ОН БЕСІНШІ ТАПСЫРМА
ОН БЕСІНШІ ТАПСЫРМА
✔️Дұға жасау
Киім шешкенде айтылатын дұға
Алланың атымен (бастаймын).
«Бисмилләһ”
✔️Истиғфар айту
Күндіз жəне түнде оқуға болатын, Пайғамбарымыз ﷺ
«Алладан кешірім сұраудағы дұғаның патшасы» (саййид ул-истигфар) деп атап кеткен дұға келесідей:
اَللّهُمَّأَنْتَرَبِّيلَاإِلٰهَإِلَّاأَنْتَخَلَقْتَنِيوَأَنَاعَبْدُكَوَأَنَاعَلَىعَهْدِكَوَوَعْدِكَمَااسْتَطَعْتُأَعُوذُبِكَمِنْشَرِّمَاصَنَعْتُأَبُوءُلَكَبِنِعْمَتِكَعَلَيَّوَأَبُوءُلَكَبِذَنْبِيفَاغْفِرْلِيفَإِنَّهُلَايَغْفِرُالذُّنُوبَإِلَّاأَنْتَ
(Аллахумма, Əңта Робби, лəə илəəхə иллə Əңта, холақтəни уə əнə 'əбдукə, уə əнə 'əлə 'əхдикə уə уə'дикə мəстато'ту. А'узу бикə миң шəрри мə сонə'ту, əбу'у лəкə бини'мəтикə 'əлəййя, уə əбу'у бизамби, фəғфир ли, фə иннəху лə йəғфируз-зунубə иллə Əңтə!)
«Уа, Алла, Сен - менің Жаратушымсың, жəне Сенен басқа Тəңір жоқ, Сен мені жараттың, ал мен Сенің - құлыңмын, жəне Саған деген адалдығымды күшім жеткенше сақтаймын. Менің жасаған жамандығымнан Өзіңе сыйынамын, Сенің маған жасаған мейіріміңді жəне өзімнің күнəмды мойындаймын. Мені кешір, өйткені, расында Сенен басқа ешкім күнəларды кешірмейді!»
Бұл дұға жайлы Пайғамбарымыз ﷺ
былай дейді: « Кім бұл сөздерді күндіз айтып, сол күні кешке дейін қайтыс болса, онда ол Жəннəт иелерінен болады жəне кім бұл сөздерді түнде айтып, таң атқанша өлсе, Жəннəт иелерінен болады» (Бухари).
✔️Алланың 3 көркем есімін жаттау
- "Әл-Мужиб" есімі - дұғаға жауап беруші, тілекті қабыл етуші
Дұғалардың қабыл болуы үшін күнде 55 рет оқу керек.
- "Әл-Муғид" есімі - өмірден кейін өлімді, өлімнен кейін өмірді қайтарушы
Қолдан кеткен табысты кері қайтару үшін осы көркем есімді 124 рет оқу керек.
- "Әл-Муғни" есімі - байытушы, жан дүниені дарқан етуші
Кімде-кім осы есімді күн сайын 1100 рет қайталаса, ризық-несібесі мол, бақуатты болып, таршылық көрмейтін болады. Рухани кеселі барлар кеселінен айырылады.
✔️Салауат айту
Салауат айтудың пайда зор. Ол біздің барлық өмірімізді қамтиды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім маған күніне 100 рет салауат айтса, Алла соның қажетін ашады»-деген. Салауат айту уайым мен қайғыдан арылтады. Пайғамбарға салауат айту – құлшылықтың қабыл болуының, деннің сау болуының кепілі. Бұл жүрек нұры. Алла елшісіне салауат айту – Алла Тағаланың өз құлының құлшылығы мен ісін қабыл етуіне себеп болмақ.
Оқылуы: «Аллаһуммә салли ‘алә сәййдинә Мухаммәдин уә ‘алә әәли сәййдинә Мухаммәдин кәмә салләйтә ‘алә сәййдинә Ибраһимә уә ‘алә әәли сәййдинә Ибраһимә иннәкә хамиидун мәжиид»
Мағынасы: «Уа, Алла тағалам, хазреті Ибраһимге (ғ.с.) және оның отбасына салауат еткеніңдей (мейірімің мен разылы-ғыңа бөлегеніңдей) хазреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) және оның отбасына салауат еткейсің. Шын мәнінде, Сен бар мақтау мен мадаққа лайықсың әрі ең Ұлысың!».
✔️Кітап оқу
Бұл аптада оқылатын кітап - "Имани гүл" кітабы. Кітаптың электрондық нұсқасы жоғарыда көрсетілген☝️
✔️Шүкіршілік жазу
Осы шүкіріңіз үшін де сіздің дұғаңыз қабыл болды және болады, ИншАлла. Шүкірді тоқтатпаңыз.