April 27, 2019

СЕГІЗІНШІ ТАПСЫРМА

Қайырлы күн, нəзік ханшайымдар!

Ия, нəзік, өйткені əйел затына Алланың берген басты нығметтерінің бірі - ол оның нəзіктігі (женственность). Нəзіктік энергетикасының (женская энергетика) əйел өмірінде алатын орны өте зор. Оның ғана емес айналасына да əсері бар.

Негізі əйел бойында екі энергетика бар: əйелдік жəне еркектік (женская и мужская) энергетика.

Бұл 2 энергетиканың əйел бойындағы ара салмағы 20%/80% болу керек, яғни əйел энергетикасы басым болу керек. Егер бұл баланс бұзылса, əйел ер адамның өмірдегі істейтін функцияларын өзі атқара бастайды, мысалы: жанұяны асырау, үйдегі ауыр жұмыстарды өзі атқара бастау сияқты.

Мұндай дисбаланс ер адамды тығырыққа тығады. Еркектік энергетикасы көбейіп кеткен əйелдің жанындағы ер азаматтың күйі мəз емес, өйткені еркек əйелдің бойындағы нəзік энергетикадан күш алады. Əйелінен женственность-ты сезе алмаған еркек ішкілікке салынуы, құмар ойындарына тəуелді болып, немесе сол əйелдік энергетиканы бере алатын басқа əйелге кетіп қалуы мүмкін.

Байқасаңыздар, жігіттер əрқашан нəзік, талдырмаш қыздардың қорғаны болуға тырысады, ал мықты, рухты қыздармен көбіне дос болады.

Əйелдік энергетиканың төмендеуінің себебі көп, үйдегі қыз баланың тəрбиесінен бастап қоғамдағы жəне тарихымыздағы құбылыстар.

Тапсырманы орындамас бұрын, жоғарыдағы мәтінді оқыңыз!☝🏻

8-ТАПСЫРМА:

Қазіргі таңда əйелдік энергетиканы арттыру практикалары мен техникалары өте көп соның бірнешеуін біздің Орталықтың негізін қалаушыларының бірі - имбилдинг маманы - Лаура Сейтбек тапсырма ретінде сіздерге ұсынып отыр.

Тапсырма:

  • Күні бойы арқаңызды (осанкаңызды) тік ұстаңыз.
  • Əрбір əйелдің негізгі киімі - ол көйлек немесе юбка. Бүгінгі күнді нағыз əйел болуға арнайық, күні бойы барынша ұзын етекті көйлек киіп жүруіңіз керек.
  • Əйелдер энергетикасын əйелдер бір-бірімен қарым-қатынаста арттырады. Бүгін көйлек киіп, сəнденіп, əйел адаммен (құрбыңыз, əпке-сіңліңіз, мамаңыз, көршіңіз немесе бір қаладағы марафон қатысушылары болуы мүмкін) кездесіп шəй ішіңіз. Кездесуде тек пайдалы, көңіл көтеретін тақырыптарда сөйлесіңіз.

Егер қаласаңыз тапсырмадан алған əсеріңіз жайлы пост жазыңыз ​#әйелдерорталығы_марафон @almaty.aielder.ortalygy​ деп белгілеуді ұмытпаңыз.

ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ, КЕРЕМЕТ ПОСТҚА СЫЙЛЫҚ БЕРЕМІЗ ЖӘНЕ 1000 БАЛАНС БЕРЕМІЗ! БҰЛ КОНКУРС МАРАФОН АЯҚТАЛҒАНША ЖАЛҒАСАДЫ!

Тапсырмаларды өзіңіздің парақшаңызға пост ретінде салып, бізді белгілейсіз.