Yasmina

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін немесе Зейінін ашу үшін діни тұрғыдан жақсарту жайлы
Көпшілігіміз есте сақтау қабілетінің бұзылуына шағымданамыз, әсіресе қартайған сайын.  Есте сақтау қабілетін жақсартудың көптеген әдістері бар.  Ислам тәжірибесінде де бұл салада ұсыныстар бар.  Бастыларын сіздердің  назарынызға ұсынамыз.

ЖАТТЫ ЖАҚСАРтУДЫҢ БІРІНШІ ӘДІСІ – ОҚУ

Есте сақтауды жақсарту үшін ұқыпты болыңыз және есте сақтағыңыз келетін нәрсені қайталаңыз.  Жад, бұлшықеттер сияқты, жаттығуды қажет етеді және кез келген мәтінді үнемі есте сақтау адамның есте сақтау қабілетін нығайтады және оның динамикасына белсенді әсер етеді, есте сақтау қабілетін жақсы қалыпта ұстауға көмектеседі.  Осыған байланысты Құран оқу өте ұсынылады, өйткені

Раббымыздың алғашқы бұйрығы және Пайғамбарымызға (ﷺ) түсірген алғашқы аят: «Оқы!» болды.  Құранды оқу, жаттау және оқылған аяттарды одан әрі дұғада оқу жаттау қабілетімізге өте пайдалы әсер етеді.

ЖАТТЫ ЖАҚСАРУДЫҢ ЕКІНШІ ӘДІСІ – КҮНӘ ЖАСАМАҢЫЗ!

Ислам әдебиетінде дүниелік нәрселерге қамқорлық пен қайғыру, қышқыл алма жеу, құлпытастағы жазуларды оқу, жиі жыныстық қатынасқа түсу есте сақтау қабілетінің нашарлайтынын айтады...

✔️Бірақ, әсіресе, жадыны нашарлататын себептердің ішінде дін ғалымдары күнә жасауды ерекше атап көрсетеді.

💭Имам әш-Шафиғи тек тақуалығымен және білімімен ғана емес, сонымен қатар кемел есте сақтау қабілетімен де танымал болды.  Есте сақтау қабілетінің жақсы болғаны сонша, базарға барар жолда өзгенің әңгімесін есіне түсірмеу үшін, есінде пайдасыз әңгімемен жадына бітеліп қалмас үшін құлағын тығындауға мәжбүр болатын.  Бірде Сабақ алу үшін ол тек бір рет бір нәрсені оқып айтып беретінін тез  есіне түсіре алмай қиналады.  Онысын өзінің ұстазы Вакиуға айтып шағымданады.  Ұстазы  имам әш-Шафиғиге есте сақтау қабілетінің нашарлауының себебі оның істеген күнәсі болса керек деп жауап береді.  Осыдан кейін имам әш-Шафиғи ойланып, қандай күнә жасауы мүмкін екенін есіне түсіре бастайды.  Сосын жақында бейтаныс әйелдің табанының бір бөлігін көргенін есене түсіріп, Бірден тәубеге келіп, Алладан кешірім сұрапты, есте сақтау қабілетін  яғни жадын орнына қайта қалыптасқан.

ЖАТТЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ҮШІНШІ ӘДІСІ – ТАХАДЖУД НАМАЗ — ДҰҒА

Түнгі намазды оқу (тахажуд) – ғалымдардың айтуынша, бұл есте сақтау қабілетін жоғарылатады.

✔️Бұлай дейтінім мынадай да Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с) ның 100% нәтиже беретін  бір ұсынысын сіздергеде ұсынамын

Абдулла ибн Аббас(р.а) әл-әлден жеткен хадистің бірде: Әли Ахайлдың(р.а) бір серігі Алла елшісіне оның есте сақтау қабілетінің нашарлағанын, Құранды жаттауда туындаған қиындықтар туралы шағымданғаны айтылады.  Содан кейін Пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Жұма түні келгенде, мүмкін болса, соңғы, үшінші бөлігінде тұрыңыз, өйткені бұл дұғаның қабыл болатын уақыты және рақым болатын уақыт.   Яқуб(ғ.с) пайғабар   өзінің балаларына былай деген: «Мен сендердің жасаған күнәларың үшін  Алладан кешірімді кейін сұраймын», – деді. Бұндағы кейін дегені сол жұма түнінің үшінші бөлігін меңзеген еді.—деді.

Бұған шамаң  келмесе, түн ортасында болса да тұр, ал егер  бұны даістей алмасаң , жұма түнінің басында төрт рәкағат намазды былай оқы.

Бірінші рәкатта «ФАТИХА» сүресінен кейін «ЯСИН» сүресін,

екіншісінде «ӘД-ДУХАН» сүресін,

үшіншісінде «ӘС-СӘЖДЕ» сүресін,

төртіншісінде «ТАБАРАКА» сүресін оқы. .

Тәшәһһуд оқып болған соң, Алла Тағаланы мадақтап, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарға және басқа да пайғамбарларға салауат оқы.   Сондай-ақ барша мұсылмандар мен мұсылман әйелдерге, онымен қоса арамыздан кеткен иманды бауырларға күнәларының кешірілуін сұра.
Соңында мына дұғаны оқы:(арапшасын оқу маңызды)

«Аллаһумма бәдиъа ссамавати вал арди ҙу-л-жайали вал-икрами уәл-изати лляти лә тураму.  Асалука мен Аллаһмын, мен рахману бижәләлик уә нури важика ан тулзима кәлби хифза китабика кәмә ‘алламтани.  Варзукни ан атлувағу "ала ннахви лляҙи юрдика 'анни. Аллаһумма бадиъа ссамавати вал апди ҙул-жәйял вал-икрами вал-изати лляти лә тураму. Ва ан туфаррижа биһи 'ан кәлби Ва ан ташрия биһи ‘ән кәлби Ва ан ташрия биһәни туһиә ‘анни. , фа иннаһу лә йу’инуни’ ала-л-хәки ғайрука ва лә ютићи иллә анта Ва лә хавля валә Куввата иллля билля л-алиййи-л-’азим.”

– Ей, Хасанның әкесі, осы үш, бес немесе жеті мәрте қайтала Жұма түні, Алланың қалауымен жауап аласың.. Мені хақ дінмен жіберген Аллаға ант етемін, бұл дұға бірде-бір мүминді қапы қалдырмаған еді.
Абдуллаһ ибн Аббас(р.а) былай дейді: «Бес-жеті түн өтпеді» .

ӘЛИ-Асхаб (р.а) Пайғамбарымызға келіп былай деді: —ЯАлланың елшісі бұрын Құранның 4аяттарынан артық жаттай алмайтынмын, жатадым ау дегеннің өзінде жадымнан өшіп қалатын, Ал қазір күніне 40аят оқып жатырмын. Іштей оқығанда иллаһи кітаптарды көз алдымада тұрғандай сеземін. Ал бұрын  хадис сөздерін естігенімде сонымен амал етпек болғанымда ұмытып қалатын едім, Ал қазір тындаған хадистерімді өзіме еркін айтып қайталап жадымда әр әрпіне дейін ретімен сақталып тұратын болды деді
Бұған Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
«Ант етейін Қағбаның иесінің атына,  Хасанның әкесі. Сен муминсің   » Деді

Иә расымен біз пендеміз тек несібемізді рыздығымызды алдымызда тұрған мүмкішілікті Алланың берген нығметін әрекет етіп амал етіп ала аламыз әрекет еткенге берекет деген осы болса керек.

Мәуліттің дұшпаны кім?
Сұрақ: Мәуліт деген не? Кейбір адамдар мәуліт оқуға бидғат деп жатады, осы дұрыс па?

Жауап: Мәуліт – туылған сәт дегенді білдіреді. Мәуліт түні – Рабиул-әууәл айының 11-і мен 12-сі арасындағы түн. Пайғамбарымыздың туған күні бүкіл мұсылмандардың мейрамы.

