Араб әліппесі, 2-сабақ
Ассаламу алейкум қыздар ❤
Әріптерді қайталадыңыздар ма? Дәптерлеріңізге жазып алдыңыздар деген үміттеміз. Бүгін Араб әліппесінің 2-сабағы.
Бүгін біз 4 әріп өтеміз, сондықтан жақсылап ниеттініңіздер. Аллаһым зейінімізді ашсын🤲
Араб әріптерінің біздің әріптерден айырмашылығы бар, кейбір әріптер сөздің басында басқа болып жазылады, ортасында басқа болып жазылады, соңында басқа болып жазылады. Ал кейбір әріптер барлық жерде бірдей.
Бүгін біз Мим (м) م әріпін, Тә (т) ت әріпін, Нун (н) ن әріпін, Бә (б) ب әріпін өтеміз.
Бұлардың барлығы сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында әртүрлі жазылады.
Дәптерге осылай жазып алуға кеңес береміз:
Мим (м) م әріпі:
Үстінде сызық болса (фатха) МӘ болып оқылады, астында сызық болса (кәсра) МИ болып оқылады, үстінде үтірге ұқсаған белгі болса (дамма) МУ болып оқылады, ал ортасы ашық домалақ болса (сукун) ° М әріптің өзі оқылады.
Тә (т) ت әріпі:
Нун (н) ن әріпі:
Бә (б) ب әріпі:
Барлық әріпті күніне 20-25 рет оқыңыздар. Барлығы түсінікті ме? Оқи алып жатырсыздар ма? ☺️👇