Блог
March 23, 2020

Ұлттық біліктілік тестілеу және педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеуге дайындық үшін

Ұлттық біліктілік тестілеу екі блокқа бөлінеді және барлығы 100 тест тапсырмасынан тұрады:

  • Бірінші блок «Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша 70 тапсырма
  • Екінші блок «Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша 30 тапсырма.

Тестілеудің жалпы уақыты – 3 сағат 20 минут (200 минут), ал математика, физика, химия, информатика пәндері үшін – 3 сағат 50 минут (230 минут).

«Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша тест тапсырмалары педагог қызметкерлердің терең академиялық білімін, практикалық икемділігі мен дағдыларын тексеруге бағытталған. Ол үшін 3 түрлі формадағы тапсырмалар қолданады:

  • бір дұрыс жауабы бар 50 тапсырма,
  • бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар 10 тапсырма,
  • екі мәнмәтінге (бір дұрыс жауабы бар) 10 тапсырма.

Мәнмәтіндік тапсырмаларда бір мәнмәтінге 5 тапсырма беріледі. Мәнмәтін (ғылыми, көркем мәтін), таблица, схема, графика, суреттер түрінде немесе бірнеше ақпаратты бірден беруі мүмкін. Осы тапсырмаларды жақсылап орындау үшін мәнмәтінмен және берілген тапсырмаларымен мұқият танысу керек. Дұрыс жауап мәнмәтінде (контекст) немесе тапсырмаларда берілуі мүмкін.

Бағалау:

  • Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.

Бір немесе бірнеше дұрыс жауап нұсқасынан:

  • барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл,
  • бір қате жіберілген жағдайда - 1 балл,
  • екі және одан көп қате жауаптар үшін - 0 балл беріледі.

Тест құрылымы

Балдардың шектік деңгейін анықтау

«Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар қолданады.

«Педагогика, оқыту әдістемесі» тақырыптары:


Біздің телеграм арнаға жазылуды ұмытпаңыз!

Telegram: attestasiya