

Натали – Пау Кубарсидан кейінгі академиядағы ең талантты қорғаушы. Жарақаттан аман болса негізгі командаға келері анық💥

7️⃣ – Алеиш Гарридо (2004 🇪🇸)

Алеиш Гарридо – көпшілікке танылып үлгерген ойыншы. Өткен маусымда Ла Лига аясында негізгі команда сапындағы дебюттік ойынын өткізіп үлгерді. Өткен маусымды Гарридо сәтті өткізді десекте болады, жалпы ол өткен маусымда үш түрлі командада ойнап үлгерді, алғашында маусымды Хувениль А (U-19) сапында бастаған болатын, одан кейін Барса Атлетик сапында ойнады, сосын негізгі команда сапында дебют жасады. Өткен маусымда Гарридо Хувениль А сапында 3 ⚽️ және 10 🅰️ берген болатын. Жаңа маусымды Барса Атлетик командасымен бастады, және сөзсіз негізгі құрам ойыншысы атанды.

Алеиш Ла Масияға 2012 жылы 8 жасында қосылған. Ең алғашқы командасы академияның ең төменгі командаларының бірі Бенжамин С (u-8) болды.

Гарридо ұзақ уақыт бойы академияда Гавимен керемет тандем құрып келді. Гарридо – мини Педри десекте болады, сонымен қатар ойын стилі Модричке де ұқсайды. Оның команданың ойынына қосатын үлесі, қазіргі Педридің негізгі командаға беретін үлесімен бірдей. Гарридоның ампуласы негізінен жартылай-қорғаушы, бірақ ол жоғары көтеріліп шабуылға да жақын ойнай алады. Гарридо өте үлкен интеллектке ие, ақылды футбол ойнайды, өте керемет соңғы пастар береді. Алеиштің алаңды көруі өте керемет, ал пастары ол бөлек әңгіме.

Гарридо – бұл нағыз профессор. Ол клубтың патриоты, бала күнінен кулес, Барсада ойнауды армандап келген. Оның анасы Гарридоның танымал болғысы келмегенін және көп жерлерде жасырынып жүретінін жеткізген болатын. Өте үлкен талант, бірақ клубтағы жартылай-қорғаушылардың тым көп болуы Гарридоға қалай әсер ететіндігін көреміз.

6️⃣ – Оскар Гистау (2008 🇪🇸)

Оскар Гистау – Ла Масиядағы қарсылас айып алаңының ішінде ең керемет ойнайтын тоғыздық десек болады. Оскар Ла Масияға 2020 жылы Реустен ауысып келген. Өткен маусымда клуб Гистаудың өткізген керемет маусымы мен дене бітіміне қарап Инфантиль А сапынан бірден Кадет А сапына жіберген болатын. 2021/22 маусымда Инфантиль А сапында Оскар 17⚽️ және 5 🅰️ берген болатын.

Оскар Гистау 2022/23 маусымда Кадет А (U16) сапында:

21 ⚽️

10 🅰️

🥇 Командасы мен лигасының үздік бомбардирі

🥇 Командасының үздік ассистенті

🥈 Командадағы екінші ең жас ойыншы

🇪🇸 : Испания U-15 сапында дебют

⚽️ : Хувениль Б (U-18) сапында дебюттік ойында дебюттік гол.

Оскар – Ла Масиядан шығып жүрген тоғыздықтарға ұқсамайды, ол туылғанынан бомбардир. Оскар әріптестеріне гол пасын шығаратын шабуылшылардың қатарынан емес, ол қарсылас айып алаңының ішінде ойнайтын шабуылшы, допқа бір ғана жанасу арқылы гол соғатын форвардтардың қатарынан. Әрбір мүмкіндікті голға айналдыру оның басты қаруы, ол қандай жағдай болмасынын, қай аяғымен болмасын өзінің барлық мүмкіндігін голға айналдырады. Ол осы маусымда Хувениль Б (U-18) сапына ауысып, екінші маусым қатарынан өзінен үлкен ойыншылармен ойнамақ.

