December 3, 2021

Златан Ибрахимовичпен су жаңа интервьюдің аудармасы

- Қай тілде ойланасың?
- Өзгеріп тұрад. Алаңда ешқашан шведше ойланбаймын. Өйткені өте нәзік тіл, ал мен алаңда әдепсіздікке мұқтажбын. Сондықтан көбіне славянша ойланамын. Кейде ағылшынша, кейде итальянша. Үйде шведше сөйлесеміз.

- Өзіңді швед ретінде сезінесің бе?
- Швециялықпын. Бірақ анам католик хорват, әкем мұмылман бошняк. Карьерамның көбі Италияда өтті.

- Құдайға сенесің бе?
- Жоқ, тек өзіме сенемін.

- Ақырзаманға сенбейсің бе?
- Жоқ. Бұл өмір. Өлген кезде өлесің. Молада жатамын ба, әлде жағыламын ба, білмеймін. Мені жақсы көретіндер қайғыға бататын бір жер болғанын қаламас едім.

- Ырымдарға сенесің бе?
- Жоқ. Сәттілік тілеу де ұнамайды. Бұған мұқтаж емеспін. Әр нәрсенің қалай болатынын мен шешемін.

- Ең ескі естелігің қандай?
- Югославия. Бала кезімде машинамен, пойызбен бардық. Әлі коммунизм бар еді. Басқа бір әлем.

- Қандай бала болдың?
- Көп қиындық көрген бала болдым. Жаңа туған кезімде медбике 1 метр биіктіктен құлатып алыпты. Өмір бойы қиналдым. Мектепте басқаша бала болдым. Бәрі сары шашты, қысқа мұрынды, көк көзді. Мен болсам қара, қоңыр көзді, үлкен мұрынды. Олардан басқа сөйлейтінмін, басқаша қимылдайтынмын. Ата-аналар мені командадан шығартып тастау үшін арыз жазатын. Бәрі жек көретін. Қиындық пен жек көрілуді қалай күшке айналдыруды үйрендім. Негативтің бәрі менің энергияма айналды. Жынданған кезде мықты ойнаймын. Мені жақсы көретін стадионнан энергия аламын, ал маған жыны келетін стадионнан бірнеше есе энергия.

- Саған сыған да деген шығар?
- Иә, соңғы рет Римде болды. Голдан кейін қуанып жатқанымда 50 мың адам "Сыған" деп айқайлады. Сосын төреші келіп, "мән берме" деп кетті.

- Италия расист ел ме?
- Расизм барлық жерде бар. Швецияда да.

- Қыздармен қалай едің?
- Ұялшақ бала болдым. Алғашқы кездесуімде айтатын сөздерімді қағазға жазып барған едім. Қыз мен дайын емес жерден сұрақ қойса, өзім басқа сұрақ қойып, құтылып кететінмін. Көп нәрсені өз жасымдағылардан кейін істедім.

- Алғаш рет неше жасыңда сігістің?
- 17 жаста. Өйткені ол кезде алғаш рет Мальме геттосынан кетіп, қала орталығына келген едім. Сол кезде ғана шын шведтерді көрдім. Сары шашты, еркін қыздар. Геттода қыздар қысқа шаты және хиджаппен жүретін.

- 20 жыл бойы бір әйелмен біргесің. Құпиясы неде?
- Сабыр және баланстың арқасында. Хелен менен 10 жас үлкен, әрқашан менен ересек көрінетін. Кейін Максимиллиан мен Винсент пайда болды.

- Ең қатты қуанған голың қандай?
- Ұлттық Құрамада Англияға 30 метрден соққан голым. Ағылшындар мені үнемі төмен көретін, оларға гол соға алмайды деп ойлайтын.

- ПСЖда жүрген кезіңде Франция туралы "боқ сияқты ел" депсің?
- Президенттері мені елден шығару туралы айтыпты. Ертеңіне көшедегі реакциялардан қорықтым. Бірақ маған француздар келді де, "Иә, Ибра, дұрыс айтасың. Боқ сияқты ел болып кеттік" деді.

- Англияға гол соғу ма, балалардың өмірге келгені ме? Қайсысы сені бақыттырақ қылды?
- Салыстырмаймын. Бір баланың өмірге келуі - өте маңызды нәрсе. Сенен келген бір өмір ол. Максидың туған кезі әлі есімде, құшақтап, төсіме жатқызып қойғам. Стокгольмнен Винсенттің қоңырау шалатыны есімде. "Әке, сені сағындым" дейді. Сол кезде Миланнан кетіп қалғым келетін.

- Балаларыңыз футболды жек көретіні рас па?
- Олармен футбол ойнауға бардым бір күні. Біреуі бақырып жылады, біреуі құстарды қарап кетті. Қазір бірақ екеуі де футболға қатысып жүр. Футболға жазыларда әйелімнің фамилиясымен Сегер деп жазылды. Кейін Макси Ибрахимович болып жазылып алды, Винсент әлі таңдаған жоқ.

- Югославиядағы соғыс есіңде қалай қалды?
- Әкем көп қиналатын. Күн сайын таныс біреуі өліп жатады. Босқындарға да көмектесетін.

- Қатты өзгеріпсің.
- Тек ұялшақтығымнан емес, өзіме ғашық болғандығымнан қызым болмады дым. Матчтарда цирк қойып кететінмін. Шведтердің бәрінікінен де үлкен эгом бар еді. Италияда өзгердім. Хеленге айттым "Туринге кел, көрейік, жақсы жағына өзгеріс болар" деп. Келді, шынымен жақсы болды.

