May 14

𝓐𝓻𝓪𝓶𝔂𝔃𝓭𝓪𝓰𝔂 𝓺𝓾𝓹𝓲𝓪

𝑩𝒚: 𝒂𝒊𝒅𝒐𝒔𝒉 ✨

𝟮-𝗯𝗼𝗹𝗶𝗺

Таң баяу атты. Терезеден түскен бозғылт жарық бөлменің ішін ақырын ғана жарықтандырып тұр. Әдетте таңды жақсы көретін Алина бүгін алғаш рет күннің шыққанын жек көргендей еді. Түнімен көз ілмегені бірден байқалады. Көзінің асты сәл қарайып кеткен, шашы да реттелмеген күйі иығына түсіп тұр. Ол әлі де төсегінің шетінде үнсіз отырған.

Кешегі болған жайттар санасынан кетер емес. Әкесінің ауыр даусы. Анасының көзіндегі шарасыздық. «Бұл келісім бәрін құтқарады» деген сөздер.Бірақ оның ойын мазалаған бір ғана нәрсе бар еді.Абулхаир.Ол есімді естіген сәттен бастап жүрегі біртүрлі мазасызданып кеткен.Неге?..

Алина көзін жұмып, есіне түсіруге тырысты. Бірақ ойы бытырап кете береді. Тек көмескі бір сезім ғана бар. Өте таныс, бірақ алыстап кеткендей.

— Алина… — анасының жұмсақ даусы естілді. — Төменге түсіп, таңғы ас ішіп алшы.

— Тәбетім жоқ…

Анасы бір сәт үнсіз қалды. Сосын ақырын ғана: — Бәрі жақсы болады… — деді.

Бірақ ол сөздің өзіне сенбейтіндей шықты.Есік жабылған соң, бөлме қайтадан тыныштыққа көмілді. Алина терезеге қарап ұзақ отырды. Сыртта адамдардың өмірі әдеттегідей өтіп жатыр. Ал оның өмірі бір түнде өзгеріп кеткендей.

Түске қарай телефоны безілдеп қоя берді.Трубканы алғаны сол еді:

— Сен трубканы неге алмайсың?! — деген таныс дауыс естілді.

Жанна.Алинаның бала күнінен келе жатқан жан дегенде жалғыз құрбысы.Қуанышта да қиындықта да ол әрдайым Алинамен бірге еді.

Алина еріксіз күлімсіреп жіберді.

— Не болды? Жәй ғана ұйықтап жатыр едім...

— Сен бе? Ұйықтау? Ертегі айтпа.-деді құрбысының бұндай уақытта тұрып алатынын білген соң.

— Жә,оны қойшы неге хабарластың?-деді теманы басқаға аударып.

— Саған супер-пупер жаңалығым бар,қазір саған бара жатырмын.1сағаттарда сенің жаныңда боламыын.

Бір сағаттан кейін Жанна үйіне жетіп келді. Әдеттегідей көңілді. Бірақ Алинаны көрген бетте күлкісі бірден басылып қалды.

— Ойбай… сен вообще ұйықтамағансың ғой.Ещё ұйықтап жаттым деп қояды.

Алинаның көзі

Алина үнсіз ғана иығын көтерді.

Жанна оның жанына отырып: — Енді айт. Не болды? — деді жай дауыспен.

Алғашында Алина үндемей отырды. Бірақ ішіне жиналғанының бәрі ақырындап сыртқа шыға бастады. Ол кешегі әңгімені түгел айтып берді. Келісім жайлы. Той жайлы. Өзі мүлде көрмеген адамға тұрмысқа шығатынын.Жанна шок болып біраз уақыт үнсіз қалды.

— Тоқта… сен шынымен күйеуіңді әлі көрмедің бе?

— Жоқ.

— Бұл вообще дорама ма?.. — деді Жанна сенбей.

Алина ащы күліп жіберді.

— Менің өмірім дорама болып кетті.

