Қызанақ уақыт басқаруда қандай рөл атқарады?
Емтихан, ҰБТ немесе жоба жүргізуде уақыт әрдайым жете бермей ме? Онда, бұл мақаланы сақтап алыңыз;)
Жоспарлаудағы негізгі әдіс
Осы уақытқа дейін тайм-менеджмент жайлы сөз қозғамаған адам қалмаған шығар. Дегенмен де, уақытты басқару – жұмысты дұрыс реттеудегі және оны жеке шаруалардан ажыратудағы жалғыз амал екенін мойындаған жөн.
Көптеген тұлғалық даму кітаптаптары мен лекцияларында уақыт басқарудағы басты кеңестердің бірі –жоспарлау кезінде тапсырмаларды тармақтарға бөліп жазу. Себебі бір істі бітіріп, келесіге көшу – ойыңызды бөлмей, мақсатыңызға біртіндеп жетуге алып келеді.
Жоспарлаудың бұндай түрін жүргізуге Pomodoro әдісі көмектеседі. Бұл әдіс жайлы бұрын соңды естіген де шығарсыздар, алайда оның қалай жұмыс жасайтының және уақыт үнемдеуде қандай пайдасы бар екендігін білмеуіңіз мүмкін. Осы әдісті рет-ретімен түсіндіру үшін сіздерге арнайы нұсқаулық жасауды жөн көрдік.
Сіз бұл мақалада «Қызанақ» әдісінің пайда болу тарихы, әдістің мақсаты мен ережелері жайлы және оны дұрыс қолдану үшін iOS пен Android жүйелеріне арналған үздік қосымшаларды таба аласыз.
Неге қызанақ?
1980 жылдары халық тайм-менеджмент жайлы көп ойлана бермейтін. Бірақ, сол кезде, итальяндық қарапайым студент Франческо Чирилло бірінші курсында, емтиханға дайындық кезінде, өз уақытың қайда жұмсайтынын түсінбей, күйзеліске ұшырайды. Сол кезде, ол өзіне «Мен тым болмаса 10 минутта нақты бірнәрсе оқып үлгеремін бе?» деген сұрақ қояды. Осы сұраққа жауап іздеп, ол ас үйдегі қызанақ пішіндес таймермен дайындықты басқаша жүргізуге бел буады. Әдістің атауы да осылайша Pomodoro (қызанақ) аталып кеткен. Айларға созылған тәжірибелер мен сынақтардың нәтижесінде, Pomodoro төменде сипатталған қалпына жетті.
Бұл әдіс не үшін қажет?
Өз уақытынды тиімді басқара білу маңызды қабілет. Бүгінгі күні шексіз ақпарат уақытында, кез келген зат тек өзіне назар аударуға шақырып тұрады. Pomodoro әдісі ойыңызды бөлмей, тапсырмаларыңызды уақытылы орындауға көмектеседі. Осылайша, сіз аз уақытта көп нәрсе жасап үлгересіз.
Чириллоның пікірінше, әдістің мақсаттары келесіде:
- Өз мақсаттарына жетудегі батылдықты демеп жүру;
- Жұмыс және оқу процесстерін тиімділігін жақсартып, олардың тиімділігін арттыру;
- Күрделі жағдайларда әрекет жасаудағы шешімділікті дамыту
25 минут жұмыс істеп, 5 минут демалыңыз
Оңай түсіндіру мақсатында, біз әдістің жұмыс кезіндегі қолдануын қарастыратын боламыз, бұл мысалдарды оқуға да қолдануға болады.
Тапсырманың тармақтарын қызанақтар деп атаймыз. Бір «қызанақ» 30 минутқа созылады: 25 минуты жұмыстан 5 минуты демалыстан тұрады.
Таймерді қоспас бұрын, тапсырмалардың тізімін жасап алуыңыз қажет. Бұл үшін түрлі қосымшалар мен қызметтер бар (олар жайлы төменде айтып өтеміз), бірақ кәдімгі ақ парақ та жарап қалады. Осыдан бастайық.
Парақты алып, жоғарыға Бүгінгі күннің тапсырмалары деп атау қоямыз. Бүгін жасалу тиіс тапсырмаларды маңыздылығына сай (маңыздысынан онша маңызды емесіне дейін) реттеп жазамыз. Әрі қарай, 25 минутқа таймерді қосып, жұмысыңызды бастаңыз.
