Араб әліппесі, 1-сабақ.
Ассаламу алейкум қыздар❤
Баршаңызды #Сағындырған Рамазан марафонында көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Ин шаа Аллаһ осы сабақтар сіздерге өте пайдалы болуын, қайырлы болуын тілейміз.
Бұйырса осы 1 айдың ішінде, Рамазан айында араб әліппесін толық үйренетін боламыз. Ин ша Аллаһ карантин біткеннен кейін бірден тәжуидке түссеңіздер болады. Ол үшін ең алдымен дұға етіп, Аллаһтан зейінімізді ашуын сұраймыз🌸
Себебі, араб тілі- Құран жазылған тіл. Басқа тілдерді біз меңгеріп ала беретін болсақ, араб тілін біз Аллаһтың рұқсатынсыз үйрене алмаймыз. Сол себепті дұға етеік:
"Уа Раббым, осы рамазанда өзіңе барынша жақындауымды, тау-тау сауаптардан еншілеуімді Өзің нәсіп ете гөр, Өзіңнің разылығың үшін білім алуға ниет еттім. Ниетімді қабыл етіп, осы білімдерге менің жүрегімді аш, зейінімді аш Аллаһым. Қасиетті Құран жазылған тілді үйренуіме рұқсат ет, Өзіңе барынша жақындауымды нәсіп ете гөр, амин" өз дұғаларыңызды да айтсаңыздар болады☺️
Барлығын дәптерге жазып жүріңіздер, дәптерге жазған кезде оң жақтан сол жаққа қарай жазамыз. Егер де сізде үйіңізде "Мұғалім сәни" кітабы болса, тіпті керемет, сол кітап бойынша үйренеміз ин шаа Аллаһ💕
Олай болса, бисмилляһ
Араб әліппесі 28 әріптен және (екі әріптің қосындысы) ӘлифЛям әріпінен тұрады, барлығы- 29 әріп.
Төмендегі видеоны көріп, дәптеріңізге әріптерді жазып алыңыз. Дәптеріңізге жазар кезде астындағы суретке назараударыңыз, әріптер сызық бойымен қалай орналасу керек екені көрсетілген🌸
Араб әліппесінде "Харакаттар" деген ұғым бар.
✅Қысқа дауыстыларды білдіретін әріп үстінен және астынан қойылатын белгілер- харакаттар.
1. Әріптің үстіне қойған сызықты ` "фатха" деп атайды, ол жіңішке әріптермен келсе "ә", ал жуан әріптермен келсе "а" болып оқылады.
2. Әріптің астына қойған сызықты , "кәсра" деп атайды, ол "и" болып оқылады.
3. Әріптің үстіне қойған үтірге ұқсаған белгіні "дамма" деп атайды, ол "у" болып оқылады.
4. "Сукун" белгісі, дауыссыз әріптің үстіне қойылады ° бұл белгі тұрған әріптің өзі оқылады.
Енді алғашқы әріптерімізді оқып көрейік:
1-әріп: Әлиф
2-әріп: Ро
3-әріп: Зә
Келесі сабақ, бейсенбі күні 28.04. Оған лецін әрбір әріпті 20-25 рет күніне оқыңыз❤