October 31, 2019

КОНКУРС НӘТИЖЕЛЕРІ

Сәлем, достар! Қалдарыңыз қалай?! Кеше біздің көптен күткен конкурсымыз аяқталды. Оған әртүрлі сала бойынша 286 бизнес жоба қатысқан болатын. Өз тарапымыздан конкурстың барынша әділетті өткенін қадағалап, дауыстардың шынайылығын тексердік. Нәтижесінде Lalagul. Eco-art store, Karting, Coffee-Go (Абонемент на кофе), WIN (what I need) жобалары жеңімпаз атанды.

Біз барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және сіздердің бизнестегі бастамаларыңызға аз да болсын көмегіміз тигеніне қуаныштымыз. Қатысқандардың барлығына рахмет! Айта кетейік, конкурс аяқталғанмен, курс жабылмайды. Сіз сабақтарды кез-келген уақытта тегін қарай аласыз. “Jas Kásipker” курсы пайдалы, түсінікті болуы үшін біздегі әдіскерлер, сценаристер, журналистер, гример, суретші, режиссер мен операторлардан құралған команда еңбек етті.

Сіздерден курс туралы көптеген жағымды пікірлер естідік. Жобаның арқасында көпшіліктің көзқарасы жақсы жаққа өзгергені қуантады.

Сондай-ақ, қателіктермен де жұмыс істедік. Бұл біздің соңғы курсымыз емес. Болашақта кәсіпкерлермен бірге басқа да қызықты курстар дайындамақпыз. Сондықтан Atameken Academy жаңалықтарын қарай жүріңіздер!