Расулуллаһ алейһиссалам дүниеге келгенде әкесінің ағасы Әбу Ләхабтың күңі Суәйбә «Бауырың Абдуллаһ ұлды болды!» деп сүйіншілегенінде қуанып «Оған сүт беру шартымен сені азат еттім» деген еді. Осыған орай әр мәуліт түнінде Исламның ең үлкен дұшпаны болған Әбу Ләхабтың азабы жеңілдеуде. Мәуліт түнінде қуанған, ол түнге құрмет көрсеткен адамның өте көп сауапқа қауышатыны осыдан да аңғарылады. Хафыз Мұхаммед ибн Жазари Шафии былай дейді: «Әбу Ләхаб түске кіріп “Жағдайың қалай” деген сұраққа “Қатты азап тартудамын. Тек әр жылы Рабиул-әууәл айының 12-ші түнінде азабым жеңілдеуде. Расулуллаһ дүниеге келгенде сүйінші алып келген күңімді қуанғанымнан азат еткен едім. Сол үшін бұл түндерде азабым жеңілдейді” деп жауап берді.» Әбу Ләхаб секілді азғын кәпірдің азабы осы күннің құрметіне жеңілдейді де, мұсылманның күнәсі кешірілмейді ме? Бұл ұлы пайғамбардың үмбетінен болған бір мұсылман Ол туылған түнде қуанып, дұрыс жерлерге садақа беріп, ас беріп, пайғамбарға деген сүйіспеншілігін, құрметін көрсететін болса, Аллаһу та’ала оны жәннатына жібереді. (М. Насихат)

Пайғамбарымыз мәуліт түнінде сахабаларға тағам ұсынып, бала кезінде болған оқиғаларды айтып беретін еді.

Хазіреті Әбу Бәкір халифа болып тұрған кезінде сахабаларды жинап, Расулуллаһ туылған кездегі ғажайып оқиғалар жайында айтып беретін еді. Бұл кеште пайғамбарымыздың дүниеге келгенінде орын алған таңғажайып оқиғаларды, мұғжизаларды айту, тыңдау, үйрену өте сауапты амал болады. Осы күні немесе ертеңіне ораза тұту үлкен сауап болады.

Ислам ғалымдары мәуліт түніне аса мән берген. Хазреті Мәулана «Мәуліт оқылған жерден бәле-жала кетеді» деген.

Мәуліт түні Қадір түнінен кейінгі ең құнды түн. Тіпті мәуліт түнінің Қадір түнінен де құндырақ екенін айтқан ғалымдар да бар.

«Әл-Муқни», «Әл-мияр» және «Тәнуир-ул-қулуб» кітаптарында мәуліт түнінің Қадір түнінен де құнды екені айтылған. (Әд-дурәрул-мәсун)

«Аллаһу та’ала бір адамға ақындық және жазу өнерін нәсіп етсе, Расулуллаһты мақтасын, дұшпандарын жамандасын» деген хадис шәрифке мойынсұнып, ғасырлар бойы мәуліт кітаптары жазылып, оқылып келген. Пайғамбарымызды мадақтайтын түрлі мәуліт қасидалары бар. Бұл қасидалардың пайғамбарымыздың заманынан кейін жазылуы бидғат екенін көрсетпейді. Өйткені Расулуллаһ алейһиссаламды мақтау ғибадат. Қашанда оны мақтайтын қасидалар, жазбалар жазуға болады. Ал оларды оқу бидғат емес, сауап болады. Мәуліт оқу Расулуллаһ алейһиссаламның дүниеге келуін, миғражын және өмірін баяндау, Оны еске алу, Оны мақтау деген сөз. Әрбір мұсылманның пайғамбарымызды қатты жақсы көруі керек. Онсыз да бұл иманның міндеті. Қатты жақсы көру кәміл мұсылманның белгісі.

Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Мені әке-шешесінен, бала-шағасынан және барлық адамнан артық жақсы көрмеген кісі шынайы иман келтірген бола алмайды.» (Бұхари)

«Бір нәрсені қатты жақсы көрген адам, әрине, оны көп есіне алады.» (Дәйләми) (Расулуллаһты жақсы көретін адам оны көп еске алады.)

«Пайғамбарларды еске түсіру ғибадат болып саналады.» (Дәйләми) (Бұл ғибадатты өлеңдетіп айту одан да әсерлі болады. Расулуллаһ алейһиссаламның ақындары мешітте Расулуллаһты мақтап, кәпірлерді жамандап өлең айтатын еді.)

Пайғамбарымыз бұлардан хазреті Хасан бин Сабиттің өлеңдерін қатты ұнататын. Расулуллаһ алейһиссалам бұл ақынға мешітте арнайы мінбер қойдырды. Хазреті Хасан бин Сабит мінберге шығып дұшпандарды жамандап, пайғамбарымызды мақтап өлеңдететін еді. Расулуллаһ алейһиссалам оған былай дейді:

«Хасанның сөздері дұшпандарға оқ жарақатынан да әсерлі болуда.» (М. Насихат)

Бұл жөніндегі хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аллаһу та’ала Расулуллаһты мақтау және қолдау үшін Хасанды “Рухул-қудс”-пен (Жәбрейіл алейһиссаламмен) қуаттандыруда.» (Бұхари)

Пайғамбарымыз ақынның өлеңдерін ұнатып «Тістерің төгілмесін» деп дұға еткен. (Хаким)

Өлең туралы айтылған хадис шәрифтердің бірнешеуі:

«Өлеңнің әсері соншалықты, жақсы сөзді одан да жақсартады, жаман сөзді одан да жаман етеді.» (Бұхари)

«Әсерлі сөздер секілді хикметті өлеңдер де бар.» (Әбу Дауд)

«Кейбір өлеңдер, әлбетте, айдан анық хикмет болып табылады.» (Бұхари)

Уаһһабилер, мазһабсыздар Расулуллаһ алейһиссаламды мақтаған және Одан шапағат сұраған мұсылмандарды мүшрикке шығарғысы келеді. Мұны ашық айта алмағандықтан, мәулітті бидғат деп жатады. Расулуллаһты мақтау ешқашан бидғат болмаған және болмайды да. Бұл мақтаудан тек қана Аллаһ пен пайғамбарды жек көретіндер мазасызданады. Өйткені пайғамбарды Аллаһу та’аланың өзі Құран кәрімде көктерге көтеріп мақтаған:

«Біз сені әлемдерге рахмет-мейірімділік етіп жібердік.» (Әнбия 107)

«Біз сені бүкіл адамзатқа сүйіншілеуші және ескертуші ретінде жібердік.» (Сәбә 28)

«Сен үшін бітпейтін, шексіз сауап бар. Әлбетте сен ең үстем мінез-құлыққа иесің.» (Қалам 3-4)

«Раббың саған (көп ниғмет) береді, ал сен разы боласың!» (Духа 5)

«Аллаһ пен періштелері Нәбиге (пайғамбарға) салауат айтуда, ей, иман келтіргендер сендер де салауат айтыңдар!» (Ахзаб 56)

Еркек-әйел аралас отырмай, сазды аспап және басқа да харам нәрсе араластырмай Аллаһ разылығы үшін мәуліт оқу, салауат айту, тәтті тағамдар, сусындар ұсыну, жақсылықтар жасау арқылы мәуліт түнінің шүкірін орындау мүстаһаб болып табылады. («Нимәтул-кубра», «Хадиқа», «М. Насихат»)

Туған күнге мән беруді христиандар Ислам келгеннен кейін мұсылмандардан көріп үйренген. Сондықтан Иса алейһиссаламның қашан туылғанын өздері де білмейді.

Мәуліт оқудың құнды ғибадат екенін көрсету үшін Ислам ғалымдары әр түрлі тілдерде кітаптар жазған. Солардың он данасы «Кәшфуз-зунун» кітабында көрсетілген.

Хазреті Ибн Хажар Хитәмидің «Ән-нимәтул-кубра» атты мәуліт кітабы мен хазреті Имам Суютидің «Әр-рәдду ала мән әнкәра қира’атәл мәулидин-Нәби» (Мәуліт оқуға қарсы болғандарды теріске шығару) кітабы мәшһүр.

Расулуллаһ алейһиссаламды аса мақтау, махлұқтардың ең үстемі екендігін айту, Аллаһу та’аланың сүйікті пайғамбарына берген үстемдіктерін атау және одан шапағат сұрау – үлкен ғибадат. Бұған қарсы шығу барып тұрған опасыздық және қырсықтық болып табылады. Расулуллаһты мақтау, еске алудың керек екеніне дәлел ретінде Ахзаб сүресінің «Аллаһ пен періштелері Нәбиге (пайғамбарға) салауат айтуда, иман келтіргендер сендер де салауат айтыңдар!» деген 56 аяты жетпейді ме?!

