ОН БІРІНШІ ТАПСЫРМА
ОН БІРІНШІ ТАПСЫРМА
ОН БІРІНШІ ТАПСЫРМА
🕌 Дұға жасау
Қатты қиналғанда оқылатын дұға
لاَاِلَهَاِلاَّاَنْتَسُبْحَانَكَاِنِّىكُنْتُمِنَالظَّالِمِينَ
Оқылуы: «Лә иләһә иллә әнтә. Субханәкә, инни кунту миназ-залимин».
Мағынасы: «Сенен басқа Тәңір жоқ. Сені кемшілік атаулыдан пәктеймін. Расында, мен өз-өзіме зұлымдық етушілерден болдым».
🕌Истиғфар айту
Көптеген аяттарда: «Менi көп зiкiр етiңдер» және «Иза жәа»сүресiнде «Маған истиғфар етiңдер. Дұғаларыңды қабыл етемiн, күнәләріңді кешiремiн»- делiнген. Аллаһу та’алаға көп истиғфар етудi әмiр еткендiгi осыдан көрiнiп тұр. Сондықтан Мухаммед Масум хазреттерi екiншi том, сексенiншi хатында:
«Бұл әмірге ұйып, әр намаздан соң 3 рет истиғфар дұғасын оқимын және 67 рет «Әстағфируллаһ» айтамын. Истиғфар дұғасы мынадай: Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл һайял қайюма уа әтубу иләйһ. Сiздер де осыны оқыңыздар! Әрбiр айтқанда «Менi кешiре гөр Аллаһым» деп мағынасын ойлап айту керек. Оқығандарды және жанындағыларды дерттерiнен, қиыншылықтарынан құтқарады. Көптеген кiсi оқып пайдасын көп көрдi. Ұйықтарда «Иа Аллаһ, иа Аллаһ» және 3-рет «Әстағфируллаһ мин кулли мә карихаллаһ» - деп айтып, ұйықтағанға дейiн қайталау керек
🕌Алланың 3 көркем есімін жаттау
- "Әл-Қауи" есімі - қалағанын істейтін ерекше күш Иесі.
Кімде-кім осы есімді күн сайын 126 рет қайталаса, дене бітімі қуатты, денсаулығы мықты болады және қиын істері оңай шешіледі.
- "Әл-Қаййум" есімі - жаратылыстың істерін басқарушы, өздігінен тұрушы.
Кімде-кім осы есімді күнде 166 рет оқып жүрсе, Алланың қалауымен арман-мұраты орындалады. Бүкіл ісінде Алланың көмегін сезінеді, қалағанына қол жеткізеді, ризығы үзілмейді.
- "Әл-Қаһһар" есімі - барлығын өзіне мойынсұдырушы.
Залымдардың және дін дұшпандарының қаһарынан құтылу үшін күнде 311 рет оқу керек.
🕌Салауат айту
Мұхаммед С.Ғ.С. салауат айту шариғатта уәжіптік күші бар амал. Ол діндегі құлшылықтың бітіспес бір бөлшегіне айналған. Намазда, қажылықта, Құран оқығанда, сөз бастағанда, аяқтағанда, мәжілісте, мешітке барарда, қатты күйзелгенде, Алладан кешірім сұрағанда, үйге кірерде, бір нәрсені ұмытып есіне түсіре алмағанда, құда түсерінде, ұйықтағанда, ашуланғанында, Алланы еске алғанында т.б. өмірдің қай жағдайында болса да, Алланың Елшісін С.Ғ.С еске алып, оған салауат айтуымыз тиіс екен. Әлбетте ол кісіге салауат айтуымыз ол кісінің бізге мұқтаждығын білдірмейді.Керісінше біздің сол салауат арқылы дәрежеміз көтеріледі. Үлкен сауапқа кенелеміз. Қиямет күні Пайғамбарымыздың С.Ғ.С.-ның шапағатына ие боламыз.
Салауаттың ең көп айтылатын түрі намазда оқылатын: «Аллаһуммә солли» және «Аллаһуммә бәрик» салауаттары.
Аллаһуммә солли: «Аллаһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».
Аллаһуммә бәрик: «Аллаһуммә бәрик ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә бәрактә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».
🕌Кітап оқу
"Имани гүл" кітабын оқуды жалғастырамыз. Сіздерге ұнап жатқанына, жаңа білім алып жатқандарыңызға сенімдіміз. Кітаптың электрондық нұсқасы жоғарыда көрсетілген☝️
🕌 Шүкіршілік жазу
“Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады» (14:7)
Шүкірді үлкен, кіші деп бөлмей жаза беріңіз. Сіз әр шүкір сайын Алланы еске алатыныңызды ойлаңыз.
Марафон тапсырмаларын орындаған соң біздің @tegin.marafon инста-парақшамызды белгілеуді ұмытпаңыз😊🙌