April 1, 2020

1-күн тапсырмасы:

🔸1) Таңертең 4.00-6.00 аралығында ұйқыдан тұрып, шүкіршілік дұғасын айтамыз. Содан кейін чатқа "Қайырлы таң!" деп жазып жіберуді ұмытпаймыз.

🔺Осы уақыттан кеш жазсаңыз, бұл тапсырманы орындаған болып саналмайсыз.

Одан кейін телефонды шетке ысырып қойып, таңғы пайдалы әдеттерді іске асырамыз. Мысалы, жылы су ішу; таңғы гимнастика; түнгі намазды оқу; дұғалар оқу; т.б. Бұл істерді жасағанымыз туралы есеп бермейміз. Мұндағы мақсат - ерте тұруды әдетке айналдыру. Ал ерте тұрғасын өзіңізге пайдалы істерді атқара бересіз.

🔸2) Құран оқу немесе тыңдау.

Құрансыз бір күніміз өтпейтіндей әдет қалдырып алуымыз екі дүниеміз үшін де пайдалы болары сөзсіз. Құран - Алланың бізге, яғни әрқайсысымызға тікелей айтылған сөзі. Құранда "Жүректер Алланы еске алғанда ғана тыныштық табады" деген аят бар. Осындай өзімізге берілген үлкен нығметті, Аллаға жақын болудың бірден бір жолын пайдаланбай, көбінесе шетке ысырып қойып жатамыз. Осыған дейін білместікпен, маңыздылығына аса мән бермей келген болсақ, бұдан былай бұл олқылықтың да орнын толтыруға тырысамыз.

Әркім шамасына, жағдайына қарай күніне 5-10 аятты аудармасымен бірге оқиды. Арабша оқуды әлі білмейтін болсаңыз, MyQuran қосымшасын жүктеп алып, қазақша немесе орысша аудармасын оқисыз немесе аудиосын тыңдайсыз.

🔸3) Әр намаздан кейін 100 рет кешірім сұрау дұғасын және 100 рет салауат айту. Әлі намаз оқуды бастамаған жандар күні бойы арнайы 5 минутыңызды бөліп, 100-ден 5 рет айтсаңыз да немесе бірден 500 рет айтуыңызға да болады.

🔸4) Садақа беру. Кез-келген мешіт, медресе салдыруға немесе мұқтаж жандарға жинап жатқан счетқа күніне 100 теңге жіберу. Ешкімге қиын емес деп ойлаймын. Отчет жіберу міндетті емес!

Бұл жерде маңыздысы тұрақтылық, Алла Тағала аз болса да, үнемі жасалынып тұратын істерді жақсы көреді.

🔸5) Жоспарыңыздағы істерді жасау.

Бұл - күнделікті тапсырмалар, бұдан бөлек, күнде 1 қосымша тапсырма беріп отырамын.

Ертеңге қосымша тапсырма:

🔸 6) "Түнгі намаздың қасиеті" туралы 16 минуттық уағызды тыңдау. Сілтемесін саламын.

Есепті қалай жібереміз?

  1. Таңертең чатқа "Қайырлы таң!" деп жазамыз. Фото/видео жібересіз, өз еркіңіз.

Қалған тапсырмаларды күні бойы шамаңыз келгенше орындап, кешке бәрін бір смс-пен есеп ретінде тізіп жібереміз.

Мысалы:

  1. 5-те ояндым, шүкіршілік дұғасын айттым.
  2. Құраннан 10 бет оқыдым (Бақара сүресі 1-10 аяттар). Немесе MyQuran қосымшасын жүктеп алдым, аудармасын оқыдым (Фатиха, 1-7 аяттар).
  3. Кешірім сұрау дұғасы мен салауат айттым.

(Садақаға отчет жібермейміз, 4-ті тастап, бірден 5-ті жазып кетеміз).

5. Бигтасктың нешеуі, және де қанша "помидорки" орындалды, былай ғана жазамыз:

1Б + 🍅🍅🍅🍅

⏰ Ескерту! Барлық тапсырма сағат 21.00-ге дейін қабылданады.

Барлық ұпайларыңызды есептеп, челлендж соңында қорытынды шығарамын.

💝 Белсенді қатысқан жандарға арнайы сыйлық бар!