Ислам ғалымдары айтады:

«Мәуліт түнінде жиналып мәуліт қасидасын оқу, дәмді тағамдар ұсыну, жақсылықтар жасау мүстаһаб болады. Салихтарға киім секілді сыйлықтар беру бұл түнге құрмет көрсету болып саналады. Осыларды Аллаһ разылығы үшін жасау өте сауапты болады.» (Ибн Баттал Малики)

«Мәуліт түнінде салихтарды жинап салауат оқу, кедейлерге ас беру әрқашан үлкен сауап. Бірақ бұларға сазды аспап секілді харам араластыру үлкен күнә болады.» (Алламә Захируддин бин Жафар)

«Мәуліт жиындарында садақа-сыйлық беру, қуанышты көрсету, харам араластырмай мәуліт қасидаларын оқыту өте сауапты болады.» (Алламә Насируддин)

«Харам араластырмай мәуліт жиынын жасау мүстаһаб болады.» (С. Ибн Мажә шәрһі)

«Саудаласпай тек Аллаһ разылығы үшін хатым немесе мәуліт оқыған хафызға, оқытқан адамның берген сыйлығын алуы жаиз (рұқсат) болады. Құран оқып сыйлық алуды кәсіпке айналдырмау керек! Өйткені әдетке айналған сыйлық шарт болған төлем ақы секілді болады.» (Дуррул мухтар)

Мәуліт түні
Мәуліт түні

Әлемдегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) 571 жылы сәуірдің 20-на сай келген Рабиул-әууәл айының 12-сі, дүйсенбі күні түнде, таңға жақын Меккеде дүниеге келді. Әр үмбетке өз пайғамбарының туылған күні мереке болып есептеледі. Бұл күн де мұсылмандардың мерекесі. Қуаныш пен шаттық күні. Әлемдегі мұсылмандар тарапынан жыл сайын бұл түн «Мәуліт түні» ретінде тойланады, барлық жерде мәуліт қасидасы, өлеңдері оқылып, Расулуллаһ еске алынады. Мәуліт – туылған сәт дегенді білдіреді.

Пайғамбарымыз мәуліт түнінде сахабаларға тағам ұсынып, бала кезінде болған оқиғаларды айтатын. Хазіреті Әбу Бәкір халифа болып тұрған кезде сахабаларды жинап, Расулуллаһ туылған кездегі ғажайып оқиғалар туралы айтатын. Бұл түні пайғамбарымыз туылған кезде байқалған құбылыстарды, мұғжизаларды айту, тыңдау, үйрену өте сауапты амалға жатады. Пайғамбарымызды мадақтайтын түрлі мәуліт қасидалары бар. «Мәуліт оқу» – пайғамбардың дүниеге келуін, миғражы мен өмірі туралы айту, оны еске түсіру, оны мадақтау дегенді білдіреді. Мәуліт түні – Қадір түнінен кейінгі ең құнды түн. Осы түнде пайғамбарымыздың туылғанына қуанғандар кешіріледі.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Мені әке-шешесінен, бала-шағасынан және барлық адамнан артық жақсы көрмеген адам шынайы иман келтірген бола алмайды.»

«Бір нәрсені қатты жақсы көрген адам, әрине, оны көп есіне алады.»

«Пайғамбарларды еске түсіру ғибадат болып саналады.»

Бұл түні сазды аспаптар және басқа да харам нәрселерді араластырмай, еркек-әйел араласпай, Аллаһ ризалығы үшін мәуліт жиындарын ұйымдастыру, мәуліт оқу, салауат айту, халыққа дәмді тағамдар ұсыну, жақсылықтар жасау мүстаһаб болады. Бұл күні Құран кәрім оқу, қаза намаздарды оқу, садақа беру, дұға оқу және Хақ та’аладан күнәларымыздың кешірілуін тілеу керек.

Соңғы күнің тапсырмасы
Ассаляму алейкум!
Бүгін қасиетті Рамазан айынын соңғы күні, бүкіл тілеген дұға-тілек,арман-мақсаттарыңызды Алла ең жақсы түрде қабыл етсін!
Келесі Рамазан айына,аман-есен жетуге жазсын🤲
Отбасыларыңызға амандық,  бақ-береке берсін Раббым! Қәуіпті қатерден, ауыру-сырқаттан, тіл көзден сақтасын!Әмин

Иә соңғы күн мен де соңғы тапсырмамды тәмамдайтын күн.

Рамазан айын шапағатын түсініп сезінуге барынша көмектесуге тырыстым шамам жеткенше. Ал енді соңғы тапсырмаларымызбен бөлісейік.

Тапсырмалар:

Мұхаммед Пайғамбарымыздың  (ﷺ) әр сүннеті біз үшін өте маңызды.
Сүннет -   бұл барлығымыз үшін өмірді пайдалы әрі жақсы өткізуде керемет нұсқаулық болмақ. Сондықтан бүгінен бастап сүнеттерді өзіңізге өмірлік тірегі етіп ұстаныңыз.

Садақа беріп ертеңгі айтқа кәдімгідей мерекеге дайындалғандай дайындалып, әшекейлеріңізді тағып, әдеміленіп, үйіңізді жинап дастархан жайып қойуға ниеттеніңіз .

Бүгінгі күн Рамазан айының соңғы күні . 30 күн. Әрбір күнде Алла Тағала 60мың құлды тозақтан азат етіп жатқанын ұмытпаңыздар. Алла баршамызды Тозақтан азат етіп, Жәннаты болуымызды нәсіп етсін.
(Олжас Ханафин) сондықтан көп дұға жасап келесі Рамазанайына аман есен жетуге дұға тілеңіз. Басқа да мұсылман бауырларымыз үшін дұға етіңіз

Пітір садақасынбермеген болсаңыз айт намазына дейін беріп үлгеріңіз.

Туыстарыңызды туғандарыңызды қонақ (зиарат) еткге ниеттеніңіз,  Хадис шәрифтерде былай делінген: «Бір дін бауырын зиярат еткен адамға бір періште "Қандай бақыттысың, сен жәннатқа кірдің" дейді. Хақ та’ала: "Мен үшін зиярат еткен пендеме жәннатта оған ұнайтын сияпаттарын беремін" дейді.» (Бәззар)

Салих достарды зиярат ету де үлкен сауап. Салих туысқандарды ең болмағанда аптада немесе айына бір зиярат етіп тұру керек, қырық күннен асырмау керек! Алыс жерде тұратын болса хатпен, телефон арқылы көңілін аулап, ренжулі болса ренішін басу керек. Зияратты тек Аллаһ разылығы үшін жасау керек. Хадисте:  «Дін бауырын Аллаһ үшін зиярат еткен әрбір мұсылманға бір періште "Бұл істегенің қандай жақсы болды, жәннат саған халал болсын" дейді. Аллаһу та’ала да: "Құлым мені зиярат етіп келді. Менің де оған сый-сияпат көрсетуіме тура келеді" дейді.» (Әбу Яла)

Отыз күн байлаулы тұрған шайтандар босасымен қайта нәпсіні алдап көңілді бұза бастайды сондықтан Көңілге мән беру керек, Көңілге төрт түрлі ой келеді. Рахманнан, періштеден, шайтаннан және нәпістен. Рахманнан келген ой ғафлеттен оятады және жаман жолдан тура жолға қауыштырады. Періштеден келген ой ғибадатқа ынталандырады. Шайтаннан келген ой күнәны әдемі етіп көрсетеді. Ал нәпістен келгені дүниенің пайдасыз нәрселерін талап еткізеді. Шайтани және нәфсани ойлардан құтылу керек ол үшін көп дұға жасаңыз Дүниені қолымнан алма жүрегіме салма деп. Жақын адамдарыңызға ренжімей кешірімді болыңыз,ренжісеңізде өкінішіңізбен тез лезде кешірім сұрай салыңыз, сонда сіз көңіліңіз тыныш болады.

Адам ораза ұстау арқылы періштелерге ұқсайды және нәпсін қинаған болады. Хадис құдсиде: «Ораза маған тән ғибадат, оның сияпатын мен беремін, оның сауабы шексіз» делінген. Хадис шәрифте: «Ораза тозақтан қорғайтын қалқан»делінген. Ораза тұтып көңілді бақытқа, тыныштыққа қауыштыру керек және шайтанның жолын жауып, оған тосқауыл жасау керек.Сондықтан Шәууал айының оразасын ұстауға ниеттеніңіз.

«Жақсылықтар жамандықтарды кетіреді. Раббысын рахаттық және молшылық кезінде зікір еткен (еске алған)адамды Аллаһу та’ала қиындық кезде құтқарады.» (Әбу Нуайм) Аллаһу Та'аланы көп еске алып дұға етуден жалықпаңыз,уақытымен Алла да сені қиындықа,бақытсыздыққа тастамайтынын түсініңіз.

