September 11, 2023

Қазақстан тарихынан зертханалық жұмыс 

( Дайындаған: Ахат Али )

1-ші БЛОК. ЕЖЕЛГІ АДАМДАР ЖӘНЕ КӨШПЕЛІ ӨРКЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Тақырып:

Адамның тарихқа дейінгі мәдениеті менежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуы

1.Қазақстан территориясындағы тарихи үдерісті археологиялық кезеңдеу.

2. Қазақстан территориясындағы тас ғасырының ескерткіштері.

3. Қола дәуірі: Андрон тайпаларының мәдениеті. Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары. Көшпеліліктің қалыптасуы.

4. Ерте темір дәуірі: сақтардың материалдық және рухани мәдениеті.

5. Қазақстан террриториясындағы ерте таптық бірлестіктер:

5.1 Ғұн мемлекеті және олардың әлемдік тарихтағы рөлі.

5.2 Үйсін мемлекеті: этникалық тарихы.

5.3 Қаңлы мемлекеті: әлеуметтік-саяси дамуының ерекшеліктері

Менің мақсатым: Берілген тақырыптарды нақтылап ашып, түсіндіру

Адамның тарихқа дейінгі мәдениеті

Алғашқы адам пайда болған кезде, миллиондаған жылдар бойы дамыды. Себебі эволюция ешқашан тоқтамайды

Австролопитек, питекантроп, синантроп, диопитек және т.б солардың бәрі эволюцияның әсері және олардың өмір сүрген жылдарында әртүрлі істері мен мәдениеттері болған. Қысқасы айтқанда, жаңалықтар көп болды.

Ең алғашқы мәдениеттердің бірі ол Рулық тайпаларды құру.

Осы мәдениет Ортаңғы палеолитте пайда болды деп айта аламын. Себебі б.з.б 100-40 мың жыл бұрын көбісінде неандрталецтар ірі жануарларға айдалық аңшылыққа көшкен. Содан бір бірін қорғап, аңды оңай ұстап алу үшін сондай үлкен ұыймдарға жиналуға ықпал етті.

Сол кездегі ескерткіштер Оңтүстік пен Шығыс Қазақстанда табылды. Осы ескерткіштердің бірі - Ш.Уәлиханов атында. Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыстанды мекенінен табылған қалыңдығы 7метр, мустье кезеңіне жататын тұрақтардың ең күрделісі. Ежелгі адамдар бұл тұрақты бірнеше рет қоныстанған. Қазба жұмыстары кезінде қоныстың әр түрлі қабатынан үшкіртас және құрал жасаудан қалған тас сынықтар табылған. Әсіресе, өте жақсы өңделген қырғыштар көп кездеседі.

Кейінгі палеолитте көп жаңалық болды. Соңын ішіндегі мәдиенеттер ол: Сөз пайда болды, өнер пайда болды, дін дамыды, оны жартас пен үңгірдегі суреттер (петроглифтер) көрсетеді.

Адамдардың ұжымдық жұмысты орындау барысында қарым-қатынас жасау қажеттілігі сөйлеудің дамуына әкелді. Ойлау мен сөйлеу арасында өте тығыз байланыс бар – бұл сананың дамуына әкелді

Сол кездегі адамдар пұттарға табынатын, олардың мүсіндерін тастан және ағаштан ойып жасаған.

Сол кездегі Рулық тайпаның жаңа түрі пайда болды, ол Аналық ру

Ежелгі адамдар арасында жер-ана және аналық отбасы культінің болғанының дәлелі мүсіншелер мен әйел бейнелері табылған.

• Рулық қауымның барлық мүшелерінің құқықтары тең болды, ақсақалдар жалпы жиналыста сайланды.

• Ақсақалдар даулы мәселелерді шешіп, аң аулауға орындар бөлді.

• Ру бірлестіктердің басында жетекшілер сайланды.

• Ру ішіндегі өмір мен қызмет мәселелері жалпы жиналыста шешілді.

• Ру қауымдастықтың әрбір мүшесінің мүддесін қорғады. Жер, тұрғын үй, еңбек құралдары барлығына ортақ болды.

Сол кездегі археологиялық ескерткіштердің бірі ол Батпақ тұрағы. Орталық Қазақстан жерінен табылған ең көрнекті ескерткіштердің бірі. Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метрдей тереңдіктен табылған. Тұрақтың жас мөлшері – б.з.б. 30-25 мыңыншы жыл. Бұл жерден барлығы 300-дей тас құралдар шықты. Табылған құралдар сопақша келген қырғыштар болып табылады.

Оңтүстік Қазақстандағы Ащысай тұрағында бизон, арқар, жылқы сүйектері, қырғыштар мен пышақ тәрізді табақтар табылды.

Неолит кезінде көп өзгерістер болды, соның ішінде рулық қауымның рөлі өзгерді. Осы заманда әйел мен еркектер арасында шаруашылықтар бөлінді, сөйтіп ақырындап патриархатқа көше бастады.

Мезолиттік аңшылар Ертіс, Есіл, Тоболдың жағаларында өмір сүрді.

Неолит кезінде неолиттік революция пайда болды. Егіншілік пен малшаруашылық пайда болды. 5 мың жыл бұрын мысты тауып, оны өндіруге үйренген.

Қазақстан жерінде 500-800 ден астам неолиттік тұрғындар ( стоянки ) табылды. Соның ішінде 150 стоянка мен қабірлер Жезқазғанда табылды.

Осы стоянкалар уақытша болған себебі аңшылар аңдарға ерген.

Пенькі стоянкасында рубила, тастан жасалған құралдар көп мөлшерде табылған.

Қызылорда облысындағы Сексеуіл стоянкасында аңдардың сүйектерін тапты. Соңы зерттегенде, мынандай шешім шығарды. Көбісі қой мен сиырлардыкы болды қалғаны жабайы аттарға.

Энеолит кезеніңде мысты белсеңді қолданған. Тау-кен жұмыстары басталады. Алғашқы кен орындары Успен және Жезқазған болды.

Пиктография пайда болды.

Энеолиттік ескерткіштердің ең көрнектісі Ботай қонысы. Ол Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Оның уақыты б.з.б 3-2 мыңжылдыққа теңейді және көлемі 15 га. 158 тұрғын үй және көп мөлшерде жылқының сүйектерін тапқан. Сол заманда Ботай мәдениеті болды және олар бірінші болып атты қолға үйретті.

Шебірде, Маңғыстау облысында, ыдыстар мен малюсктан жасалған әшекейлер пайда болды.