ОНЫНШЫ ТАПСЫРМА
ОНЫНШЫ ТАПСЫРМА
1️⃣ Дұға жасау
Уайым-қайғыдан құтылу үшін оқылатын дұға
ياَحَىُّيَاقَيُّومُبِرَحْمَتِكَاَسْتَغِيثُ
Оқылуы: «Я хайю, я қайюуму. Бирахматика әстағису».
Мағынасы: «Уа, мәңгі тірі тұрушы және әр нәрсені толық меңгеруші Раббым! Сенің мейіріміңе сиынып, сенен жәрдем тілеймін».
2️⃣Истиғфар айту
رَبَّنَااغْفِرْلِيوَلِوَالِدَيَّوَلِلْمُؤْمِنِينَيَوْمَيَقُومُالْحِسَابُ
«Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!»
(Ибрахим сүресі, 41 аят)
3️⃣Алланың 3 көркем есімін жаттау
- "Әл-Кәрим" есімі - аса Жомарт, ардақты.
Кімде-кім осы есімді күнде 270 рет қайталаса, ризық-несібесі мол әрі жомарт болады. Алла тағала істерін жеңілдетеді.
- "Әл-Қабид" есімі - жан алушы, рухты қысатын, ризықты қысатын.
Залымдардың зұлымдылығынан сақтану үшін осы есімді 903 рет қайталау керек.
- "Әл-Қадир" есімі - бар нәрсеге құдыреті жететін, Құдіретті.
Кімде-кім осы қасиетті есімді күнде 314 рет қайталаса, қалаған нәрсесін жасауға күші жететін болады.
4️⃣Салауат айту
Салауаттың ең көп айтылатын түрі намазда оқылатын: «Аллаһуммә солли» және «Аллаһуммә бәрик» салауаттары.
Аллаһуммә солли: «Аллаһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».
Аллаһуммә бәрик: «Аллаһуммә бәрик ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә бәрактә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».
5️⃣Кітап оқу
Бүгінгі кітап - "Имани гүл" кітабы. Рухани тұрғыда баюға, жаңа білім жинауға арналған үздік кітаптардың бірі. Кітаптың электрондық нұсқасы жоғарыда көрсетілген☝️
6️⃣ Шүкіршілік жазу
“Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады» (14:7)
Хадисте былай айтылған: «Ақиқатында, әрбір желінген тілім мен әрбір жұтым үшін Алла Тағалаға шүкірлік ететін пендесіне Ол міндетті түрде разы болады» (Мүслим).
Шынайы шүкіршілік – Алла Тағаланың адам пешенесіне жазған кез-келген несібесі үшін разы болу. Иман Алла Тағала нәсіп еткен кез-келген нәтиже, кез-келген жағдай үшін Оған шүкіршілік етуден тұрады.
Марафон тапсырмаларын орындасаңыз, біздің @tegin.marafon парақшасын белгілеп кетуді ұмытпаңыз😊🤝