Айтта балаларға,немере,бауырларыңызға көп көп тәттілер беріп Аттың құрметіне деп ұсыныңыз.

Айтта бәрінен кешірім сұрап смс пен болсын хабарламып жылы лебіщдеріңізді білдіруге тырысыңыздар. Қолдарыңыздан келсе сыйлық сыйлаңыздар.

Рамазанның соңғы күніндегі тапсырма,
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ КЕРЕК:

Истиғфар айту

Истиғфар дегеніміз – жасаған күнә мен қателіктері үшін Алла Тағаладан кешірім сұрау.
Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) “сәййдил истиғфар” (истиғфарлардың ең көркемі) деп атаған дұғасы мынандай:
“Алла Тағалам! Сен – менің Раббымсың! Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен жараттың. Мен – Сенің құлыңмын; күш қуатымның жеткенінше Сенің уәдеңе ұстануға тырысамын. Жасаған жамандықтарымның сорынан Саған сиынамын. Бойымдағы бар нығметтеріңді мойындаймын: күнәмді де мойындаймын. Мені кешір; себебі Сенен басқа ешкім күнәларды кешіре алмас”. [Бухари, Дәават, 2].

Салауат айту

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Сендер Мені еске алсаңдар, Мен де сендерді еске аламын. Маған шүкір етіңдер, күпір етпеңдер» («Бақара» сүресі, 152-аят) деп, Өзін еске алғандарды еске алып жарылқайтынын айтып, шүкір етуге бұйырған. Ал шүкір етпеу Аллаға күпір еткені екенін аңғартуда. Олай болса Раббымызға сансыз шүкірімізді арттырайық. Бүкіл әлемге рахым-мейірім етіп жіберілген Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болғай.

Дұға жасау

Тамақтанар алдында оқылатын дұға
Ей, Алла! Бізге бұл тамаққа береке бер және бізге одан жақсысын нәсіп ет.
«Аллаһуммә бәрик ләнә фиһи уә атъимнә хайрам-минһ».
Немесе, «Бисмилләһ» (Алланың атымен ) деп айтуларыңызға болады.

Алланың 8 көркем есімін жаттау

📍•Әл-Уәһһаб есімінің мағынасы (Сый беруші)
Адамдарды Өз нығметтерімен ризықтандырады. Берем деген нәрсесін береді. Кімде-кім дұғада бұл есіммен Аллаға жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды.
📍•Әл-Фаттах есімінің мағынасы (Жеңуші, Ашушы).
Асқан мейірімінен құлдарына төгіп беріп, жақсылық істейді. Шындықты әшкерелеп, өтірікті өрге асырмайды. Кімде-кім өзінің оң қолын кеудесіне қойып Алла Тағаланың бұл әдемі есімін таң намазынан кейін 70 рет қайталаса, жүрегі нұрланады, көңілі шаттанып жәй табады.
📍•Әл-Хабир есімінің мағынасы (Бәрінен хабардар)
Барлық істер оның қалауымен жасалады. Ол ешқашан хабарсыз қалмайды. Жаратушының бұл көркем есімін қайталаған адамды Алла Тағала қанағатты етеді.

📍•Әл-Хакам есімінің мағынасы (Қазы)
Кімде-кім дәрет алып осы есімді күніне 99 рет зікір етсе ,Алла Тағала сол адамның жүрегін нұрландырады.
📍•Әл-Хаким есімінің мағынасы (Даналық Иесі, қате жасаудан пәк) Қате жасау Оның даңқына сай келмейді. Ол барлық нәрсені өз орнына қояды.
"Я Хаким" деп көп мәрте қайталауды әдетке айналдырған жанға Алла Тағала білім мен хикметтің есігін ашады.
📍•Әл-Хаққ есімінің мағынасы (Шындық иесі)
Хақ Тағала әрбір нәрсені өз даналығымен жаратты. Қабірдегілерге есеп беру үшін және жәннат немесе тозаққа жіберу үшін тірілтеді.
Бұл есімді көп қайталаған адамдардың иманы берік,тұрақты болады.

📍•Әл-Халим есімінің мағынасы (Ерекше Мейірімді, Өте Жұмсақ) Азабын тездетпейді, бірақ малғұн шайтанға еріп, күнәлі іс жасағандарға азабы жақын.
"Я Халим " деп 88 мәрте қайталаған жанды Алла Тағала түрлі апаттардан қорғап табысын көбейтеді.
📍•Әл-Халиқ есімінің мағынасы (Жаратушы) Мақұлықтарын Өз еркімен жаратады. Ол әр нәрсені көркем түрде жаратады.
Кімде-кім осы есімді түнде қайталаса Алла Тағала бір періште жаратады және сол періштенің қияметке дейінгі құлшылығының сауабы сол адамға жазылады.

Кітап оқу

Шүкіршілік жазу

Әрбір кішкене болсын шүкір - Алланы еске алуыңыз. Ал Алла Тағала өзін еске алғандарды, әсте, біледі. Ендеше Алланы жиі еске алып, шүкіршілік дәптерін толтыруды жалғастыра түсіңіз.

Рамазанда бөлек шүкіршілік дәптерін жазып, әр шүкіріңізді жазып отырыңыз. Сіз шүкір еткен сайын Алла ризығын аямайды🤲

Жиырма сегіз, Жиырма тоғызыншы тапсырма.
Міне әне міне деп Рамазан айының соңғы парақтарына келіп жеттік,Рамазан айының шарапатын түсінгенге қимастық болады. Пендеміз ғой, уақытында берген нығметтің қадірін түсінбей біткенде осылай —осылай осылай істер едім кішкене тағы кұра тұрса ғой деп іштей тілеп Рамазан айымен қоштасудан бас тартып жатқандар да болар,Амал нешік берген уақыт бітті, кетті енді келер Рамазан айына аман есен жетіп сол кезде осы —осы амалды жасаймын деп жазып қойсаңызда ниеттенсеңіз де болады.Амалдар ниетке байланысты ғой.

Бірақ Шәууал айының 6күндік оразасына да ниеттенсеңіздер болар еді. Бірақ Рамазан айындағыдай ораза  сезілмейтіні анық Себбебі Рамазан айында тек нәпсіден басқа еш кедергі адам баласын арбап азғырып,шатастырмайды өз нәпсімізбен өзіміз қалып тәрбиелейтін ерекше ай ғой. Айта берсек те Рамазан айының оразасы мен құлшылық, ғибадаттарын қайталап та,айтудан жалықпас едім.Шіркін Рамазан айы жылында бір рет емес 3-4рет берсе ғой мінезіміз ғана емес адамгершілік мейіріміміз артар ма еді әттең —ай сәл тұра тұршы деп жатқан жандардың дұға тілектері қабыл, құлшылық ғибадаттары кәміл болғай. Ал енді соңғы Рамазан айында жасалатын тапсырмалар топтамасын ұсынамын.

ЕКІ КҮНДІК ТАПСЫРМАЛАР:

Рамазан айы соңғы сәттері құлшылық ғибадаттарыңызды арттырып дұғаларыңызды көбейтіңіз.

Соңғы тақ сан бойынша бүгінде қадір түні болуы мүмкін телеграм каналындағы дұға таспихтарды,зікірлерді тартып сәресін уақытына дейін құлшылық жасасаңыз болады.

Балаларыңызға немесе бауырларыңызға ораза жайлы айтыңыз! Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, сауаптар еселеніп жазылатын шарапаты мен шапағаты мол ай. Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза – тек Мен үшін.   Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін...» деп оразаның қадірі мен қасиетін баяндаған. Исламның бес парызының бірі болған оразаның осы айда орындалатыны да сондықтан. Ораза жан мен тәнді рухани тазартатын үлкен сабыр мектебі екенін бөлісуді ұмытпаңыз.

Алланы зікір етіңіздер
Жаратқанды зікірдің қандай түрімен еске алсаңыз да еш айырмашылығы жоқ. Алайда өздеріңіз білетіндей, егер зікірдің әртүрін көбірек қайталайтын болсақ, онда бұлардың әрбірі үшін сауаптың еселеніп жазылатыны аян, тиісінше, бұл сізді Аллахқа жақындатады. Бұл үшін тұрақтылық және әртүрлі Азкарларды жүйе орындау қажет. Құран Кәрімдегі Алла тағала былай деген: فَاذْكُرُونِي أَذْكُرْكُمْ وَاشْكُرُوا لِي وَلَا تَكْفُرُونِ
«Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын» (Әл-Бақара, 152-аят).
Сондай-ақ «Жүректер Алланы еске салуымен тыныштық тауып, орнығады» (Әл-Раъд, 28-аят).
«Қашан намазды орындап болсаңдар, Алланы тұрған, отырған және жамбастап жатқан хәлде еске алыңдар» (Ән-Ниса, 103-аят).

