November 5, 2020

Қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің Ұлттық біліктілік тестілеуі

Ұлттық біліктілік тестілеуі – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым әзірлеген тестілер бойынша мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындауға бағытталған рәсім.

Қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер үшін ұлттық біліктілік тестілеу екі блоктан тұрады, барлығы 60 тест тапсырмасы: бірінші блок "Психология негіздері" 30 тапсырмадан тұрады; екінші блок "Педагогика, оқыту әдістемесі" 30 тапсырмадан тұрады.

Ұлттық біліктілік тестілеудің жалпы уақыты жүз жиырма минутты құрайды.

Тапсырмалар қолданыстағы нормативтік құжаттар (стандарттар, типтік бағдарламалар, тест спецификациялары, әдістемелік ұсынымдар, техникалық тапсырмалар және т.б.) негізінде жасалады.

Тест спецификациясы – тест тапсырмаларының базасын жасау бойынша, жұмыстың құрылымы мен мазмұнын айқындайтын құжат. Тест спецификациясы тесттің негізгі сипаттамалары, тест тапсырмаларының мазмұны және нысандарын тұтастай қамтиды. Спецификацияда тест мақсаттары, міндеттері, жоспары және құрылымы, туралы ақпарат, сондай-ақ тест тапсырмаларының әзірлемесіне және тест материалдарына іріктелуіне қойылатын негізгі талаптар көрсетіледі.

Тест тапсырмалары тест тапсырмаларының базасына енгізілгенге дейін бірінші және екінші сараптамадан, бірінші және екінші түзетуден, сондай-ақ апробациядан өтеді.

Тест тапсырмаларының бірінші, екінші сараптамасы әзірленген тест тапсырмаларының сапасын кешенді бағалау және оларды редакциялау мақсатында жүзеге асырылады. Әзірлеушілер мен сарапшылар ретінде оқыту мен оқу жетістіктерінің сапасын бағалауда тәжірибесі бар, облыстық, қалалық білім басқармалары ұсынған білім беру ұйымдарының педагогтары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары тартылады.

Бағалау:

Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.

Бірыңғай критерийлердің сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, тестілеуді өткізу кезеңінде аттестатталушылардың құқықтарын қорғау мақсатында ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляциялық өтініштерді қабылдауды қамтамасыз ететін Республикалық апелляциялық комиссия өз қызметін жүзеге асырады.

Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

Ұлттық тестілеу аяқталғаннан кейін педагог нәтижелерімен (негіздемелермен дұрыс және дұрыс емес жауаптармен) танысады және негіздемелермен келіспеген жағдайда республикалық апелляциялық комиссияға ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляция береді. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін беріледі.

Апелляция мынадай жағдайларда қаралады:

1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

- дұрыс жауаптың түсінігімен сәйкес келмесе;

- дұрыс жауап болмаса;

- барлық ұсынылған нұсқалардан бір дұрыс жауап таңдалатын тест тапсырмаларында бір дұрыс жауаптан көп дұрыс жауап болса (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);

- тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса;

2) техникалық себептер бойынша:

-тест тапсырмаларының фрагменті немесе мәтіні болмаса.

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция берген кезде педагог дәлелді негіздемені (толық түсініктеме) көрсетеді.Барлық тест тапсырмаларын қайта қарау бойынша апелляция жөніндегі өтініштер әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздеме (толық түсіндірме, тапсырманың қадамдық шешімі) көрсетілмей берілсе, қарауға жатпайды.

Спецификациялар

Жаттығу тесттері

Қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің аттестацияға дайындық телеграм арна