ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАПСЫРМА
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАПСЫРМА
🍃 Дұға жасау
Ұйықтар алдында оқылатын дұғалар
Екі алақанын біріктіре жайып, көкірек тұсына әкеледі де, кейін: «Ықылас», «Фәлақ», «Нәс» сүрелерін оқып, алақанына үрлеп дем салады. Кейін Әятул – Курсиді оқиды.
🍃 Истиғфар айту
Сүйікті Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мына дұғаны шынайы сеніммен таңертең оқып, сол күні кешке жетпей дүниеден озса, жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімде-кім шынайы сеніммен кешке оқып, таңға жетпей көз жұмса, ол да жұмақтық болады», − деп, осы дұғаны аузынан тастамай оқып жүретіндерді сүйіншілеген болатын.
Ә‘уузу билләһи минәш-шәйтаанир-ражиим! Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим
Аллаһуммә әнтә Рабби лә иләәһә иллә әнтә Халәқтәни уә әнә ‘абдукә уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уа‘дикә мә-стәта‘ту ә‘уузу бикә мин шәрри Мә сана‘ту әбуу'у ләкә бини‘мәтикә ‘аләйя уә әбуу'у ләкә бизәнби фәғфир ли фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә әнтә. (3 рет)
🍃 Алланың 3 көркем есімін жаттау
- "Әл-Мунтақим" есімі - кінәлілерді жазалаушы
Кімде-кім осы есімді күн сайын 630 рет қайталаса, зұлымдық пен жамандықтан қорғалады.
- "Әл-Мусаууир" есімі - бейнелеуші, кескін-келбет беруші
Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап, "Әл-Бәри, Әл-Халиқ, Әл-Мусаууир" деп 21 рет айтып, суға дем салып, ауызды сол сумен ашып, шынайы ықыласпен жалғыз Алла Тағалаға дұға етсе, ИншАлла, оған Жаратушы осы есімдерінің құрметіне перзент сыйлайды.
- "Әл-Мутәкәббир" есімі - нағыз ұлылық иесі.
Кімде-кім осы есімді 664 рет қайталаса, мол дәулет пен рухани кемелділікке қол жеткізеді, халықтың сүйіспеншілігіне бөленеді. Сонымен бірге игі істері мен сауаптары артады.
🍃 Салауат айту
Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы - Пайғамбарымыз есімін естігенде «алейһис
соләту уәс сәләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм» деп айту.
🍃 Кітап оқу
Ұсынылған кітап - "Иман негіздері" кітабы. Бұл кітаптан өзіңізді мазалаған сұрақтарға жауап алып, иманыңызды берік етуге қадам жасай аласыз деп сенеміз.
🍃 Шүкіршілік жазу
Әр шүкіріңіз сіздің иманыңызды арттыра түседі.
Алламен байланысыңызды арттыру үшін шүкіршілік дәптеріңізге үлкен-кіші шүкіріңізді жазып отырыңыз.
Марафон тапсырмаларын орындасаңыз, біздің @tegin.marafon парақшасын белгілеп кетуді ұмытпаңыз😊🤝