Достарыңызға хабарласып, жағдайларын сұраңыз

Алла Тағала адам баласын бір-біріне мұқтаж етіп жаратқан. Әрбір адамға қуанышы мен қайғысын бөлісетін, шерін тарқататын, мұңын шағатын, керегінде ойнап-күлетін, іс түскенде ақылдасатын дос керек. Сол үшін  халқымыз «Адамның күні адаммен» дейді.

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Сондықтан жақсы достың адам өмірінен алар орны ерекше.

Бүгін-ертеңдер көптен бері көңіл бөле алмай жүрген жақын достарыңызға, группаластарыңызға, класстастарыңызға хабарласып қал- жағдайын сұрап,  сыр шертісіп қойыңыз

Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:

Истиғфар айту

Алладан кешірім сұраудың ең жеңіл әрі қарапайым дұғасы – Истиғфар айту, яғни, «Астағфируллаһ!»деп айту. Мағынасы: «Аллаһ мені кешірсін!». Истиғфар – Алланың құлына деген үлкен мейірімі. Алла Тағала құлынан ешқашан бетбұрмайды, Оның кешірім есіктері үнемі ашық. Алла – Кешіруші, кешіргенді жақсы көреді. Сондықтан, тәубе етуді кейінге қалдырмай, дәл қазірден бастап Алланың кешіріміне ұмтылуымыз керек.

Салауат айту

Рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай гөр деп, Алладан пана тілеймін! Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен! Уа, Алла Тағалам! Сен − менің Раббымсың! Сенен басқа Тәңір жоқ. Мені Сен жараттың. Мен − Сенің құлыңмын, қолымнан келгенше Өзіңе берген уәдеме берік боламын. Істеген істерімнің кесір-кесапатынан бір Өзің сақтай гөр! Берген нығметтеріңнің бәріне шүкіршілік етемін һәм жасаған күнәларымды толық мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шынында, күнәларды Өзіңнен басқа ешкім кешіре алмайды.
Олай болса Раббымызға сансыз шүкірімізді арттырайық. Бүкіл әлемге рахым-мейірім етіп жіберілген Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болғай.

Дұға жасаңыз

Бүгін қадір түні болуы мүмкін сондықтан көп көп дұғалар жасаңыз.

РАББЫМЫЗДАН кешірім сұрап үлгеріңіздер!!!
Дұға тілектеріңіз қабыл болсын!!!

Алланың 6 көркем есімін жаттау/зікірету

🔹Әл-Уәжид есімінің мағынасы (Бай,Табушы)
Кімде кім күн сайын "Я, Уәжид"деп 14 мәрте қайталаса іздеген және жоғалтқан нәрсесін табады.
🔹Әл-Уәкил есімінің мағынасы (Басқарушы)
Бұл есім Ризық есігінің кілті іспетті.Бұл есімді көп қайталаған адамдарға Алла Тағала күтпеген уақытта көптеген мөлшердегі ризық береді.
🔹Әл-Уәли есімінің мағынасы (Қамқоршы)
Бұл есімді көп қайталаған жанды Алла Тағала қамқорлығына алады.Кез-келген істе Алланың жәрдемін алу үшін күн сайын осы есімді 56 мәрте қайталауы керек)

🔹Әл-Уәрис есімінің мағынасы(Мұра Иесі)
Барлық мұра Алла Тағалада.
Кімде-кім осы есімді 700 рет қайталаса, бай дәулетті болады.
🔹Әл-Уәсиғ есімінің мағынасы (Қорғаушы)
Ол тақуаларды (әулиелерді) жақсы көреді және оларға мықты қуат береді. Кәпірлердің беделін бұл дүниеде де, о дүниеде де түсіреді.
Бұл есімді көп қайталаған адамға Алла Тағала ризық-несібесін,білімін арттырып,ажалын кешіктіреді.
🔹Әл-Уахид есімінің мағынасы(Жалғыз)
Барлық Құдайлық сипаттар Оған тән. Одан басқа Құдай жоқ. Алла Тағала расында жалғыз, сондықтан Аллаға ғибадат етіледі.

Кітап оқу

Тахаджуд намазын оқу

Шүкіршілік жазу

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Сендер Мені еске алсаңдар, Мен де сендерді еске аламын. Маған шүкір етіңдер, күпір етпеңдер» («Бақара» сүресі, 152-аят) деп, Өзін еске алғандарды еске алып жарылқайтынын айтып, шүкір етуге бұйырған. Ал шүкір етпеу Аллаға күпір еткені екенін аңғартуда.

Жиырма алтыншы, жиырма жетінші тапсырмалар.
Әне міне деп Рамазан айының 26 күніне де келіп жеттік, яғни бүгін екінті намазынан кейін Қадір түні (Ләйлә-тул-қадр) құлшылық ғибадаттарыңызды бастап кетсеңіздер болады.

Қадір түні Рамазан айының ішіндегі,Құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аяти каримада: «Қадір түні мың айдан қайырлы»делінген. Құран кәрім Расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күндері және түндерінен іздеу керек. Сондықтан бүгінгі түнмен шектелмей,соңғы 28нен 29 қараған түнде құлшылықпен өткісеңіз болады.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та’аланың алдында ең қадірлі түн – Қадір түні». (У. Нәжат)

Екі күндік тапсырма:

Бүгін кешкі ауыз ашарға дайындалып, түніңізді құлшылықпен өткізу мақсатында жақсылап жоспар құрып алыңыз.

Қадір түні сіздің бір жылдық несібе— ырыздығыңыздың бөлінетін,бір жылдық тағдырыңыздың шешуші түн. Сондықтан қадір түніне арнайы дұғаларыңыз бен құлшылық ғибадаттарыңызды қазірден бастап дәптеріңізге жазып алыңыз.

«Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу Құран кәрімді хатым етуден де сауапты. Бұл түні қой сауымындай уақыт намаз оқу, ғибадат ету, бір ай барлық түнді ғибадатпен өткізгеннен де артық». (Тәфсири муғни) Қадір сүресін жаттаған боларсыздар соны 100рет тартып дұға жасаңыз.

Пайғамбарымыз Қадір түнінде «Аллаһумма иннәкә афуун кәримун тухиббул афуа фа’фу анни» дұғасын оқу керектігін білдірген. Мағынасы: «Ей Раббым! Сен әрине кешірімдісің. Кешіруді жақсы көресің, мені де кешір».  Бұл дұғаны әр жасаған өз дұғаларыңызға қосып,салауатты 3рет қайталау арқылы аяқтаңыз

«Мың айдан да құнды болған Қадір түнінің игілігінен мақрұм қалған адам бүкіл игіліктерден мақрұм қалған болып саналады.» (У. Нәжат)

Хазреті Айша анамызға да «13-ші түн еді, өтіп кетті, Қадір түнін жіберіп алсаң, 27-ші түні қауышасың. Ол түнді ғибадатпен өткізсең, ахиретке сапар үшін азық ретінде ол түндегі ғибадат саған жеткілікті» деді

Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:

Салауат айту

Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы Пайғамбарымыз есімін естігенде «алейһис
соләту уәс сәләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм» деп айту. Бұл жөнінде Имам Науаи: Пайғамбарға дұға салауат пен сәлем қоса айтылып жасалады. Бұл «Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер[6]»,-аятынан алынған[7],деген.
Риуаятта сахабалар пайғамбарымыздан ﷺ: уа, Алла елшісі! Сізге қалай
салауат айтамыз?,-дегенде пайғамбар ﷺ: «Аллоһумма солли ала Мұхаммадин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә солләйтә ала әли Ибраһимә, уә бәрик ала Мұхаммәдин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә бәрактә ала әли Ибраһимә, иннәкә Хамидум Мажид»,деп айтыңдар[8],-деген екен. Мағынасы: Аллаһым, Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына салауат еткендей рақымет ет.

