Таң намазы қалай оқылады?
Таң намазы: 2 ракағат сүннет, 2 ракағат парыз. Барлық дұға, сүре, тәкбір іштей айтылады (әйел адамдар үшін).
Дәрет алып, намаз көйлегімізді киеміз. Кез-келген өзіңізге ыңғайлы киіммен оқуға болады. Бірақ ол бүкіл әуретті жауып тұруы қажет және таза болуы шарт.
Жайнамазға тұрамыз, басымыз сәждеге баратын жерге қарап тұрып оқимыз, басқа жақтарға қарап, жалтақтауға болмайды.
Ең алдмен ниет етеміз:
"Ниет еттім Аллаһ разылығы үшін таң намазының 2 ракат сүннетін орындауға, жүзімді қараттым құбылаға"
"Аллаһу акбар" деп тәкбір алып қолымызды кеуде тұсқа байлаймыз, оң қол сол қолдың үстінде, саусақтар арасы жабық (ер адамдар кіндіктен төмен байлайды).
Бірінші ракатта "Сәна дұғасы" айтылады:
"Субханака Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та’ала жәддука уә ләә-иләһә ғайрук"
Бірінші ракатта "Фатиха" сүресін ағузубилляһтан бастаймыз:
“Ағузу биллаһи минәш шайтанир – ражим. Бисмиллаһир рахманир рахиим, әлхәмду лилләһи раббил ъаләмиин, әррахманир рахиим, мәлики йәумид диин иййәкә нәъбуду уәиййәкә нәстәъиин, иһдинәс сирәтал мустәқиим сирәтал ләз̃иинә әнъамтә ъаләйһим ғайрил мәғдууби ъаләйһим уәләд дооооооллиин"
Фатиха сүресінен кейін қысқа 1 сүре оқимыз:
Осы сүрелердің бірін немесе өзіңіз білетін сүре оқисыз.
"Аллаһу акбар" деп рукуғқа барамыз.
Рукуғта: "Субхана раббиәл азыим" деп үш рет айтамыз. Рукуғтан тұрғанда: "Сәми’ Аллаһу лимән хамидаһ".
"Раббәнәә уә ләкәл-хамд" деп сәждеге барамыз.
Сәждеде: "Субхана раббиял-а’лаа" деп үш рет айтып, сәждеден басымызды көтереміз. Бірер секундтан кейін қайта сәждеге барып "Субхана раббиял-а’лаа" деп 3 рет айтамыз.
"Аллаһу акбар" деп екінші ракат оқылады, тұрып бірден қол байлаймыз.
Бисмилляһтан бастап, Фатиха сүресін оқимыз. Қысқа 1 сүре оқимыз.
"Аллаһу акбар" деп рукуғқа барамыз. Рукуғта "Субхана раббиәл азыим" деп үш рет айтамыз. Рукуғтан "Сәми’ Аллаһу лимән хамидаһ" деп тұрамыз.
"Раббәнәә уә ләкәл-хамд" деп сәждеге барамыз.
Сәждеде: "Субхана раббиял-а’лаа" деп үш рет айтып, сәждеден басымызды көтереміз. Бірер секундтан кейін қайта сәждеге барып "Субхана раббиял-а’лаа" деп 3 рет айтамыз.
Сәждеден басымызды көтереміз, бірақ тұрмаймыз, отырамыз. Соңғы отырыста:
"Әттахият, Аллаһумма салли, Аллаһума барик, раббанә әтина" оқылады. Одан кейін екі жаққа сәлем беріледі. "Ассаламу алейкум уа рахматуллаһ (оң жаққа), ассаламуалейкум уа рахматуллаһ (сол жаққа)"
"Астағфируллаһ, астағфируллаһ, астағфируллаһ" деп қол жайып:
"Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икрәәм" деп дұға етеміз. Одан кейін өзіміздің дұғамызды айтсақ болады.
Дәл осылай парызын оқимыз, бірақ ниет еткенде " Ниет еттім Аллаһ разылығы үшін таң намазының 2 ракат парызын орындауға, жүзімді қараттым құбылаға" деп айтамыз.
Видеоны міндетті түрде қараймыз❤