Блог
March 24, 2020

Мұғалімдер сәуір айынан бастап ұлттық біліктілік тестілеуінен өтеді

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында вице-министр Шолпан Каринова мәлім етті.

«Елімізде 2018 жылы мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілгені баршаға мәлім. Педагог мәртебесі туралы» заң аясында бұйрыққа өзгерістер енгізіледі. Енді барлық білім беру ұйымдарының, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың, мектептердің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру ұйымдарының мұғалімдері осы ережелер негізінде аттестаттаудан өтеді. Аталған бағыттар бойынша қаржыландыру барлық санаттар үшін жалақыны 30-дан 50 пайызға дейін көтеру кезінде мұғалімдердің санатын жақсарту мақсатында республикалық бюджеттен бөлінеді»

Вице-министр сонымен қатар 2020 жылға дейін санаттар тек мектеп педагогтарына беріліп келсе, қазіргі таңда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мұғалімдердің бәрі де тестен өтуге мүмкіндік алғанын жеткізді. Оның айтуынша, биылдан бастап мұғалімдер біліктілік тестінен өте алады.

«2019 жылдың қараша-желтоқсан айларында бірінші рет компьютерлік форматта тест өткіздік. Биыл да тестілеуді компьютерлік форматта өткізу жоспарланып отыр. Әр оқытушыға жеке дербес компьютер беріледі. Сұрақтардың базасы да бар. Бүгінгі күні тест жаңартылды. Мұғалімдердің жалақысы 1 қыркүйектен бастап өсуі үшін осы жылдың сәуірінен бастап біліктілік тестілеуінен өту мүмкіндігі жолға қойылады»

Шолпан каримованың алдыңғы жылғы сұхбаты


Біздің телеграм арнаға жазылуды ұмытпаңыз!

Telegram: attestasiya