April 28, 2021

ОН ЖЕТІНШІ ТАПСЫРМА

ОН ЖЕТІНШІ ТАПСЫРМА

📎 Дұға жасау

Үйге кірер кезде оқылатын дұға

Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық. Раббымызға тәуекел еттік. ( Кейін үй ішіндегілерге сәлем берсін делінген).

«Бисмилләһи уәләжнә, уә бисмилләһи харажнә, уә ъалә раббинә тәуәккәлнә».

Егер адам үйіне кірерде және ас ішер алдында Алла Тағаланың есімін тіліне тиек етпесе, онда шайтан өзінің нөкерлеріне: “Бізге бұл үйде орын да бар, тамақ та бар”, - деп қуанады. Ал егер ол үйіне кірерде және ас ішер алдында «Бисмилләһ» (Алланың атымен) деп Алла Тағаланың есімін атаса, шайтан: “Бұл жерде бізге орын да, тамақ та жоқ!”, - деп қашады. (Муслим)

Періште бар жерде шайтан болмайды. Ал шайтан жоқ үйде бақыт пен береке, татулық салтанат құрады!

📎 Истиғфар айту

Истиғфар дегеніміз – жасаған күнә мен қателіктері үшін Алла Тағаладан кешірім сұрау.

Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) “сәййдил истиғфар” (истиғфарлардың ең көркемі) деп атаған дұғасы мынандай:

“Алла Тағалам! Сен – менің Раббымсың! Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен жараттың. Мен – Сенің құлыңмын; күш қуатымның жеткенінше Сенің уәдеңе ұстануға тырысамын. Жасаған жамандықтарымның сорынан Саған сиынамын. Бойымдағы бар нығметтеріңді мойындаймын: күнәмді де мойындаймын. Мені кешір; себебі Сенен басқа ешкім күнәларды кешіре алмас”. [Бухари, Дәават, 2].

📎 Алланың 3 көркем есімін жаттау

- "Әл-Муқаддим" есімі - алға шығарушы

Кімде-кім осы есімді күн сайын 188 рет қайталаса, әрдайым дәрежесі жоғарылайтын болады.

- "Әл-Муқтадир" есімі - бәріне құдыретті

Кімде-кім осы есімді күн сайын 744 рет қайталаса, бастаған әрбір ісінде Алланың жәрдемімен табысқа жетеді.

- "Әл-Муаххир" есімі - артқа қоюшы, кейінге қалдырушы.

Жамандығы мен кесір-кесапаты мол адамның немесе бір істің өзіңізден аулақ болуын қаласаңыз, күнде 1144 рет қайталау керек.

📎 Салауат айту

Бүгінгі салауат:

- Аллоһуммә солли.

«Аллоһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».

📎 Кітап оқу

Біз ұсынатын кітап - "Имани гүл". Конкурс жауабы бүгін шығатын болады.

📎 Шүкіршілік жазу

Рамазанда бөлек шүкіршілік дәптерін жазып, әр шүкіріңізді жазып отырыңыз. Сіз шүкір еткен сайын Алла ризығын аямайды🤲

Марафон тапсырмаларын орындасаңыз, біздің @tegin.marafon парақшасын белгілеп кетуді ұмытпаңыз😊🤝