5️⃣ – Тони Ферандес (2008 🇪🇸)

Тони Фернандес – Ла Масиядағы ең талантты тоғыздық. Көп адамдар "неге Ла Масиядан жартылай-қорғаушылар шыға береді, неге тоғыздықтар шықпайды" – деп сұрайтын, ендеше міне бір емес екінші талантты шабуылшы. Иә, тағы да 2008 жылғы ойыншы, бірақ таң қалудың қажеті жоқ Ла Масиядағы 2008 жылғы поколение Еуропадағы ең үздік поколение десек те болады.

Тони өткен маусымда Кадет Б сапында 23 ойында 29 гол соқты, және 9 ассист берді. Тони тоғыздықтан бөлек, жалған тоғыздық рөлінде де ойнай алады, сонымен қатар ондық болып ойнап, позициялық футболда, ойынды жүргізетін ойыншы болып та ойнай біледі. Тони академиядағы ең талантты ойыншы саналып жүрген ойыншылардың бірі Гиле Фернандестің туыс бауыры. Ол қарсылас айып алаңында пас күтіп тұратын шабуылшы емес, ол допты іздегенді, өзінде ұстағанды ұнатады. Допты керек болса жартылай-қорғанысқа түсіп алып келеді, және прессингте де командасына өте керемет көмектеседі. Тони шабуылды керемет аяқтап қана қоймай, алыстан жақсы соққылар жасайды, және пенальтилерді де мүлтіксіз орындайды. Тони өткен маусымда Ла Масияның үздік бомбардирі атанды, академияның басқа категорияларында Тонига бәсекелесе алатын шабуылшы болмады. Бұл ойыншыда 100% клубтың ДНК-сы бар. Тони жақында ғана Хувениль Б (u-18) сапында маусымға дайындық ойындарында 2 ойында 4 гол соққан болатын.

Тони осы маусымда Хувениль Б немесе Кадет А сапында ойнайды. Негізі Гистау өзінен үлкендермен ойнап жақсы көзге түсіп жүретін, бірақ Тонидың таланты үшін Гистаудан жоғары қойдым, екеуіде өте сапалы тоғыздықтар. Жаңа маусымда Тонидан тағы да көптеген голдар мен рекордтар күтеміз, топ форвард🔥

4️⃣ – Эбрима Тункара (2010 🇪🇸🇬🇲)

Осы тізімдегі ойыншылардың ішіндегі ең жас әрі қызық ойыншылардың бірі осы Тункара болар. Иә, жасына қарап таң қалмаңыз Эбрима 2010 жылғы. Гамбиялық қаны бар бұл жас талант өз қатарында ешкімді шақ келтірмейді. Ампуласы – шабуылдаушы жартылай-қорғаушы (ЦАП). Эбрима академияға 2018 8 жасында келген.

Алғашқы маусымында ол Ла Масияда 80 гол соғып академияның ең үздік сұрмергені атанған. Эбриманың бағын ашқан турнир бұл 2021 жылы өткен "La Liga Promises" турнирі, жалпы бұл турнир Испания жастар арасындағы ең ірі турнирлердің бірі. Сол турнирде Эбрима Алевин А (U-12) сапында ойнап, жалпы турнирде 4 гол соғып үздік бомбардир атанды, және турнирді жеңіп алды. Ол турнирде Тункара өзінен үлкендермен ойнады. Араға бір жыл салып Эбрима тағы да сол турнирде жарқырады, бұл жолы Инфантиль Б (U-13) сапында. Бұл турнирде Эбрима 6 ойында 4 гол соғып, 1 голдық пас берді, және турнирдің екінші орын иегері атанды. Және әдеттегідей турнирде өзінен үлкен ойыншылармен ойнады, бұл турнир оған үлкен танымалдылық әкелді. Сол жылы ол Инфантиль Б сапындағы ең үздік ойыншы болды, лигада жалпы саны 12 гол соқты. Ал өткен маусымда ол Инфантиль А (U-14) өткізіп, командасының 3-ші үздік бомбардирі атанды, және тағы да өзінен үлкендермен ойнады.

