Педагог қызметкерлерге арналған жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тест туралы
Ұлттық біліктілік тестілеуі – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым әзірлеген тестілер бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындауға бағытталған рәсім.
Ұлттық біліктілік тестілеу 2018 жылдың мамыр айынан бастап өткізілді. Тестілеу 3 рет қағаз түрінде өткізілді.
2019 жылғы қарашада Ұлттық біліктілік тестілеуі алғаш рет Ұлттық тестілеу орталығымен және "U-FUTURE"ЖШС-мен біріге отырып, облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда компьютерлік тестілеу түрінде өткізілді.
Тестілеуді өткізу процесін бақылау Ұлттық тестілеу орталығында орналасқан ахуалдық орталық арқылы жүзеге асырылды.
Тест тапсырмаларының құрылымы мен тестіленуге берілетін уақыт өзгеріссіз қалды. Тестілеудің жалпы уақыты – 3 сағат 20 минут (200 минут), ал математика, физика, химия, информатика пәндері үшін – 3 сағат 50 минут (230 минут).
Ұлттық біліктілік тестілеу екі блокқа бөлінеді және барлығы 100 тест тапсырмасынан тұрады: бірінші блок - «Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша 70 тапсырма, екінші блок - «Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша 30 тапсырма.
«Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша тест тапсырмалары педагог қызметкерлердің терең академиялық білімін, практикалық икемділігі мен дағдыларын анықтауға бағытталған. Ол үшін 3 түрлі формадағы тапсырмалар қолданады:
- бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар,
- бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар,
- бір дұрыс жауабы бар мәнмәтіндік тапсырмалар.
Тапсырмалар қолданыстағы нормативтік құжаттар (стандарттар, типтік бағдарламалар, тест спецификациялары, әдістемелік ұсынымдар, техникалық тапсырмалар және т.б.) негізінде жасалады.
Тест құрылымы
Балдардың шектік деңгейін анықтау
Бағалау:
Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.
Бір немесе бірнеше дұрыс жауап нұсқасынан:
- барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл,
- бір қате жіберілген жағдайда - 1 балл,
- екі және одан көп қате жауаптар үшін - 0 балл беріледі.
«Педагогика, оқыту әдістемесінің» тақырыптары:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» блогы бойынша ұсынылатын әдебиеттерді осы сілтемеден көре аласыз.
Ұлттық біліктілік тестілеуге өтініштерді қабылдау
Ұлттық біліктілік тестілеуіне қатысу үшін өтініштер қабылдауды уәкілетті орган айқындайтын ұйымдар тестілеуді өткізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын жүргізеді.
Біліктілік санатты беру (растау) үшін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
- бірінші кезең - ұлттық біліктілік тестілеу;
- екінші кезең - қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.
Ұлттық біліктілік тестілеу - 100 сынақ тапсырмасынан тұрады.
«Оқу процесінің мазмұны» - 70 тапсырма;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - 30 тапсырма.
Педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар ұлттық біліктілік тестілеуді қалаған тілінде (орысша және қазақша) тапсырады. Тест тапсыру тілі өтініш беру барысында көрсетіледі.
Тестілеудің нәтижесі әрбір блог үшін балл жинаған кезде, оң нәтиже ретінде қарастырылады:
- «педагог-модератор» - 50 %;
- «педагог-сарапшы» - 60 %;
- «педагог-зерттеуші» - 70 %;
- «шебер педагог» - 80 %.
Тапсырмалар мазмұны мен формаларының әртүрлігі оқу материалдарын жаттап алу және болжап белгілеу жағдайларын болдырмай, педагог қызметкерлердің нақты білім мен қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.
Тест спецификациясы – тест тапсырмаларының базасын жасау бойынша, жұмыстың құрылымы мен мазмұнын айқындайтын құжат. Тест спецификациясы тесттің негізгі сипаттамалары, тест тапсырмаларының мазмұны және нысандарын тұтастай қамтиды. Спецификацияда тест мақсаттары, міндеттері, жоспары және құрылымы, туралы ақпарат, сондай-ақ тест тапсырмаларының әзірлемесіне және тест материалдарына іріктелуіне қойылатын негізгі талаптар көрсетіледі.
Тест тапсырмалары тест тапсырмаларының базасына енгізілгенге дейін бірінші және екінші сараптамадан, бірінші және екінші түзетуден, сондай-ақ апробациядан өтеді.
Тест тапсырмаларының бірінші, екінші сараптамасы әзірленген тест тапсырмаларының сапасын кешенді бағалау және оларды редакциялау мақсатында жүзеге асырылады. Әзірлеушілер мен сарапшылар ретінде оқыту мен оқу жетістіктерінің сапасын бағалауда тәжірибесі бар, облыстық, қалалық білім басқармалары ұсынған жалпы білім беретін мекемелердің тәжірибелі мұғалімдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары да тартылады.
Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі – Орталық) ресми сайтында testcenter.kz Ұлттық біліктілік тестілеуге дайындық үшін барлық пәндер бойынша тест тапсырмаларының ерекшеліктері орналастырылған. Сондай-ақ сайтта тегін онлайн-байқау сынағынан өтуге болады және барлық пәндер бойынша жаттығу тапсырмаларының бір нұсқасы орналастырылған.
Тапсырмалар мазмұны мен формаларының әртүрлілігі оқу материалдарын жаттап алу және болжап белгілеу жағдайларын болдырмай, педагог қызметкерлердің нақты білімі мен қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.
Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, тестілеуді өткізу кезеңінде аттестатталушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Республикалық апелляциялық комиссия өз қызметін жүзеге асырады.
Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Тестілеу аяқталғаннан кейін аттестатталушы нәтижелермен (негіздемелермен дұрыс және дұрыс емес жауаптар) танысады. Негіздемелермен келіспеген жағдайда онлайн апелляцияға береді. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 60 минут ішінде беріледі.
Апелляция мынадай жағдайларда қаралады:
тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
- дұрыс жауаптың түсінігімен сәйкес келмесе;
- дұрыс жауап болмаса;
- барлық ұсынылған нұсқалардан бір дұрыс жауап таңдалатын тест тапсырмаларында бір дұрыс жауаптан көп дұрыс жауап болса (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);
- тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса;
- техникалық себептер бойынша:
- тест тапсырмаларының фрагменті немесе мәтіні болмаса.
Онлайн апелляция – тестілеу аяқталғаннан кейін компьютерлік тестілеу кезінде апелляцияға өтініш беру.
Онлайн-апелляцияны енгізу келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
- өтініш беру үшін тестілеу өткізу пунктіне қайтарудың қажеті жоқ;
- қатемен жұмыс істеу барлық сұрақтарға рұқсат береді;
- егер апелляция қанағаттандырылса, онда балл автоматты түрде осы сұрақтар болған басқа тестіленушілерге қосылады;
- апелляцияға берілген өтініштер бірден Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына түседі.
Тестілеу нәтижесін және онлайн апелляция нәтижелерін "U-FUTURE" ЖШС uapp.kz сайтынан ЖСН және парольді (ТЖК) енгізу арқылы көруге болады.