April 24, 2019

БЕСІНШІ ТАПСЫРМА

Қайырлы күн, марафонның бесінші күніне жеткен жеңімпаз ханшайымдар!

Бүгінгі тақырып та, тапсырма да өзгеше!

Алла Тағала əрбірімізді махаббатпен жаратты. Жаратушымыз бізді жақсы көргенде, біздің өз-өзімізді жақсы көрмеуіміз əділетсіздік.

Солай емес пе?

Өз-өзіңді жақсы көру деген не?

Ол – өз-өзіңе деген сенімділік, өзіңе құрметпен қарау жəне өзіңді бағалау. Көбіміздің кежегеміз кері тартып «жоқ, мен бұған лайық емеспін» деген түсінікпен көп нəрседен қағыламыз. Тіпті де олай емес, есіңізде болсын, сіз мынау дүниедегі ең жақсы нəрселерге, бақыт пен қуанышқа толығымен лайықсыз! Бұл мастанып қалыңыз деген сөз емес. Кей адамдар өздерін мақтағанды аса ұнатпайды, бірақ өз ішіңізден өз-өзіңізге мақтау білдіріңіз. "Бұдан да зорына қол жеткіз!" деп, өзіңізге қолдау білдіріңіз!

Өзін жақсы көру мен тəкаппарлықты шатастырмаңыз. Екеуі екі бөлек дүние. Хадисте: "Жүрегінде шаңның тозаңындай тəкаппарлық болған адам жаннатқа кіре алмайды" - делінген. (​Муслим)

5-ТАПСЫРМА:

  • Тəкаппарлық пен өзіңді сүюдің аражігін ажырату мақсатында, бүгін Сіздерге баршамызға сүйікті үнді киносының жаңа ең мықты туындыларының бірі -"Инглиш-Винглиш"​фильмін бірге көруді ұсынамыз. 👉 ​"КӨРУ"

(Телеграм каналға сілтемесі салынады)

Ескерту:​ Фильмдегі басты кейіпкердің сөздеріне МƏН БЕРІҢІЗ!

  • Жəне фильмді құлаққаппен (наушник) көріңіз.
  • "Инглиш-Винглиш" фильмін жоғарыдағы​"КӨРУ"​деген сөзді басу арқылы сілтемемен көріңіз. Фильм түсініксіз болса, қайталап көріңіз. Кинотуындының авторлары көрерменге қандай ой жеткізгісі келді?
  • Фильмнен түйген ойыңыз жайлы инстаграмда пост жазыңыз. Постыңызды бүгін сағат 20:00-ге дейін салыңыз. ​#ƏйелдерОрталығы_марафон @almaty.aielder.ortalygy​деп белгілеуді ұмытпаңыз.

ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ, КЕРЕМЕТ ПОСТҚА СЫЙЛЫҚ БЕРЕМІЗ ЖӘНЕ 1000 БАЛАНС БЕРЕМІЗ! БҰЛ КОНКУРС МАРАФОН АЯҚТАЛҒАНША ЖАЛҒАСАДЫ!

Тапсырмаларды өзіңіздің парақшаңызға пост ретінде салып, бізді белгілейсіз.