April 14, 2021

ҮШІНШІ ТАПСЫРМА

ҮШІНШІ ТАПСЫРМА

✅ Дұға жасау

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Алла Тағаланың алдында дұғадан құрметті нәрсе жоқ»[2]  десе және бір хадисте
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у): «Дұға – мұсылманның қаруы, діннің тірегі және аспан мен жердің нұры» [3]  – деген.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у): «Ауруларыңды садақамен емдеңдер, бәле-жалаға дұғамен қарсы тұрыңдар және мал–мүліктеріңді зекетпен қорғаңдар» [4]  – деп, дұға етудің қаншалықты маңызды екеніне назар аудартады. Демек, дұға жасау - барлық жан үшін қауіпсіз өмір кілті болып табылады.

✅ Истиғфар айту

сүйікті Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мына дұғаны шынайы сеніммен таңертең оқып, сол күні кешке жетпей дүниеден озса, жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімде-кім шынайы сеніммен кешке оқып, таңға жетпей көз жұмса, ол да жұмақтық болады», − деп, осы дұғаны аузынан тастамай оқып жүретіндерді сүйіншілеген болатын.

Ә‘уузу билләһи минәш-шәйтаанир-ражиим! Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим
Аллаһуммә әнтә Рабби лә иләәһә иллә әнтә Халәқтәни уә әнә ‘абдукә уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уа‘дикә мә-стәта‘ту ә‘уузу бикә мин шәрри Мә сана‘ту әбуу'у ләкә бини‘мәтикә ‘аләйя уә әбуу'у ләкә бизәнби фәғфир ли фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә әнтә. (3 рет)

✅ Алланың 3 көркем есімін жаттау

- "Әл-Афу" есімі - ғафу етуші, кешіруші. Күнәні сауапқа айналдырушы.

Кімде-кім күн сайын 162 рет "Я, Афу" деп қайталап жүрсе, ризығы молаяды, қанағатшыл болады.

- "Әл-Ахир" есімі - бар екенінің соңы жоқ, Мәңгі бар.

Осы есімді күніне 801 рет қайталап жүрген жанның ғұмыры ұзақ болады.

- "Әл-Әууәл" есімі - бар екенінің соңы жоқ, Мәңгі бар.

Бұл есімді кез келген игі, сауапты істе бірінші болу үшін күнде 43 рет оқиды.

✅ Салауат айту

Салауат айтпау – сараңдық. Пайғамбарымыз ﷺ: «Әрбір дұға-тілек аспан астында бүркеліп тұрады. Егер маған айтылған салауат келсе дұға көкке көтеріледі[9]», – деген. Салауат айту – дұға-тілектің қабыл болуына үлкен себепкер.

Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы - Пайғамбарымыз есімін естігенде «алейһис
соләту уәс сәләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм» деп айту.


✅ Кітап оқу

Бұл аптада оқылатын кітап - Аллаһ Тағаланы, сүйікті Пайғабарымызды ﷺ

тануға арналған "Адамзаттың асыл тәжі" кітабы.

✅ Шүкіршілік жазу

Шүкіршілік жазуды тоқтатпаңыз. Күніне кем дегенде 10 шүкіршілік жазыңыз. Әр шүкіріңіз сіздің иманыңызды арттыра түседі.


Марафон тапсырмаларын орындасаңыз, біздің @tegin.marafon парақшасын белгілеп кетуді ұмытпаңыз😊🤝