Истиғфар айту

«Ризыққа қауышқан адам көп “әлхамдулилләһ” десін.
Ризығы азайған адам көп истиғфар (әстағфируллаһ) айтсын.
Ренжіп көңілі түскен адам “Лә хаулә уә лә қууәта иллә биллаһ” десін.» (Бәйһақи, Хатиб)
«Қиыншылыққа түскен немесе қарызданған адам мың рет “Лә хаулә уә лә қууәта иллә билләһил алиил азыйм” десе Аллаһу та’ала ісін жеңілдетеді.» (Шира)
«Ясин сүресін оқыған адамның қиыншылығы кетеді.»(Дәйләми)

Истиғфар дегеніміз – жасаған күнә мен қателіктері үшін Алла Тағаладан кешірім сұрау.
Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) “сәййдил истиғфар” (истиғфарлардың ең көркемі) деп атаған дұғасы мынандай:
“Алла Тағалам! Сен – менің Раббымсың! Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен жараттың. Мен – Сенің құлыңмын; күш қуатымның жеткенінше Сенің уәдеңе ұстануға тырысамын. Жасаған жамандықтарымның сорынан Саған сиынамын. Бойымдағы бар нығметтеріңді мойындаймын: күнәмді де мойындаймын. Мені кешір; себебі Сенен басқа ешкім күнәларды кешіре алмас”. [Бухари, Дәават, 2].

Дұға жасау

Бұл жалғанда адамзат баласы әркез екі қолын жайып аспан есіктерін қағып дұға етіп тұруға мұқтаж. Ал дұға мұсылман өмірінен ойып тұрып орын алатын маңызды құлшылық. Қажеттерді өтеушінің жанына жақындаудың бірден-бір жолы. Қаншалықты көп дұға-тілекте болсаң соншалықты Аллаға деген иманың нұрланып, тәуекелің артады.
Құранда Алла Тағала:
«Раббыларың: “Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын. Расында Маған құлшылық қылудан паңсынғандар, олар қор болып, тозаққа кіреді” дейді.
Ислам ғұламалары бұл аяттағы «құлшылық» сөзін мақсат «Дұға» деген. Себебі Алла Тағала бірінші дұғаны айтып оны қабыл ететіндігін уәде етті. Сосын дұғаны құлшылық деп атап, оны тәрк қылғанды тәкаппар деп, тозақы болатындығын ескертті.

Алланың 6 көркем есімін жаттау/зікір ету

•Ас-Самад есімінің мағынасы (Мұңсыз, Мұқтажсыз)
Кімде-кім бұл есімді күн сайын 134 қайталаса,Алладан басқа ешкімге мұқтаж болмайды.
•Әс-Сәләм есімінің мағынасы (Бейбітшіл)
Кімде-кім осы көркем есімді күнде 131 рет қайталаса, аман-сау болады және қорқыныштарынан құтылады.
Кімде-кім ауру адамға "Я, Сәләм" деп 161 рет оқып дем салса,Алла қаласа, оған шипа береді.
•Әс-Сәмиғ есімінің мағынасы (Бәрін естуші)
Кімде-кім осы есімді күнде 180 рет қайталаса,Алла Тағала барлық дұғаларын қабыл алады.

•Әт-Тәууәб есімінің мағынасы (Тәубені тез қабыл алушы)
«..Расында Ол – тәубені тез қабыл алушы әрі ерекше мейірімді» (Бақара, 37)
Осы көркем есімді көп мәрте қайталау арқылы, иншалла, алға қойған мақсаттар орындалады. Ал кімде-кім өзін жәбірлеген адамның қасында тұрып осы есімді ішінен 10 мәрте қайталаса, иншалла, жәбірлеушінің жәбірінен аман болады.
Сондай-ақ, осы көркем есімді күніне дұха намазынан кейін 360 мәрте қайталап жүрген жанды Алла Тағала шынай тәубенің жолына салады
•Әл-Уаали есімінің мағынасы(Әмірші)
Кімде-кім осы көркем есімді күн сайын 47 мәрте қайталаса,сөзі әсерлі және адамдардың сүйікті адамы болады.
•Әл-Уәдуд есімінің мағынасы(Ізгі құлдарын жақсы көруші)
Кімде-кім осы есімді күн сайын 20 рет қайталаса,адамдардың сүйіспеншілігіне бөленіп, барлық жерде құрметті болады және басқалардың дұшпандығы кетіп,арада достық сезімі орнайды.

Кітап оқу

Құран оқу (қазақша мағынасында оқысаңыз болады)

Тарауық намазын оқу

Шүкір жазу

Күніне кем дегенде 20-дан астам шүкіршілік жазыңыз!!!
Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан

«Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар» (2:152).

«Сол уақытта Раббыларың: “Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады» (14:7).

•Хадисте былай айтылған:

«Ақиқатында, әрбір желінген тілім мен әрбір жұтым үшін Алла Тағалаға шүкірлік ететін пендесіне Ол міндетті түрде разы болады»

24-25тапсырма
Қайырлы күн, ханымдар, қыз-келіншектер мен аяулы арулар!
Жақсылыққа ұмтылған ниеттеріңізге қарай, Алла ниеттеріңізді қабылдап, қуанышты жағдайларды нәсіп етсін! Бүгін бейсенбі яғни соңғы Рамазан айының жұмасына дайындықты ертеңге бүгінен дайындықты бастайтын күн.

ТАПСЫРМА:

Ертеңге ниеттеніп бүгін тазалық жасап, ертеңгі жұмаға жоспар құрыңыз.

Үй тазалағын жасағанда ниеттеніп істеріңізбі Бисмилламен бастаңыздар

Әрбір істі жасамас алдын ниетіңізді жаңалап отырыңыз!
Көп тапсырмаларды адамзаттың Ардақтысы болған, мінсіз Пайғамбарымыздың (с.а.с) әрекеттерінен алып жасап отырыңыз

Жоспарыңыз болса оны өзгертпеңіз (егерөте срочный болмаса)

Күніне ең кемінде 3 адамға көмек көрсетіңіз: балаңыз, күйеуіңіз, коллективіңіз, жолдағы бейтаныс адам, анаңыз, т.б. адам болуы мүмкін. Ең бастысы шын жүректен жасаңыз! Алла өте Әділетті: сіздің әрбір әрекетіңізді есепке алып отырады!

Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:

Истиғфар айту

Күнә істеген адам өкініп, дәрет алып намаз оқыса және күнәсының кешірілуі үшін истиғфар айтса, Алла Тағала ол күнәны әлбетте кешіреді.
Алладан кешірім сұраудың ең жеңіл әрі қарапайым дұғасы – Истиғфар айту, яғни, «Астағфируллаһ!»деп айту. Мағынасы: «Аллаһ мені кешірсін!».
Истиғфар – Алланың құлына деген үлкен мейірімі. Алла Тағала құлынан ешқашан бетбұрмайды, Оның кешірім есіктері үнемі ашық. Алла – Кешіруші, кешіргенді жақсы көреді. Сондықтан, тәубе етуді кейінге қалдырмай, дәл қазірден бастап Алланың кешіріміне ұмтылуымыз керек.

Салауат айту

Мұсылманның ең үлкен тілегі, қалауы – Қиямет күнінде Мұхаммед Пайғамбармен бірге болу. Оның қасынан артық әрі лайықты орын жоқ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Салауатты көп айтқан адам Қиямет күнінде маған ең жақын адам болады»-деген.
Біз Алланың елшісіне салауат айтқан кезде Алла Тағала бізге он есе мейірімін төгеді, жарылқайды екен.Ендеше сол сауаптан құр қалмайық!!!

Дұға

Алла Тағала «Бақара» сүресінің 186-аятында: «Егер де сенен (Мұхаммед) құлдарым Мен туралы сұраса, Мен оларға жақынмын. Менен сұраушының сұрағанын беремін. Ендеше Менің әмірімді орындасын және Маған сенсін. Мүмкін олар дұрыс жолға түсер» деген.
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала Ұялшақ
әрі Жомарт. Ол құлының созған қолдарын құр қай таруға ұялады», – деп айтқан (Әбу Дауд, Тирмизи). Келесі бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір мұсылман Алладан
күнәсіз күйде және ағайынмен араздаспастан дұға тілесе, Аллаһ оған үш нәрсенің бірін береді: сұрағанын береді немесе оны Қиямет күніне қалдырып қояды немесе сұрағанына тең келетін жамандықтан сақтайды», – деген.
1. «Я, Алла! Мені кешіре гөр, маған рақым ете гөр, мені тура жолға бастай гөр, мені Өзің оңдап, маған есендік бер. Маған ризық-несібе бер, әрі мені жоғары (дәрежеге) көтер».
«Аллаһуммә-ғфир ли, уәрхамни, уәһдини, уәжбурни, уа’афини, уәрзуқни, уәрфә-’ни».

