June 30, 2023

Магистратураның білім беру бағдарламаларына түсу үшін мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды оқуға қабылдау 

Мерзімді әскери қызметті өткергеннен кейін үш жыл ішінде ақылы негізде бейінді магистратураға мерзімді әскери қызметті өткерген тұлғады қабылдау күнтізбелік жыл ішінде мерзімді әскери қызметті өткерген тұлғамен әңгімелесу өткізу жөніндегі комиссия өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша түсу емтихандарынсыз жүзеге асырылады. Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

I КЕЗЕҢ-ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ

Құжаттарды қабылдау мерзімі

Құжаттарды қабылдау мерзімі 03.07.2023 – 03.08.2023

Тестілеу нысанында түсу емтиханын тапсыру 07.08.2023 - 11.08.2023

20.11.2023 – 24.11.2023

Құжаттарды қабылдау мерзімі 25.01.2023 – 10.11.2023

Тестілеу нысанында түсу емтиханын тапсыру 07.08.2023 - 11.08.2023

20.11.2023 – 24.11.2023

Қажетті құжаттар тізімі

1) білімі туралы құжат (түпнұсқа);

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) 6 фотосурет 3 x 4 см өлшемдегі;

4) 075-У үлгідегі медициналық анықтама (түпнұсқа + көшірме), флюорографияның суреті, 063-У үлгідегі көшірме (егу картасының көшірмесі);

5) әскери билеттің (түпнұсқа, көшірмесі);

6) мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған).

7) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлға үшін);

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар болған жағдайда);

9 ) конверт 11х22см А4.;

10) қағаз папкасы

II КЕЗЕҢ-ӘҢГІМЕЛЕСУДЕН ӨТУ

Әңгімелесу мерзімі

07.08.2023-11.08.2023

20.11.2023-24.11.2023

әңгімелесуден өту

Әңгімелесу кестесі (нақты күні, уақыты және өтетін орны) біздің сайтта жарияланады https://amu.edu.kz/ru/poslevuzovskoe-obrazovanie/magistratura/magistratura-dlya-postupayushchikh/

III КЕЗЕҢ – УНИВЕРСИТЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ

Университетінің магистратурасына ақылы негізде қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы жүргізеді:

1) күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін;

2) күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін.

https://amu.edu.kz/ru/poslevuzovskoe-obrazovanie/magistratura/magistratura-dlya-postupayushchikh/Information-for-citizens-who-have-served-military-service/