October 20, 2018

20 қазан 2018

1-сұрақ

Әлемдегі кей атауларды қазақшаласақ:

Түнек қамал, жаңа шапақ, дүйсенбі, төбедегі бөрене.

Ал Қазақстанда ше?

2-сұрақ

Астана тұрғындары жиі көретін бір плакатта 4 нәрсе бейнеленген:

1 жұп шаңғы, қоларба, шана және 4-сі не?

3-сұрақ

Ойыл, Сарыкөл, Іле, Миялы, Ақжелең, Қамажай.

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының сайтындағы бір бетте 1997 жылдан бері жасақталған, 850 жолдан тұратын тізім бар.

Бұл ненің тізімі?

4-сұрақ

Бұл туралы алғаш рет Інжілде жазылған екен. Марко Полоның жазбаларынан бұрын Орталық Азияда да бұл болғанын білеміз. Қазіргі уақытта Монғолия, Түркия, Аргентина, Сербия азаматтары бұл бойынша Астанада ТМД елдерінің азаматтарымен тең құқылы. Бұл не?

5-сұрақ

Арқар, Марал, Тұлпар.

Астанада олардың жалпы саны 17.

5 жыл ішінде 20-ға жететін болады.

Ол не?

6-сұрақ

Паколли Беджетт - Косово президенті, Феттах Таминдже - RixosHotels тобының басшысы, Анатолий Храпатый - Олимпиада чемпионы, Бибігүл Төлегенова - халық әртісі. Бұл кісілер Астана қаласында тұрмаса да Астана қаласы әкімдігінің сайтындағы қандай бетте өмірбаяндары жарияланған?

7-сұрақ

Астанада бір статистикалық дерек бойынша жігіттер үшін орташа есеппен 27,5 жас, қыздарда 25,3 жас делінген.

Мұндай статистикалық есептерді тіркеуші бір ғимарат бірдей әріппен басталатын 2 сөзден құралады. Ол қандай ғимарат?

8-сұрақ

Хоккейдегі бір тактикада 4 ойыншы қарсылас қақпасын 4 жақтан қоршайды, ал осы төртбұрыш ортасындағы ойыншы олардан келетін пасты жабушы қызметін атқарады.

Тактиканың атын білмесеңіз, “Астана ЕРЦ” 2019 жылдан бастап неден бас тартатынын табыңыз

9-сұрақ

Желі әзілқойларының жазуынша,

Астанада қызметтен бөлек немен көтерілу үшін де таныс адам керек?

Жедел жәрдем дәрігерлерінің бір науқасты құтқара алмай қалғаны туралы қысқаметражды фильм де осы тақырыпқа арналады.

10-сұрақ

«Спарта-Номад» КВН командасының Жоғары лигадағы бір музыкалық нөмірінде толығымен Қазақстанның жер байлығы туралы бейнелі түрде экранда көрсетіліп, әндетіледі. КВН-шілер «Медь, вольфрам, калий и рубидий...» деп химиялық элементтерді тізбелеп кете береді. Не себепті бұл әуен мышьяк, тантал, натрий деп аяқталады?

11-сұрақ

1904 жылы Нью-Йорктегі Лонгакр-сквер жаңа ғимарат салынуымен Таймс-сквер деп атала бастады.

2009 жылдың соңында Петропавлдағы П.Осипенко көшесі және Астанадағы М.Ломоносов көшесі қалай атала бастады?

12-сұрақ

2018 жылдың наурызы. Төртінші топонимді атаңыз.

13-сұрақ

Ресми мәліметтерге сәйкес, «Астана ЭКСПО 2017» кезінде 153 ғылыми жаңалық ұсынылды, 20 ірі инвестициялық ұсыныс қабыл алынды, және тағы 88 ұсыныс жасалды.

Ол қандай ұсыныстар?

14-сұрақ

Оның атауы кімге тиесілі екендігіне немесе мәртебесіне байланысты емес, көрші елдегі танымал нысандар секілді алып көлеміне байланысты қойылған. Көрші елдегі танымал екі нысан өз функцияларын тікелей атқармайды. Біздің нысанды атаңыз.

15-сұрақ

"Прикаспийская коммуна" газетінің мамырдағы мақаласы "КЕЛДІ келді, халық көрді, спорт жеңді" деп аталады. Әлбетте, біз КЕЛДІ деген сөзбен басқа сөзді ауыстырып отырмыз, ол - белгілі адамның лақап аты.

Мақалаға өзек болған шара қандай спортқа арналған?

16-сұрақ

1980 жылы Целиноградта шеру өтті. Трибунада, қала басшылығының қасында екі адам тұрды, дәлірек айтсақ, тұруға тырысты. Яки олар мас секілді оңға-солға теңселіп тұрды.

Бұл екі адам кімдер?

17-сұрақ

Кеңестік ескі суреттердегі ғимараттарда қазір орналасқан ұйымдарды атаңыз.

18-сұрақ

Тарас Наурызәлінің айтуынша, суретте немересін ұстап отырған бұл әйелдің күйеуі - өзімен жасы шамалас Сүлеймен Масабайұлы. Сәйкесінше, беріректе өңірдің көнекөз қариялары «Кең таралған мифтік тіркес жолды кім жамап жүр?» деп назаланды екен. Бұл әйелді атаңыз.

19-сұрақ

Бір әлемдік тізімде Х бір Қазақстанмен шамалас, және сәйкесінше тура Қазақстаннан кейін орналасқан.

Алайда бір мәліметтерде Х - Қазақстанда, яғни Қазақстанның ішінде орналасқан және алдыңғы Х-тен мыңдаған есе кішкентай. Х-ті атаңыз.

20-сұрақ

Қала көшелерінің біріндегі сыртқы жарнамада Стограм мобильді қосымшасы логотипімен жарнамаланған.

Біз сізден оның ұсынатын қызметін сұрамаймыз, тек оның атауындағы бір әріп зат түрінде бейнеленгенін ғана айтамыз. Сол затты атаңыз.