Алланың 6 көркем есімін жаттау

Ар-Раззәқ есімі
Бұл есімді күніне 315 рет қайталаса,ризық несібесі мол болады.
Кімде-кім күнде таңғы намаздан соң 315 рет қайтпласа, Алла Тағала оған жеткілікті ризық-несібе береді.
•Ар-Рақиб есімі
Құпиясы мол және керемет қасиеті бар көркем есім.Бұл есімді әдетке айналдырып үзбей оқып жүргендер Алланың қорғауында болады.
Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап(Әл-Мусаууир, Әл-Бәри,Әл-Халиқ) деп 21 рет айтып суға дем салып ауызды сол сумен ашып,шынайы ықыласпен жалғыз Алла Тағалаға дұға етсе,Инша Алла оған Жаратушы осы есімдерінің құрметіне перзент сыйлайды.

Ар-Раууф есімі
Бұл есімді зікір етіп жүрген адамның жүрегі мейірімге толып,рухы жеңілдей түседі.
•Ар-Рахман есімі
Кімде-кім осы көркем есімді 298 рет айтып қайталаса,дүниеде және ақыретте Алланың сүйген құлы болады.
•Ар-Рахим есімі
Ерекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа мұсылмандарға мейірімді болады.
Бұл есімді рухани және материалдық ризық үшін күнде 258 рет оқуға кеңес беріледі.

Кітап оқу

Құран оқу

Тарауықнамаз оқу

Шүкіршілік жазу

Шынайы шүкіршілік – Алла Тағаланың адам пешенесіне жазған кез-келген несібесі үшін разы болу. Иман Алла Тағала нәсіп еткен кез-келген нәтиже, кез-келген жағдай үшін Оған шүкіршілік етуден тұрады. Алла Тағалаға шүкіршілік етудің себептері көп, төменде солардың бірнешеуін келтірдік:
1. Алланың нығметі шексіз.
«...Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар...» .
«Жаратушы біреу, жарата алмайтын біреумен тең бе? Енді де түсінбейсіңдер ме? Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Рас, Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. Алла (Т.) жасырын және көрнеу не істегендеріңді біледі».
Шүкіршілік білдірмеу – шайтанның жетегінде кету.

Жирма бірінші күн
Рамазан - кешірім айы, рахым айы, жақсылықтың айы, күнәлардан тазартарын мүмкіндік айы. Осындай мерекелі, керемет мүмкіндікке толы болған, сағынып күткен ай да өз мәресіне жетуге таяп қалды. Бүгін, міне, 9 күн қалды.

Бүгінгі  тапсырма:

Бүгіннен бастап кері санақ жүргіземіз. Соңғы онкүндікке өте қатты мән беру керек. Себебі осы онкүндікте Қадыр түні бар. Соңғы он күннің маңыздылығы туралы Көркем әңгіме парақщасындағы соңғы посттардағы Пайғамбарымыздың (ﷺ) мысалынан біле аласыздар!

Соңғы күндердегі истиғфарды, салауатты көбейтіңіз! Алладан көбірек сауап алып, күнәларыңыздың кешірілгенін қаласаңыз, көбірек айтыңыз!

Әр күні тоқтатпай садақа беріңіздер. Қадір түніне сәйкес келіп қалса, 83 жыл садақа бергенмен бірдей сауап аласыздар Алла қаласа)

Ата-анаңыздан, жолдасыңыздан, аға-бауыр, таныстарыңыздан, Жаратушыдан кешірім сұраңыз. Өзіңіз де сізді ашық әрі жасырын түрде ренжіткен жандар болса, кешіріңіз.

«Қадір түнін Рамазан айының соңғы он күнінің 21, 23, 25, 27 және 29 сияқты тақ түндерінде немесе соңғы түнінде іздеңдер! Сауабынан үміттеніп Қадір түнін ғибадатпен өткізген адамның күнәлары кешіріледі.» (И. Ахмед) Яғни қадыр түні кеше 20-21қараған түн болуы да мүмкін.(2нен —3не қараған түн).Келесі түн 22-23қараған түн (мамырдың 4нен—5қараған түн)қарсы алып көп көп дұға жасасаңыз болады.

Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:

Истиғфар айту

Истиғфар дұғасы мынадай: Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл һайял қайюма уа әтубу иләйһ.

Салауат айту

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Сендер Мені еске алсаңдар, Мен де сендерді еске аламын. Маған шүкір етіңдер, күпір етпеңдер» («Бақара» сүресі, 152-аят) деп, Өзін еске алғандарды еске алып жарылқайтынын айтып, шүкір етуге бұйырған. Ал шүкір етпеу Аллаға күпір еткені екенін аңғартуда. Олай болса Раббымызға сансыз шүкірімізді арттырайық. Бүкіл әлемге рахым-мейірім етіп жіберілген Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болғай.

Дұға жасау

Уайым-қайғыдан құтылу үшін оқылатын дұға
ياَ حَىُّ يَا قَيُّومُ بِرَحْمَتِكَ اَسْتَغِيثُ

Оқылуы: «Я хайю, я қайюуму. Бирахматика әстағису».

Мағынасы: «Уа, мәңгі тірі тұрушы және әр нәрсені толық меңгеруші Раббым! Сенің мейіріміңе сиынып, сенен жәрдем тілеймін».

Алланың 3 көркем есімін жаттау/зікір ету

1.—Әл-Муһәймин

Кімде кім осы есімді жазып өзімен бірге алып жүретін болса,мал-мүлкі мен ризығын Алла Тағала қорғап,сақтайды.
Кімде-кім ғұсыл алып болған соң осы есімді 100 рет қайталаса,ол адамның сыртқы келбеті нұрлы,жарқырап тұратын болады .

2.—Әл-Мутәғали

Кімде-кім осы көркем есімді күнде 551 рет айтып жүрсе,қалаған мансабы мен атақ- дәрежесіне қол жеткізеді,көтеріледі

3.—Әл-Мухи

Тірілтуші. Ол денелерге жан салып тірілтеді. Егер біреу бұл есіммен Алла Тағалаға жалбарынса, шипа табады.

Құран оқу

Кітап оқу

тарауық намазын оқу

Шүкіршілік жазу

Ибрахим сүресінде Шүкір етсеңдер арттырамын деген Алланың уәдесі бар.Әр күніңізге шүкіршілік жазуды ұмытпаңыз тек жазып қоймай жүрекпен сезініңіз.

Он тоғыз, жирмасыншы тапсырма
Уақыт деген расымен зуылдап өтіп бара жатыр: рамазанның аяқталуына 11-10 күн ғана қалды. Алда мың айдан қадірлі болған Қадір түні бар.Соған дайындық жасауды бастайық

Тапсырмалар:

Бүгінен бастап қадір сүресін жаттаңыздар, каналға салып қоямын.

Екі күнде алдында жасаған бүкіл сүнеттерді орындаңыз, сүндетпен жүру өміріңіздің принцптарын жеңілдетеді.

Жаттаған Қадір сүресін аудио жазып,инста @Lizzi_yasik парақшаға жіберсеңіз болады.

Немесе өз историянызға салып Біздің историяңызға белгілесеңіз болады. Араларыңыздан екі ханымға арнайы сыйлық береміз.

Жаттау 21не дейін жалғасады.

Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:

Салауат айту;

Салауат айтпау – сараңдық. Пайғамбарымыз ﷺ:
«Әрбір дұға-тілек аспан астында бүркеліп тұрады. Егер маған айтылған салауат келсе дұға көкке көтеріледі», – деген. Салауат айту – дұға-тілектің қабыл болуына үлкен себепкер.
Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы - Пайғамбарымыз есімін естігенде «алейһис соләту уәс сәләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм» деп айту.

Истиғфар айту

Истиғфар дегеніміз – жасаған күнә мен қателіктері үшін Алла Тағаладан кешірім сұрау.
Құран Кәрімде жасаған жаманшылықтарынан пұшайман болып тәубе және истиғфар жасағандарды мақтауда. [Әли Имран, 135].
Дерек көздерінде “истиғфар дұғасы” деген арнайы бір дұға жоқ. Алайда мазмұны жағынан “истиғфар” мағынасын білдіретін көптеген дұғалар бар. Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) “сәййдил истиғфар” (истиғфарлардың ең көркемі) деп атаған дұғасы мынандай:
“Алла Тағалам! Сен – менің Раббымсың! Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен жараттың. Мен – Сенің құлыңмын; күш қуатымның жеткенінше Сенің уәдеңе ұстануға тырысамын. Жасаған жамандықтарымның сорынан Саған сиынамын. Бойымдағы бар нығметтеріңді мойындаймын: күнәмді де мойындаймын. Мені кешір; себебі Сенен басқа ешкім күнәларды кешіре алмас”. [Бухари, Дәават, 2].

