ОН ЕКІНШІ ТАПСЫРМА
ОН ЕКІНШІ ТАПСЫРМА
🕌 Дұға жасау
Неліктен әжетханаға кірер кезде дұға оқимыз? Себебі, әжетханада
жын-шайтандар болады. Сондықтан да Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әжетханаға кірер кезде осы дұғаны айтқан:
Ей, Алла! Шын мәнінде, мен ер және әйел жын-шайтандардан Өзіңе сыйынамын.
«Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл -хубси уәл-хабәис»
Әжетханадан шыққан кезде айтылатын дұға
( Ей, Алла! ) кешіріміңді сұраймын.
«Ғуфранәк»
🕌Истиғфар айту
Көптеген аяттарда: «Менi көп зiкiр етiңдер» және «Иза жәа»сүресiнде «Маған истиғфар етiңдер. Дұғаларыңды қабыл етемiн, күнәләріңді кешiремiн»- делiнген. Аллаһу та’алаға көп истиғфар етудi әмiр еткендiгi осыдан көрiнiп тұр. Сондықтан Мухаммед Масум хазреттерi екiншi том, сексенiншi хатында:
«Бұл әмірге ұйып, әр намаздан соң 3 рет истиғфар дұғасын оқимын және 67 рет «Әстағфируллаһ» айтамын. Истиғфар дұғасы мынадай: Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл һайял қайюма уа әтубу иләйһ. Сiздер де осыны оқыңыздар! Әрбiр айтқанда «Менi кешiре гөр Аллаһым» деп мағынасын ойлап айту керек. Оқығандарды және жанындағыларды дерттерiнен, қиыншылықтарынан құтқарады. Көптеген кiсi оқып пайдасын көп көрдi. Ұйықтарда «Иа Аллаһ, иа Аллаһ» және 3-рет «Әстағфируллаһ мин кулли мә карихаллаһ» - деп айтып, ұйықтағанға дейiн қайталау керек
🕌Алланың 3 көркем есімін жаттау
- "Әл-Қуддус" есімі - аса қасиетті, тазалаушы.
Кімде-кім осы есімді күнде 100 рет оқитын болса, Алла Тағала оны рухани кеселдерден сақтайды және уайым-қайғылардан арылтады.
- "Әл-Латиф" есімі - бүкілінің барша қажеттілігін қамтамасыз етуші, мейірімді қамқоршы.
Тілек дұғалардың орындалуы үшін, отбасы құру мен ризық несібенің мол болуы үшін күнде 129 рет оқу керек.
- "Әл-Мәниғ" есімі - қаламағанын бермейтін.
Кімде-кім осы есімді күнде 161 рет қайталаса, бәле-жала мен апаттардан аман болады.
🕌Салауат айту
Бірде сахабалар Алла елшісінің қуанып отырғанын көреді. Олар: «О, Алланың елшісі! Біз сенің қуанышты жүзіңді көріп тұрмыз»-дейді. Ол: «Мен қалай қуанбайын, Жәбірейіл маған «кімде кім маған салауат айтса Алла соған он есе мейірім көрсететінін» жеткізді»-деген екен.
Салауаттың ең көп айтылатын түрі намазда оқылатын: «Аллаһуммә солли» және «Аллаһуммә бәрик» салауаттары.
Аллаһуммә солли: «Аллаһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».
Аллаһуммә бәрик: «Аллаһуммә бәрик ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә бәрактә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».
🕌Кітап оқу
"Имани гүл" кітабын оқуды жалғастырамыз. кітапта айтылған әрбір ақпаратқа, әрбір сөзге мұқият назар аударыңыз. Неге? Ол туралы келесі жазбада айтатын боламыз😉
🕌 Шүкіршілік жазу
“Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады» (14:7)
Шүкіршілік дәптері - сізді Аллаға жақындататын тағы бір құрал. Оны бірде-бір күн бос қалдырмаңыз.
Марафон тапсырмаларын орындаған соң біздің @tegin.marafon инста-парақшамызды белгілеуді ұмытпаңыз😊🙌