Мәншүк Мәметова соғысқа неге өзі сұранып барды?
Мәншүктің ата-анасы азан шақырып қойған есімі – Мәнсия. Анасы бала күнінде еркелетіп "Моншағым" деп, кейін Мәнсияның атын айтуға тілі келмей өзін "Мәншүк" деп кетеді.
Мәншүкті кішкентай кезінде перзент сүйе алмай жүрген туыстары Ахмет пен Әмина Мәметовтер асырап алады. Мәншүктің ата-анасы бұл өтінішті қабылдап, қыздарының қалалы жерде оқып, білімді азаматтардың қолында тәрбиеленуін жөн көреді.
Мәншүк 1931-1938 жылдары Алматы қаласындағы №28 мектепте білім алады. Осы жылдар ішінде Мәншүктің туған анасы мен әкесі бірінен кейін бірі көз жұмады.
1938 жылы дәрігер Ахмет Мәметовке "халық жауы" деген жала жабылып, ату жазасына кесіледі. Анасы Әминаның да басқан ізі аңдулы болып, Мәншүк соғысқа дейінгі жылдары көп қиындық көреді. Жесір әйелден барша дос-жараны теріс бұрылады.
Соғыс басталған кезде Мәншүк айдаудағы жақын адамын құтқару үшін майданға аттанады. Себебі ел арасында "халық жауының" балалары өз еркімен майданға аттанса, ата-анасының бар жазасы кешіріледі" деген сөз тарады. Осы сөз құлағына тигелі Мәншүк бір жыл бойы әскери комиссариатқа әскерге бару туралы өтініш жазады. Бірақ бұл кезде Ахмет атылып кеткенін Мәншүк оны білмеген еді.
Мәншүк тек 1942 жылдың 13 тамызында соғысқа аттанып, 1943 жылдың 15 қазанында ерлікпен қаза тапты.
Арада 6 ай өткен соң кеңес одағының батыры атағы берілді.
©Sputnik