- Ойыныңды кім өзгертті?
- Капелло маған голды алдын ала көруді үйретті. Және мені үнемі кесе беретін. Өте қатал адам. Алғашқы күнімде пресс-конференция, құттықтаулардан кейін ішке кірсем, газет оқып отыр екен. Сәлемдестім. Дым жауап жоқ. Ширек сағат тұрдым солай. Бір кезде газетін жапты да, қасымнан үнсіз өтіп кетті. Мен тіпті жоқ сияқтымын ана жерде.

- Кітабыңда Могги туралы жақсы нәрселер айтыпсың?
- Шынымен мықты президент еді.

- Бірақ соның кесірінен Юве 2 чемпиондығынан айрылды ғой?
- Ол чемпионаттарды біз ұттық бәрібір және оны ешкім тартып ала алмайды. Төгілген теріміз, қиыншылықтар, шаршау, жарақаттарды, соғылған голдарды ешкім өшіріп тастай алмайды. Сондықтан карьерамда 11 чемпиондық деген кездерінде, 13 деп түзетемін. Могги таң қаларлық адам еді. Берлускони сияқты.

- Берлускони туралы не дейсің?
- Жақсы адам. Бір күні матчта жоқпын, трибунада қарайтын болдым. Қасына отырып едім. "Ибра, басқа жерге отыршы. Мында қазір өте маңызды біреу келеді" деді. Тұрып кеттім, Галлиани де тұрды. Саясаткер біреу келетін шығар деп ойладық. Сөйтсек, өте әдемі бір қыз келіп отырды. Берлускони маған көзін қысты. Ол үшін маңызды адам болған шығар...

- Лукакумен не болды?
- Италия кубогындағы дерби ғой. Алдымен Романьолимен, сосын Салемакерспен тартысып қалды. Командаластарымды қорғау үшін мен де араластым. Сол кезде Лукаку маған жеке секірді. Шок болдым. Манчестерде командалас едік. Лукакудың эгосы үлкен. Және шынымен күші көп. Өзінің лидер екеніне сенеді. Бірақ мен Мальме геттосында өскен баламын. Біреу үстіме келсе, орнына отырғызамын. Оны әлсіз жерінен ұрдым, шешесінен боқтадым. Дербиді ұтылып қалдық. Қызыл карт алдым, жарақаттандым. Барлығы теріс болып кетті. Бірақ Лукакудан реванш алуым керек. Тезірек соған қарсы шығуды күтіп жүрмін.

- Миланда Аллегримен төбелесіпсің?
- Арсеналдан 3:0 жеңілдік. Ішке кірсем, бәрі бақытты. Турдан өттік, бірақ күлетін ештеңе жоқ қой. Сол үшін төбелестім.

- Неге матч алдында танитын бапкерлеріңмен амандаспайсың?
- Солай. Қарсыласым Моуриньо болса да. Бірақ Моуриньоны жақсы көремін. Тек 1 рет Михайловичпен құшақтастым. Ол кезде ауырып жүрген еді.

- Ең мықты футболшы кім?
- Феномен Роналдо! Бала кезімде соның қимылдарын қайталайтынмын.

- Миланды қалай өзгерттің?
- Миланға алғаш келгенімде жаттығуда ешкім жүгірмейтін. Әр қайсысымен жеке жеке сөйлестім. Сыртта емес, жаттығудың ортасында. Бәрінің көзінше. Жаттығуда өлгенше жұмыс істеу керек. Мен жаттығуда ктімді қинамасам, басқалар да сөйтетін болады. Біреуінен басқа бәрі түсінді.

- Кім түсінбеді?
- Леао. Басында тыңдамады мені. Өзінше кетті. Кейін тыңдады бірақ. Өзін де дамытты.

- Командаластарыңмен бірге тамақ жемейді екенсің?
- Мен лидермін. Тамақта бірге болсам, олар ұялады. Мазалары кетеді. Сондықтан сөйтемін олардың жақсылығы үшін.

-40 жас туған күнің қалай өтті?
- Мықты әсер алдым. Сюприздарды жақсы көрмеймін, бірақ Хелен бәрін ұйымдастырып қойыпты. Көптен көрмеген адамдарым болды. Погба, Верратти, Амброзини, Абате, Кассано, Галлиани, Могги, Замбротта, Дакур, Оддо, Сиригу, Кулусевски. Тіпті алаңда қырылып қалғандарым да болды.

- Гаттузо да ма?
- Әрине!

- Алтын допты кім алуы керек еді?
- Лионель Месси футбол үшін жаратылған адам. Бірақ биыл Левандовски алуы керек еді.

- Ең қызық дерби қайсысы болды?
- Матерацциде өшім бар еді. Бір күні дербиде кездестік. Аяқтарыма секіре берді, мен аттап кете бердім. Бір кезде ешкім көрмей тұрған кезде шынтақпен бір сіктім. Сол матчта гол соқтым, 1:0 жеңдік. Пиипо Индзаги "Өмірімнің ең күшті дербиы. 1:0 жеңдік, Ибра соқты, Матерацци ауруханада" деді.

- Сені қорқытатын нәрсе бар ма?
- Болашаққа алаңдаймын. 40 жаспен бірге сондай уайым келді.

- Бапкер боласың ба?
- Білмеймін... Уайымы көп. Маған адреналин беретін нәрсе істегім келеді. Шыдағанымша футбол ойнаймын. Чемпионаттың соңына жеткім келеді, Катардағы Әлем Чемпионатына да қатысқым келеді.

- Ибра, жақыннан қарағанда жақсы адам сияқтысың ғой?
- Көңілің қалған сияқты ғой?

- Аздап.
- Жақсы адаммын. Өйткені 1 сағаттай сөйлесіп отырмыз. Егер алаңда болсаң, сені айырып тастар едім.