Эбрима өз командасында жасы бойынша ең кішісі, ал дене бітімі бойынша ол барлығынан биік, әрі физикасы ең мығым ойыншы. Ол сол физикасының арқасында байқағандарыңыздай 2009 жылғы ойыншылармен ойнап келеді. Ол өз жасы үшін өте жетілген ойыншы, Эбрима алаңда керемет позициялар таңдайды, сонымен қатар оның алтын сол аяғы бар, оның сол аяқпен алыстан жасаған соққылары, қарсылас қақпашысы үшін қайтару мүмкін емес нәрсе. Оның ойыны ешқандай ойыншыға ұқсамайды. Ол өте жылдам, және технар.

Тункара осы маусымда Кадет Б (U-15) сапында 2009 жылғы ойыншылармен бірге ойнайды, жақсы нәтиже көрсетеді деп сенеміз. Және жақында ол академиядағы Михал Жук сынды талантты ойыншылармен бірге Испанияның 15 жасқа дейінгі командасына шақырту алды, тағы да өзінен үлкен ойыншылармен бірге ойнамақ.

Эбрима Тункара – сөзсіз үлкен талант. Ол академиядағы үздік деген таланттар яғни Ямал мен Гиле салған жолмен жүріп келе жатыр (оларда өз қатарларымен ешқашан ойнамаған). Тункараны бұл тізімде ойланбай үштікке қоюға болар еді, тек алдағы уақытта қалай ашылатынын ешкім білмегендіктен осы орынға жайғасты. Сөз жоқ топ талант🔝 10/10🌟

3️⃣ – Пау Прим (2006 🇪🇸)

Пау Прим – есімі аталып жүрген ойыншы. Клубта болашақта негізгі опорник болуға кандидаттардың бірі. Қазір Барса Атлетик командасында ойнап жүр. Пау амбидекстр, бұл оның басты ерекшелігі, оның оң аяғының сол аяғынан ешқандай айырмашылығы жоқ, екі аяқпен де ойнай береді. Прим алаңды керемет көреді, ойындағы темпті өте жақсы бақылауында ұстайды, ал оның алыс-жақын пастарына сөз жоқ. Пау Бернал секілді физикасы мығым, дене бітімі ірі болмаса да, опорникке қажетті қабілеттердің барлығы бар. Примнің футболдық IQ-ы академиядағы ең үздіктерінің бірі, ол нағыз Каталондық клуб стиліндегі опорник. Пау Ла Масияға 6 жасында қабылданған, академияның барлық дерлік категориясында капитандық қызмет атқарған, сонымен қатар осы жазда өткен ЕУРО U-17 турнирінде Испания ұлттық-құрамасының капитаны болып, Ямал секілді ойыншылармен бірге турнирдің қола жүлдегері атанды.

Примнің потенциалының шегі жоқ, мен үшін ол академиядағы ең талантты опорник. Жақын да ғана Испания u-18 ұлттық құрамасына шақырту алды. Осы маусымда толық Барса Атлетик сапында өткізеді.

2️⃣ – Пау Кубарси (2007 🇪🇸)

Пау Кубарси – клубтағы өз жасына қарамастан жетілген, ең талантты қорғаушы. Бұл ойыншының да аты өте көп айтылып жүр, өте талантты ойыншы. 16 жаста болғанына қарамастан негізгі команданың ойындарына шақыртылып жүр. Және жақында ғана ЧЛ 2023/24 жылғы маусымда Барселона шақырған ойыншылар тізімінен бой көрсетті, бұл 16 жасар бала үшін өте үлкен жетістік🔥 Және Хави, командасының бесінші қорғаушысы ретінде дәл осы 16 жасар жас талантты таңдады, Кубарси бұл таңдауда Файенің өзін артқа тастады.

Кубарси – физикасы мығым, өз жасына қарамастан дене бітімі жетілген нағыз заманауи қорғаушы. Ол доппен өте ұқыпты ойнайды, және командаластарына алыс-қысқа пастарды өте жақсы береді. Қорғаныс прессингінде саспайды, өз дене бітімін, физикасын қарсылас шабуылшыларына қарсы қалай пайдалану керек екенін жақсы біледі. Қорғаныста агрессивті ойнайды, әуедегі доптарға таласта өте керемет ойын өрнегін көрсетеді. Толығырақ Кубарси туралы жазған арнайы мақаламнан көре аласыз 😉

Қысқасы Кубарси Ла Масиядағы сөзсіз үздік таланттардың бірі. Ол үштікке кіруге сөзсіз лайық. Клубтың болашақ орталық-қорғаушылары өте керемет, Кубарси, Натали, Маду оған Файені қосыңыз, болашақта клубтың қорғанысына алаңдауға негіз жоқ. Алдағы 2-3 жылдықта команданың қорғанысында тек Араухо мен Кунденің ғана қалатынына сенімдімін.

