𝓐𝓻𝓪𝓶𝔂𝔃𝓭𝓪𝓰𝔂 𝓺𝓾𝓹𝓲𝓪
Күн әдеттегідей басталған. Бірақ дәл сол күннің кешке қарай біреудің тағдырын өзгертетінін ешкім сезбеген еді.
Таңғы күннің жұмсақ сәулесі ақ перденің арасынан сырғып өтіп, бөлменің ішін алтын түске бояп тұрды. Терезе алдында тұрған ақ раушандар самалмен баяу тербеліп, бөлмеге нәзік хош иіс таратып жатқан. Қабырғадағы кішкентай шамдар әлі сөнбеген — түнде жұлдыздай жымыңдап тұрған жарықтар бөлмеге ерекше жылылық беретін.
Алина төсегінің үстінде етпетінен жатып, телефонын қарап отырған. Ұзын қара шашы жастықтың бетіне толқындай шашылып қалған. Таңғы ұйқыдан кейінгі сәл тарқамаған шашының өзі оған жарасып тұр. Үстінде кең ақ свитер, жалаң аяқ. Терезеден түскен жарық оның аппақ жүзін одан сайын жұмсартып, қоңыр көздерін балдай жылтыратып жіберген.Ол телефоннан бірнәрсе көріп күліп қойып, сосын ернін тістеп ойланып қалды.Сол сәтте есік ақырын қағылды.
— Алина? — анасының жұмсақ даусы естілді.
Есіктен анасы кірді. Үстінде ашық түсті үй көйлегі, қолында бір бума тізім.
— Кешке қонақтар келеді, қызым. Үйді реттеп, дастарханды жақсылап дайындау керек.Алина жалт қарады.
Анасы көп нәрсе айтпастан, тек жымиып шығып кетті. Бірақ әлгі жымиыстың астарында біртүрлі қобалжу бар еді.Алина иығын қиқаң еткізіп, төсектен тұрды.Түске қарай үйдің іші мүлде өзгеріп кеткен.Асүйден ваниль мен жаңа піскен қамырдың иісі шығып тұр. Пештің әйнегі буланып кеткен. Алина жеңін түріп алып, қамыр илеп жатыр. Ұн оның бетіне жұғып қалғанын өзі де байқамаған.Терезеден түскен күн сәулесі асүй үстеліндегі құлпынайларға түсіп, оларды асыл тас секілді жарқыратып жіберген.
— Ай, күйдіріп алма! — деді анасы күлген күйі.
Алина пештен бәліштерді шығарып, үстіне қант ұнтағын сеуіп қойды. Артынша шоколадты торттың кремін тегістеп, құлпынаймен безендірді.Ыстық шайдың буы көтеріліп, ыдыстардың сылдыры естіліп жатты.
Кешке қарай үлкен үй мүлде ертегідегідей болып кеткен еді. Хрусталь шамдардың жарығы мәрмәр еденге шағылысып, дастархан үстіндегі ыдыстар жылтырап тұрды. Үлкен үстелге түрлі тағамдар қойылған: қызыл жемістер, тәттілер, ыстық тағамдар…
Алина үстіңгі қабаттағы бөлмесінде айна алдында тұрды.Үстінде қарапайым болса да өте әдемі ашық крем түсті көйлек. Беліне дәл келіп тұр. Ұзын шашы толқындатып қойылған. Құлағындағы кішкентай інжу сырғалар ғана оның сұлулығын одан сайын нәзік етіп көрсеткен.Төменнен әкесінің даусы естілді.
Ол терең тыныс алып, баспалдақпен төмен түсті.Сол сәтте есік қоңырауы соғылды.Үйге орта жастағы ерлі-зайыптылар кірді. Киімдері қымбат, өздері тым салмақты. Ер адам әкесімен қатты құшақтасып амандасты.
Бәрі дастархан басына жайғасты.Алғашында әңгіме кәдімгідей басталды. Бизнес. Жұмыс. Жағдай.Бірақ уақыт өте ауа өзгере бастады.Алинаның әкесі үнсізденіп кетті.Әлгі ер адам шай кесесін үстелге баяу қойды.
— Жасырмай айтайын… компанияның жағдайы қиындап бара жатыр.
Үй іші тым-тырыс болып қалды.Анасы алақанын қысып отыр.
— Қалай?.. — деді әкесі ақырын.
— Ұлымыз бар. Сендердің қыздарың бар. Келісіммен неке.
Бөлме іші мұздап кеткендей болды.Алинаның жүрегі бір сәтке тоқтап қалғандай.
Анасы көзін тайдырып әкеге қарады.Әкесі ауыр күрсінді.
— Жоқ, күте тұрыңыздар… бұл қалжың ба?
— Бұл — екі отбасы үшін де тиімді шешім, — деді әйел сабырмен.
Ешкім үндемеді.Сонда ғана бәрі шын екенін түсінді.Әкесі орнынан тұрып, қызына жақындады.
— Қызым… менің басқа амалым қалмады.Компания құласа… бәрінен айырыламыз.
— Сонда… мені сатып жібересіз бе?..
Үнсіздік.Тек сағаттың тықылы естіледі.Әлгі ер адам құжат салынған папканы үстел үстіне қойды.
— Егер келіссеңіздер… ертеңнен бастап барлық мәселе шешіледі.
Алина әкесіне қарады.Әкесі көзін көтере алмады.Сол сәтте бәрі шешіліп қойғанын ол түсінді.Тіпті өз пікірін сұрамаған да.
— Абулхайыр...ол ертең немесе арғы күні келеді.Тойды барынша тез өткізсек, соғұрлым екі жаққа да пайда тиеді.
Бұл сөзді естіген Алинаның іші күйреп кеткендей болды,алайда одан бұрын Абулхайыр деген есім оған таныс көрінді, құдды бір оның бір танысы секілді...
Осымен 1-бөлім аяқталды,келесі бөлім үшін реакция басыңдар☺️❤️