Таймердің шырылдағаны 5-минуттық демалыстың келгенін білдіреді. Бұл уақытта көңіліңізді жұмыстан алыстатып, тынығып алыңыз. 5 минут өткен соң, тапсырмаңызға оралып, әрі қарай жұмысыңызды жалғастырыңыз. Әр «қызанақ» бөлігін тізімдегі орындалып жатқан тапсырманың жанында икспен «x» белгілеп отыру қажет. Төрт қызанақтан кейін 15-30 минуттық үзіліс жасап алыңыз. Тапсырмаңызды бітірген соң, оны сызып, келесі тапсырманы орындауға көшіңіз.
Тапсырмалар тізімін жүргізу өз-өзін қадағалауға және тиімділігіңізді бақылауға қажет. Мысалға, апта соңыңда, сіз бір тапсырманы орындауға қанша «қызанақ» кеткенін қарай аласыз.
Көңіл бөлінбес үшін не істеу керек?
Pomodoro әдісі көңілдің әр нәрсеге бөлінбеуі үшін жасалғанымен, жұмыс кезінде бәрібір мұндай жағдайлар кездеседі. 25 минуттық бөлік бітпей жатып, көңіліңіз басқа нәрсеге еріксіз бөлінсе, икстерді белгілейтін жерге, көңіл бөлінген сәтке апостраф «’»белгісін қойыңыз. Осыдан кейін жаңа әрекетті тізіміңізге қосып, аяқталмаған тапсырмаңызды бітіруіңізге тырысыңыз.
Әдістің ресми нұсқасында бұл жайлы айтылмаған, бірақ көбісі көңіл бөлінудің маңыздылығын 10 баллдық тізбекпен бағалауға кеңес береді. 10 балл – барынша маңызды тапсырма, ал 1 балл дәл қазір, сіздің көңіліңіздің бөлінбеуін талап ететін тапсырма. Чирилло кез келген ой бөліну, үзіліске қоюға болмайтын таймердің, тоқтағанын күте алатыныңа кәміл сенеді. Егер Сіз күте алмасаңыз, таймерді сөндіріп, жасау керек ісіңізді жасап, тапсырмаңызға таймерді жаңадан қосып, оралуыңыз қажет.
Егер сонда да, көңіліңіз бөлінсе, бітпей қалған тапсырманың қасына «-» белгісін қойыңыз. Алдағы уақытта оларды бағалай отырып, қай тапсырманы орындау кезінде өнімділігіңіз төмен болғаның түсіне аласыз.
Күніне қанша «қызанақ» жұмсаймын?
Pomodoro әдісін бірнеше күн қатарынан қолдана отырып, сіз күніне қанша «қызанақ» қажет екенін бағалай аласыз. Мысалы қалыпты 8 сағаттық жұмыс күні 14 «қызанақ» бөлігінен тұрады. Бір күндік тапсырмалар тізімін жасаған кезде, қай тапсырмаға уақытты көбірек, ал қай тапсырмаға азырақ бөлу керектігін немесе ертеңге қалдыруға болатынын осылайша бағалай аласыз.
Қосымшалар мен қызметтер
Қызығыңа көшейік. Біз танымал құрылғыларға арналған үздік «қызанақтық» шешімдерді жинадық.
Android
- Clockwork Tomato — телефонымыздың бастапқы бетінде сағаттың орнына қолдануға болатын арнайы виджеті бар тегін қосымша.https://play.google.com/store/apps/details?id=net.phlam.android.clockworktomato&hl=ru&gl=ru
2. Pomotodo — ыңғайлы дизайны мен статистикасы бар керемет таймерhttps://play.google.com/store/apps/details?id=com.pomotodo&hl=ru&gl=ru
3. Forest — Pomodoro әдісін ойын түрінде жеткізгенhttps://play.google.com/store/apps/details?id=cc.forestapp&hl=ru&gl=ru
4. My effectiveness – Жасампаз жандардың 7 дағдысы кітабында айтылған әдістердің барлығын және Pomodoro-ны қосқан керемет қосымшаhttps://play.google.com/store/apps/details?id=com.andtek.sevenhabits
iOS
5. Flat Tomato (Pomodoro/Помодор) — ыңғайлы дизайны мен статистикасы бар керемет таймерhttps://play.google.com/store/apps/details?id=com.pomotodo&hl=ru&gl=ru
6. Forest — Pomodoro әдісін ойын түрінде жеткізгенhttps://play.google.com/store/apps/details?id=cc.forestapp&hl=ru&gl=ru