1️⃣ – Гиле Фернадес (2008 🇪🇸)

Міне академияның ең үздік талантына да келдік 😍

Гиле Фернандес – сөзсіз қазіргі таңдағы Ла Масиядағы ең үздік талант. Гиле Ямалдың деңгейіндегі талант, және ол былтыр Ямал жүрген жолмен жүріп келе жатыр. Ол жақында ғана Хувениль А (u-19) сапында ресми дебют жасап, Ямалдан кейінгі дебют жасаған ең жас ойыншы атанды, 1️⃣5️⃣ жас, 7️⃣7️⃣ күн 🌟, иә ол небәрі 15 жаста ғана. Гиле Хувениль А сапында маусымға дайындық матчтарында 3 ойында 2⚽️ және 2 🅰️ берген болатын. Гиле бұл тізімдегі 2008 жылғы бесінші ойыншы, яғни тізімнің жартысы 2008 жылғы ойыншылар деген сөз. Осы маусымда Фернандес сөзсіз Хувениль А сапында ойнайды, және Барса Атлетик немесе негізгі команда сапында дебют жасауы да ғажап емес 👀

Гиле өткен маусымда Кадет А (u-16) сапында ойнаған болатын, сол маусымдағы статистикасы:

⚽️16

🅰️ 7

🥈 Лига мен командадағы 2-ші үздік бомбардир

🥉 Командасының 3-ші үздік ассистенті

🏅 Командадағы ең жас ойыншы

🏆 Marveld және Кевин де Брюйне яғни KDB Cup турнирлерінің үздік ойыншысы

🔎 Жорже Мендештің агенттігімен келісім-шарт

Гиле жоғары көтеріліп те ойнай алады және төмен түсіп ойынның темпі мен ойынның жүруіне жауап беріп те ойнай алады. Гиле Ла Масияда сирек кездесетін жартылай-қорғаушының типіне жатады, яғни заманауи жартылай-қорғаушы. Оның физикасы мығым, дене бітімі туылғанынан ірі. Сол дене бітімінің арқасында ол өз жасынан үлкен ойыншыларға қарсы ойнап жүрді. Ол ойында өзінің әрекетімен команданы шабуылға бастай алады, және 3-4 ойыншымен дуэлге түсу Гилеге мәселе емес. Ол өзінің ойынымен командаға үлкен ықпал тигізеді, өзінің ойынға ықпалы арқылы басқа ойыншылардың да деңгейін көтереді. Бұл қырлары оны Педри, КДБ секілді ойыншылармен ұқсастырады. Сонымен қатар Гиле допты өз алаңынан немесе он шақты метр жерден емін-еркін алып келе алады, Френкидің стилінде қарсыластардан өтіп кетуге қабілетті. Оның тағы бір жақсы тұсы ол жартылай-қорғаушы бола тұра, шабуылды аяқтай алады, оны статистикасынан байқасаңыздар болады. Гиле айып алаңының сыртынан да жақсы соққылар жасайды. Ойын мәнері Беллингем мен Педриге ұқсайды.

Гильермо – сөзсіз қазіргі кездегі академиядағы ең үздік талант. Оның осы маусымдағы жастар арасындағы ЧЛ-дағы ойынын көру қызық болғалы тұр. Және жақында ғана Гиле Испания u-18 командасына Пау Прим, Кубарси, Бернал сынды ойыншылармен бірге шақырту алған болатын. Ол небәрі 15 жаста, және команда да, ұлттық-құрама сапында да өзінен 2-3 жас үлкен ойыншылармен бірге ойнамақ. Гиле жайлы толығырақ арнайы мақала жазған болатынмын. Мега талант 🌟

* Ламин негізгі командада жүргендіктен, бұл тізімге қосылмады ❌