May 18

𝓐𝓻𝓪𝓶𝔂𝔃𝓭𝓪𝓰𝔂 𝓶𝓪𝓱𝓪𝓫𝓫𝓪𝓽

𝟰-𝗯𝗼𝗹𝗶𝗺

𝐁𝐲: 𝐚𝐢𝐝𝐨𝐬𝐡 ✨

Той күні өткеніне ровна 1 айдай болды.Бұл уақытта Абулхайыр мен Алинаның ара қатынасы бұрынғыдан бір сатыға болсын көтерілген еді.Басында Айлин Абулхайырға «я,жоқ,мм,ок» деп жауап беретін тіпті жауапта бермейтін (игнор) алайда қазір екеуі жақсы.Айлин оған қайта сеніп келе жатқандай еді.

Бірге тамақтану,бірге теледидар көру,т.б шаруалар құдды оларды жақындастырады.

Таң баяу атып келе жатты. Көкжиек қызғылт түске боялып, күннің алтын сәулесі айналаны жылы нұрға толтырды. Салқын самал есіп, тыныштықтың өзі ерекше әдемі сезілді.

Алина көзін ашқан бетте біраз ойланып жатты,«мен неге оны кешірдім?оның маған істегенін ұмыта алмаймын бірақ оны жеке көре де алмаймын блять,сука» деген ойлар жүрегін қысып жіберді. Ол бірден орнынан тұрып, айна алдына барып шашын жинай бастады. Бірақ қолы дірілдеп тұрғанын өзі де байқап қалды.Бірақ неге екенін білмейді.Тап бір бүгін жаман күн болатын секілді....

Төменге түскенде ас үйде Абулхаир отырған екен.Екеуі бір-біріне бір секунд қарап қалды да, бірден көздерін алып қашты.

— Қайырлы таң, — деді Абу ақырын.

— Сағанда...

Алина тек солай жауап беріп, үстелдің екінші жағына барып отырды.Ас үй тым тыныш. Тек қасықтың дыбысы ғана естіледі.Абулхаир анда-санда оған қарап қояды. Бірақ Алина телефоннан бас көтермей отыр.Бір кезде Абу орнынан тұрып, оның жанына жақындады.Алина бірден орнынан сәл алыстап кетті.Абудың жанары ауырланып кетті.

— Алина қашанғы осылай жүре береміз?...

— Егер қайта арамызды суытып алғың келмесе бастама!

— Бастама дегенде енді өмір бақи....-дей бергенде Алина:

— Абу!

— Не Абу? Сенен қаншама рет кешірім сұрадым ғой,ал сен оны қыстырып отқан жоқсың.

— Сен қанша кешірім сұрағаныңмен менің қыздығым қайтып келе ма Абу? саған деген сенімім қайтып келе ма?

— Ол кезде.....кешірші өтінемін....

— Ойланып көрем.

Бұл жауап Абуды одан сайын үнсіз қалдырды.Түске қарай Алина үйде жалғыз қалды. Абулхаир бір жаққа кеткен.Үй тым үлкен болғандықтан, жалғыздық одан сайын сезіледі.Ол диванда телефон қарап отырған кезде, бір хабарлама келді.Белгісіз номер.

«Сен Абулхаирды шынымен танимын деп ойлайсың ба? Оның немен айналысатынын білсем деп ойлайсың ба?..»

Алина қабағын түйіп, экранға қарап қалды.Артынша тағы бір фото келді.Суретте Абулхаир бір қызбен құшақтасып тұр.

Бірақ ең қорқыныштысы — фото жаңа сияқты еді.Алинаның тынысы тарылып кетті.Абулхаир кіріп келе жатты.Ал Алина қолындағы телефонды баяу төмен түсіріп, оған шок болып қарап қалды…

Абулхаир есікті жауып, әдеттегідей сабырлы кейіппен ішке кірді. Бірақ Алинаның түрін көрген сәтте тоқтап қалды.Оның жүзі аппақ болып кеткен. Ал қолындағы телефон дірілдеп тұр.

— Не болды?..

Алина үндеместен телефонды оған қарай созды.Абудың көзі экранға түскен бетте қабағы түйіліп кетті.Бөлме іші лезде ауыр тыныштыққа толды.

— Бұл не?.. — деді Алина ақырын ғана.

Абулхаир бірден жауап бермеді.Сол үндемегені Алинаны одан сайын ашуландырып жіберді.Бірақ неге ашуланып тұрғанын өзі де білмейді.

— СЕНЕН СҰРАП ТҰРМЫН!

— Алина, бұл сен ойлағандай емес.

Алина ащы күліп жіберді.

— Серьезно?.. Осы сөзді айтатындарыңды білгем.

Ол орнынан тұрып, оған жақындай түсті.

— Мен саған сенуге тырысып едім.

— Мен өтірік айтып тұрған жоқпын.

— Онда түсіндір!

Абулхаир ауыр дем шығарды да, диванға баяу отырды. Бір сәтке ол қатты шаршаған адамға ұқсап кетті.

— Ол ескі фото.

— Маған ақымақ сияқты қарама.Мені алдаймын деме!

Алина экранды қайта қосты.

— Киімің дәл бүгінгідей. Сағатың да сол.

Абудың көзі бір секундқа өзгеріп кетті.Алина соны байқап қалды.Жүрегі мұздап кеткендей болды.

— Демек… бұл жаңа фото ғой?..

Абулхаир үндемеді.

Алина ішінде бір нәрсе сынып кеткенін сезгендей еді.Бірақ неге олай екенін өзі де білмейді.

(ДОСТАР МЫНАНЫ ҰЙҚЫМ КЕЛІП,ҰЙЫҚТАП ҚАЛАЙЫН ДЕП ЖАЗЫП ЖАТЫРМЫН СЛИШКОМ ҚИЯЛИИ БОП КЕТСЕ МӘН БЕРМЕҢДЕР)

Арада біраз сағаттар өтті, кеш болды.Алина бөлмесінен әлі шықпады.Ал Абулхаир төменде біреумен телефон арқылы ұрысып жүрген.

— Мен саған оны араластырма дедім ғой!

Даусы қатты шыққандықтан, Алина еріксіз есікке жақындады.

— Егер ол бірдеңе біліп қойса, бәрің бітесіңдер, түсіндің бе?!

Алина жүрегінің дүрсілін сезді.Бірнәрсе құлағандай.Артынша үйдің сигнализациясы іске қосылды.Алина шошып кетті.Төменнен Абудың даусы шықты:

— АЛИНА! БӨЛМЕҢНЕН ШЫҚПА!

Бірақ дәл сол кезде оның бөлме есігінің тұтқасы баяу қозғала бастады…

Мәә жазып бітірем дегенше көзім мың рет жұмылып ашылған шығар.Келесі бөлім үшін реакция басыңдар 🪷 🫶🏻 🫰🏻