October 22, 2019

БҰЗУШЫЛЫҚ

Біздің IT-команда, олардың тізімін анықтады. Олар:

«Би мектебі» жобасы - шетелдік нөмірлерден 140 дауыс жинаған

“Born to Learn»IT академиясы - шетелдік нөмірлерден 328 дауыс жинаған

«Малиновая ферма» және «Нешкола» бір нөмірден бірнеше рет дауыс беруге тырысқан

Бұл жобалар шетелдік нөмірлерден дауыс жинап, жалған түрде шынайы дауыс беру әдісін көрсеткілері келді, алайда біздің командамызда мұндай тәртіп бұзушыларын анықтайтын мамандар жеткілікті. Біз бұған мысал келтіріп, толық дәлелдемелер бере аламыз.

«Атамекен» академиясы осындай жолмен бәсекелестерден ерекшеленгісі келген қатысушыларды байқаудан шығаруға шешім қабылдады.

Курсты көріп, өзіне керекті ақпаратты алып жүрген қатысушыларға алғыс білдіреміз. Курс сізге басты жүлдеден бөлек білім мен керек дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Есіңізде болсын, ақша жұмсалады, ал білім сізбен мәңгілік қалады!