СЕГІЗІНШІ ТАПСЫРМА
СЕГІЗІНШІ ТАПСЫРМА
🔻 Дұға жасау
Құран аяттары – сөздердің ең қадірлісі, құрметтісі, әрі ең дұрысы. Ал, Пайғамбарымыздың (ﷺ) сөзі – Құраннан кейінгі ең ұлық сөз. Құран мен Сүннеттегі дұғаларды пайдаланып, жалбарыну оның қабыл болуының ықтималдығын арттырады. Мысалы Құрандағы атақты дұғада Алла Тағала:
(وَمِنْهُم مَّن يَقُولُ رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ)
(Адамдардың кейбірі:"Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ отынан сақта"-дейтіндер бар).
Кейбір ақжол, атажол жетегінде жүргендер дұға жасау барысында Құранда, хадистерде келген дұғаларды қолданбай, өздерінің ойларынан шығарған ата-бабалардан деген жалған баталарды қолданады. Әсіресе, дұғаларында Қыдыр ата, Арыстан баб, Айша бибі қолдасын деген сөз тіркестері жиі кездеседі. Сондықтан тікелей сұраудан сақ болу қажет.
✅ Истиғфар айту
Күндіз жəне түнде оқуға болатын, Пайғамбарымыз ﷺ
«Алладан кешірім сұраудағы дұғаның патшасы» (саййид ул-истигфар) деп атап кеткен дұға келесідей:
اَللّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لَا إِلٰهَ إِلَّا أَنْتَ خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ وَأَبُوءُ لَكَ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ
(Аллахумма, Əңта Робби, лəə илəəхə иллə Əңта, холақтəни уə əнə 'əбдукə, уə əнə 'əлə 'əхдикə уə уə'дикə мəстато'ту. А'узу бикə миң шəрри мə сонə'ту, əбу'у лəкə бини'мəтикə 'əлəййя, уə əбу'у бизамби, фəғфир ли, фə иннəху лə йəғфируз-зунубə иллə Əңтə!)
«Уа, Алла, Сен - менің Жаратушымсың, жəне Сенен басқа Тəңір жоқ, Сен мені жараттың, ал мен Сенің - құлыңмын, жəне Саған деген адалдығымды күшім жеткенше сақтаймын. Менің жасаған жамандығымнан Өзіңе сыйынамын, Сенің маған жасаған мейіріміңді жəне өзімнің күнəмды мойындаймын. Мені кешір, өйткені, расында Сенен басқа ешкім күнəларды кешірмейді!»
Бұл дұға жайлы Пайғамбарымыз ﷺ
былай дейді: « Кім бұл сөздерді күндіз айтып, сол күні кешке дейін қайтыс болса, онда ол Жəннəт иелерінен болады жəне кім бұл сөздерді түнде айтып, таң атқанша өлсе, Жəннəт иелерінен болады» (Бухари).
✅ Алланың 3 көркем есімін жаттау
- "Әл-Жаббар" есімі - бойсұндырушы, аса құдыретті
Кімде-кім осы есімді күн сайын 208 рет қайталаса, дұға тілектері орындалады. Адамдар мен жындардың кесір-кесапатынан, жамандығынан аман болады.
- "Әл-Жәмиғ" есімі - жинаушы.
"Я, Жәмиғ" деп күн сайын 114 рет қайталаған адамның достары көп болады, жақын адамдарымен айырылыспайды. Һәм осы дүниеде, һәм ақиретте бақытты болады.
- "Әл-Жәлил" есімі - аса Ұлық, аса Мәртебелі
Осы есімді күн сайын 73 рет қайталаса, нағыз рухани күшке қол жеткізеді, мінез-құлқы жақсарады және ешкім туралы жаман ойда болмайтын болады.
✅ Салауат айту
Салауат айтудың пайдасы зор. Ол біздің барлық өмірімізді қамтиды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім маған күніне 100 рет салауат айтса, Алла соның қажетін ашады»-деген. Салауат айту уайым мен қайғыдан арылтады. Пайғамбарға салауат айту – құлшылықтың қабыл болуының, деннің сау болуының кепілі. Бұл жүрек нұры. Алла елшісіне салауат айту – Алла Тағаланың өз құлының құлшылығы мен ісін қабыл етуіне себеп болмақ.
Оқылуы: «Аллаһуммә салли ‘алә сәййдинә Мухаммәдин уә ‘алә әәли сәййдинә Мухаммәдин кәмә салләйтә ‘алә сәййдинә Ибраһимә уә ‘алә әәли сәййдинә Ибраһимә иннәкә хамиидун мәжиид»
Мағынасы: «Уа, Алла тағалам, хазреті Ибраһимге (ғ.с.) және оның отбасына салауат еткеніңдей (мейірімің мен разылы-ғыңа бөлегеніңдей) хазреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) және оның отбасына салауат еткейсің. Шын мәнінде, Сен бар мақтау мен мадаққа лайықсың әрі ең Ұлысың!».
✅ Кітап оқу
Бұл аптада оқылатын кітап - "Тағылым тамшылары" кітабы. Кітаптың электрондық нұсқасы жоғарыда көрсетілген☝️
✅ Шүкіршілік жазу
Шүкіршілік жазу қазір сіз үшін қиын емес. Басында не жазамын деп қиналған да боларсыз. Бірақ уақыт өте келе шын жүректен шыққан өзіңіздің шүкіріңізді жазған кезде барып сіз ол сезімді сезіне алдыңыз. Мүмкін, осы шүкіріңіз үшін де сіздің дұғаңыз қабыл болды. ИншАлла, әрі де қабыл болмақ🤲 Шүкіріңізді тоқтатпаңыз.
Марафон тапсырмаларын орындасаңыз, біздің @tegin.marafon парақшасын белгілеп кетуді ұмытпаңыз😊🤝