Дұға жасау

Көлікке мінген кезде айтатын дұға

Алланың атымен, Аллаға шүкір!
«Бисмилләһ(и), әлхамду лилләһ”.

Ұйықтар алдында оқылатын дұғалар

Екі алақанын біріктіре жайып, көкірек тұсына әкеледі де, кейін: «Ықылас», «Фәлақ», «Нәс» сүрелерін оқып, алақанына үрлеп дем салады. Кейін Әятул – Курсиді оқиды.

Алланың 3 көркем есімін жаттау/зікір ету

1.-"Әл-Мунтақим" есімі - кінәлілерді жазалаушы

Кімде-кім осы есімді күн сайын 630 рет қайталаса, зұлымдық пен жамандықтан қорғалады

2.-"Әл-Мусаууир" есімі - бейнелеуші, кескін-келбет беруші

Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап, "Әл-Бәри, Әл-Халиқ, Әл-Мусаууир" деп 21 рет айтып, суға дем салып, ауызды сол сумен ашып, шынайы ықыласпен жалғыз Алла Тағалаға дұға етсе,ИншАлла, оған Жаратушы осы есімдерінің құрметіне перзент сыйлайды.

3-"Әл-Мутәкәббир" есімі - нағыз ұлылық иесі.

Кімде-кім осы есімді 664 рет қайталаса, мол дәулет пен рухани кемелділікке қол жеткізеді, халықтың сүйіспеншілігіне бөленеді. Сонымен бірге игі істері мен сауаптары артады.

Кітап оқу

Құраноқу

Тарауық намаз оқу

Шүкіршілік жазу

Әр шүкіріңіз сіздің иманыңызды арттыра түседі.
Алламен байланысыңызды арттыру үшін шүкіршілік дәптеріңізге үлкен-кіші шүкіріңізді жазып отырыңыз.

17-18күндік тапсырма
Екі күндік тапсырмаларды қатарынан ұсынбақпын, себебі көбіне солай ыңғайлы сияқты,екі күнде бұл тапсырманы жаттапта аларсыздар. Бұл сіздер үшінде жақсы сияқты.Тек Алланың көркем есімдерін жаңартып салып отырайын.

Бейсенбі - Жұмаға дайындалатын дайындық күні. Яғни, мүбәрәк айдағы мүбәрәк күнді ерекше дайындықпен қарсы алу күні. Ал жұма күні арнайы көпкөпдұғажасаңыз

ТАПСЫРМАЛАР:

Үйіңізді күнде жинайтыныңыз белгілі. Алайда, бүгін ерекше тазалық жұмыстарын жүргізіңіз: аулаңызды жинаңыз, киім қоятын сөрелеріңізді жинаңыз, артық заттар болса, олардан арылыңыз, жуылатын киімдеріңіз болса, жуып тастаңыз. Жұма күні дұғалардың қабыл болатын мерзімі болғандықтан, бір сәт болса да алтын уақытыңызды құлшылыққа жұмсауға тырысыңыз.

Бейсенбі күніңізді балаңызға арнаңыз. Оған исламнан бір пайдалы нәрсе үйретіңіз: сүре жаттатыңыз, дұға жаттатыңыз, сүннетті түсіндіріңіз, Пайғамбарымыз (с.а.с) жайлы айтыңыз. Өз қалауыңызда)

Ал жұма күні бірге зікір тартыңыз.

(Алланың есімін тартқызасызба өз қалауыңыз)

Жұма күні Өмірден өткен жақын-туыстарыңызға арнап Құран бағыштаңыз, дұға жасаңыз!

Еліміз үшін де дұға жасауды ұмытпаңыз! Балаңызға да дұға тілеуді көрсетіңіз (мүмкін баланың дұғасы тіптен қабыл болар)

Кәһф сүресін оқыңыз немесе тыңдаңыз.

Алланың көркем есімдерін жаттап жүрсіздер ме?

Алла қаласа  есімдер бойынша сұрақ жауаппен тексереміз?

Сүннет амалдар

Есінеу
"Алла есінеуді ұнатпайды. Есінеу шайтаннан болатын нәрсе. Намазда есінейтін болса өз өзін ұстауға тырыссын. "Һа" деген дауыс шығарушы болмасын. Өйткені бұл шайтаннан болатын нәрсе. Бұл шайтанның оған күлуі деген сөз"

Түшкіру
"Алла Елшісі (с.а.с) түшкірген кезде жүзін киімі немесе қолдарымен жабатын. Даусын да бәсеңдететін" деген.

"Алла түшкіргенді ұнатып, есінеуді жақсы көрмейді. Кімде-кім түшкірген кезде "Әлхамдулиллаһ" десін. Оны естіген адам да "Ярхамукаллаһ" деуі қажет"

Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:

Салауат айту

Құран Кәрімде:«Расында, Алла пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер
салауат айтады. Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер»,деп әмір етілген. Алла тағаланың пайғамбарға ﷺ салауаты – періштелерге мақтауы, періштелер
салауаты – пайғамбарға дұға етуі.
Риуаятта сахабалар пайғамбарымыздан ﷺ: уа, Алла елшісі! Сізге қалай
салауат айтамыз?,-дегенде пайғамбар ﷺ:

«Аллоһумма солли ала Мұхаммадин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә солләйтә ала әли Ибраһимә, уә бәрик ала Мұхаммәдин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә бәрактә ала әли Ибраһимә, иннәкә Хамидум Мажид»,деп айтыңдар],-деген екен.

Мағынасы: Аллаһым, Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим
отбасына салауат еткендей рақымет ет. Және Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына берекет еткеніңдей береке бер. Расында, Сен Хамид (мақтаулысың) Мажид (даңқтысың).

Истиғфар айту

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мына дұғаны шынайы сеніммен таңертең оқып, сол күні кешке жетпей дүниеден озса, жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімде-кім шынайы сеніммен кешке оқып, таңға жетпей көз жұмса, ол да жұмақтық болады», − деп, осы дұғаны аузынан тастамай оқып жүретіндерді сүйіншілеген болатын.

Ә‘уузу билләһи минәш-шәйтаанир-ражиим! Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим Аллаһуммә әнтә Рабби лә иләәһә иллә әнтә Халәқтәни уә әнә ‘абдукә уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уа‘дикә мә-стәта‘ту ә‘уузу бикә мин шәрри Мә сана‘ту әбуу'у ләкә бини‘мәтикә ‘аләйя уә әбуу'у ләкә бизәнби фәғфир ли фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә әнтә (3 рет)

Дұға жасау

Үйден шыққан кезінде оқылатын дұға
Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім. Алла (Тағаланың) күш–қуатынан асатын ешқандай күш – қуат жоқ.

«Бисмилләһ, тәуәккәлту ъаләллаһ, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ».

Алланың 3 көркем есімін жаттау/зікір ету

-"Әл-Музилл" есімі - қалағанының мәртебесін төмендетуші, дәрежесін түсіруші.                          Дұшпандарды жеңу үшін осы есімді күнде 800 рет оқу керек.

- "Әл-Муғизз" есімі - қалағанын абыройлы ететін, кез-келгеннің мерейін үстем етуші.                Кімде-кім "Я, Муғиз" деп күн сайын 117 рет қайталаса, осы дүниеде және ақиретте мерейі үстем болады. Оған жаманшылық пен зәбір жасағысы келген адам ойынан бас тартуға мәжбүр болады. Өйткені, Алла Тағаланың ұлықтаған пендесін ешкім қорлай алмайды. Абырой сондай бір нұр, ол залымдардың өздерін көрсоқыр қылады.

-"Әл-Муқит" есімі - қорек беруші, пенделердің қажеттіліктерін меңгеруші, құдыретті.                                          Алла Тағала бұл есімді айтып жүруді әдетке айналдырған құлдарының ризық-несібесін жеңілдетеді, оларды әртүрлі жаманшылықтан қорғайды.

Кітап оқу

Құран оқу қазақшасында оқысаңыз болады.

Шүкіршілік жазу

Әрбір кішкене болсын шүкір - Алланы еске алуыңыз. Ал Алла Тағала өзін еске алғандарды, әсте, біледі. Ендеше Алланы жиі еске алып, шүкіршілік дәптерін толтыруды жалғастыра түсіңіз.