March 10

Сызықтық алгоритмдерді программалау

Сызықтық құрылым алгоритмі (Алгоритм линейной структуры; serial algorithm) — тармақталу мен қайталану әрекеттері жоқ бір сызық бойында орналасқан алгоритм түрі. Барлық әрекеттер тізбектеліп бірінен кейін бірі алгоритм схемасында берілген табиғи реттілікпен орындалатын алгоритм құрылымы.

Сызықтық программа деп шартты тексеру, тармақталу және қайталану операторлары жоқ, енгізу, шығару операторларынан және орындау командаларынан тұратын, қарапайм программаны айтамыз.

Программалау тілін пайдаланып, компьютерге мәліметтерді енгізуге, өңдеуге, өңделген нәтижелерді экранға шығаруға немесе файлға жазуға болады.

Мысал:Тіктөрбұрыштың ұзындығы мен ені берілген. Ауданын табыңыз:

a=int(input("a="))
b=int(input("b="))
S=a*b
print(S)