June 27, 2020

Сөз қисыны

Адам, жан-жануарларға байланысты сөздер

Бақ қонады, ұшады.

Қасиет жұғады.

Өнер дариды.

Ырыс артады, ауады.

Құдай қалайды.

Пайғамбар қолдайды.

Қырық шілтен сүйейді.

Әруақ жебейді, қарғайды, соғады.

Періште демейді.

Әруаққа, пірге сыйынады.

Мәртебе көтеріледі.

Абырой артады.

Шен өседі.

Береке кіреді, қашады.

Ар ұялады.

Бет жыртылады, қызарады.

Жан қорқады, күйеді.

Көңіл құлазиды, сергиді, ортаяды.

Сана сарғаяды.

Сезім сағынады.

Құмар қанады.

Жүрек лүпілдейді.

Тамыр соғады.

Зәре ұшады. /Қорқу мағынасында/

Жан иесі қартаяды.

Зат, мүлік тозады.

Адам жүдейді.

Мал ариды.

Адам қорқады.

Мал үркеді.

Адам тояды.

Мал тоғаяды.

Адам тынығады.

Мал тыныстайды.

Адам тамақтанады.

Мал оттайды.

Аң жейді.

Балық жұтады.

Адам, құс жүзеді.

Мал, аң малтиды.

Зат /суда/ қалқиды.

Адам оңалады.

Мал семіреді.

Аң, құс түлейді.

Адам туады.

Әйелді екі қабат дейді.

Малды буаз дейді. /Буаз келіншек демейді/

Мал төлдейді.

Аң балалайды.

Балық уылдырық шашады.

Құс жұмыртқалайды.

Сәби еңбектейді, қаз басады. /Жүреді деген мағынада/

Інген қайиды.

Төл аяқтанады, ауызданады.

Күшік бауырын көтереді.

Соқыр /мысық баласы/ көзін ашады.

Адам науқастанады, сырқаттанады.

Дене, жан ауырады.

Мал ауырады.

Ауру айығады.

Жара жазылады.

Сынық бітеді.

Дәрісті оқиды,

Білімді тоқиды.

Үлгіні алады.

Баланы уатады.

Ашуды басады.

Күлкіні тияды.

Сөзді доғарады, тоқтатады.

Мысқыл, сықақ түйрейді.

Әзіл іледі.

Қалжың қағытады.

Мал күйлейді.

Құс шағылысады.

Қасқыр, ит ұйығады.

Мысық мауығады.

Айғыр шабады.

Бура шөгеді.

Аң айқасады.

Бие айғырдан шығады.

Сиыр, қой, ешкі қаншады.

Ұлды сүндеттейді.

Атты ақтайды, піштіреді.

Бұқаны кестіреді.

Қошқарды, текені тарттырады.

Жүйрікті баптайды.

Бүркітті баулиды.

Балаға үйретеді, оқытады.

Түйені жүндейді.

Жылқыны күзейді.

Қой, ешкіні қырқады.

Ешкіні тарайды. /түбітін алады деген сөз/

Жылқы жусайды, үйездейді.

Басқа мал қүйсейді.

Түйе тарпиды, шегеді. /жатады деген мағынада/

Жылқы тебеді.

Мал қасынады.

Құс таранады.

Балықты aршиды.

Палуан жығады.

Жүйрік озады.

Батыр жеңеді.

Шешен ұтады.

Қошқар, теке қашырады.

Бүқа сүреді.

Сейіт Кенжеахметұлы "Жеті қазына"