November 24, 2020
Дизайнға келуіңізге не себеп болды? (кішігірім мақала)
Қазіргі уақытта барлық нәрсе онлайн форматына ауысып жатыр. Дизайнерлік шеберлігіңді шыңдау арқылы, қосымша ақша тапсаң да артық етпейді. Нарықта сұранысқа ие саланың нағыз маманы болу үлкен еңбек пен сабырлықты қажет етеді.Дизайнерлікке қадам Веб-дизайнер саласына қызығудан басталды. Алғашқы уақытта Tilda платформасында landingтар дайындап жүріп, кейін Figmaны да игере бастадым. Алғашқы клиенттермен бірге тәжірибелер де келе бастады. Түстер, фондар, суреттер бәрінің үйлесімділігі түсіне білген адамға ерекше сезім сыйлайды. Кейін фотошоппен жұмыс жасау қажет екенін түсініп, дизайнердің басты құралдарын игеру арқылы компаниялардың бизнес упаковка, брендинг жасауға қызығушылық пайда болды. Сол себепті бұл курсқа жазылдым.