June 3, 2023

18 жастағыларға бірнеше кеңес

1. Кім болғың келетіні жайлы кемінде жүз рет ойлан. Жұмысшылардың пікірлерін оқы. Мамандықтар туралы видео көр. Артықшылығы мен кемшілігін салыстыр.

2. Достарыңмен, туыстарыңмен суретке түс. Бұдан кейін олармен жиі кездесу мүмкіндігі азаяды.

3. Біраз жылдан бері армандап жүрген істі жаса. Бастысы жақсы іс болса болды. Армандар орындалатынына ертерек көз жеткіз.

4. Жалғыз өзің не досыңмен саяхатқа барып қайт. Сонда өз өмірің үшін жауапкершілікті сезінесің. Тіл білудің пайдасын көресің.

5. Жаңадан шет тілін үйрен. Бір тіл білсең, тағы да біреуін үйрен. Сонда миың барынша икемді болады.

6. Жұмысқа тұр. Сонда бос уақыттың пайдасын білесің. Әрі тәжірибе жинайсың. Қалтаңда ақша болады. Өз мамандығыңа қатысты салаға жұмысқа барсаң, тіпті жақсы.

7. Жүргізу куәлігін ал.

8. Спортпен айналыс. Жас өскен сайын спортпен айналысу да қиындай береді.

9. Күнделік жүргіз. Ол жерден өзіңнің тұлға боп қалыптасып жатқаныңды сезінесің. Ойың жүйеленіп, басқара алатын боласың. Арада 5-10 жыл өткенде жазбаларыңды оқып, таңғалатын боласың.

10. Ай сайын 2 кітап оқы.

11. Өмірлік жоспарыңды жаса. Әр күнге арналған жоспарың болсын. Мысалы, «күніне 2 жақсылық жасау».

12. Ақшаңды қорға жинап баста. Мүмкін саяхатқа қолданарсың.

13. Мектеп бітіру кешіне бар. Бұл – балалық шақтың біткені, соңғы аялдамасы.