Біраз уақыттан кейін Жанна орнынан атып тұрды.

— Ал сен дайынсың ба?

— Қайда?

—Қайдасы нес құдай ау,тойға.

— Жоқ...

— Жоқ, болды. Қазір екеуміз дайындаламыз. Үйде отыра берсең, жынданып кетесің.

— Жанна...

— Тұр тұр тұр,может жігіт жолдас красавчик шығар-деп әзілдерді.Бұған Алина еріксіз жымиып қойды.

Үлкен bridal salon-ның іші жарқырап тұр. Ақ көйлектер жан-жағына ілініп, дәл ертегідей көрінеді. Бірақ Алинаның көңілі ғана бұл жерге мүлде сай емес еді.Жанна болса, керісінше, бүкіл салонды басына көтеріп жүргендей.

— МЫНАНЫ КИІП КӨР! ЖООҚ, МЫНАСЫ ӘДЕМІРЕК!

Бірнеше көйлектен кейін ол ақырын ғана ұзын, нәзік көйлекті киіп шықты. Жұқа матасы иығынан әдемі түсіп, белін нәзік етіп көрсетіп тұр.Айна алдына шыққан сәтте бәрі үнсіз қалды.

Жанна көзі жайнап: — Алина… сен прям киноның главная героинясындайсың, — деді.

Бірақ Алина айнадағы өзіне қарап тұрып, жүрегінің неге ауырлап кеткенін түсінбеді.Бұл оның армандаған тойы емес еді…

Кешке қарай екеуі Алинаның бөлмесінде отырды. Терезенің сыртында қала шамдары жымыңдап тұр. Жанна төсекте жатып алып, төбеге қарап сөйлеп жатыр.

— Қорқып тұрсың ба?

Алина біраз үндемей қалды.

— Иә…

— Мүмкін бәрі жаман болмайтын шығар?

— Мен мүлде танымайтын адамға тұрмысқа шығып жатырмын, Жанна…

Даусы дірілдеп кетті.

Жанна оның қолынан ұстап: — Не болса да, мен сенің жаныңдамын, — деді жай ғана.—Ей тоқта, хотя бы атын білетін шығарсың?

—Ия,білем... Абулхайыр...

—Не? Абулхайыр? Әлгі ол сені....-дей бергенде Алина сөзін бөліп:

—Жанна! Ол туралы сөйлескім де келмейді!

— Ойбай ок ок.

Сол түні Жанна Алинамен бірге қалып қойды.

Таң қайта атты.Бүгін — той күні.

Алинаның жүрегі таң атқалы бері тынымсыз соғып тұр. Терезеден түскен күн сәулесі бөлмені жарық қылып тұрса да, оның ішіндегі қорқынышты ештеңе сейілте алмады.

Төменде адамдардың дауыстары, ыдыстардың сыңғыры, визажистердің жүгірген қадамдары — бәрі араласып кеткен. Үй іші у-шу.

Бірі шашын жасап жатыр. Бірі көйлегін дайындауда. Бірі қонақтар жайлы айтып әлек.

Ал Алина болса айна алдында үнсіз отыр.Ақ көйлек.Ұзын фата.Әдемі макияж.Сырттай қарағанда ол нағыз бақытты қалыңдық сияқты.Бірақ ішінде дауыл болып жатқанын ешкім байқамайтын еді.Ең қорқыныштысы…

Ол әлі де күйеуін көрген жоқ.Тіпті оның түрін де білмейді.Сол сәтте гримерка бөлмесінің есігі ақырын ашылды.Ішке біреу кірді.Алина айна арқылы оған бейжай қарамақ болған. Бірақ келесі секундта оның көзі үлкейіп кетті.Денесі қимылсыз қатып қалғандай.

— Сен?.. — деген сыбыр еріксіз ернінен шығып кетті.

2-бөлім аяқталды,келесі бөлім үшін реакция басыңдар 🪷🫶🏻🫰🏻