ОН АЛТЫНШЫ ТАПСЫРМА
ОН АЛТЫНШЫ ТАПСЫРМА
✅Дұға жасау
Үйден шыққан кезінде оқылатын дұға
Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім. Алла (Тағаланың) күш–қуатынан асатын ешқандай күш – қуат жоқ.
«Бисмилләһ, тәуәккәлту ъаләллаһ, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ».
✅Истиғфар айту
Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мына дұғаны шынайы сеніммен таңертең оқып, сол күні кешке жетпей дүниеден озса, жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімде-кім шынайы сеніммен кешке оқып, таңға жетпей көз жұмса, ол да жұмақтық болады», − деп, осы дұғаны аузынан тастамай оқып жүретіндерді сүйіншілеген болатын.
Ә‘уузу билләһи минәш-шәйтаанир-ражиим! Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим
Аллаһуммә әнтә Рабби лә иләәһә иллә әнтә Халәқтәни уә әнә ‘абдукә уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уа‘дикә мә-стәта‘ту ә‘уузу бикә мин шәрри Мә сана‘ту әбуу'у ләкә бини‘мәтикә ‘аләйя уә әбуу'у ләкә бизәнби фәғфир ли фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә әнтә. (3 рет)
✅Алланың 3 көркем есімін жаттау
- "Әл-Музилл" есімі - қалағанының мәртебесін төмендетуші, дәрежесін түсіруші
Дұшпандарды жеңу үшін осы есімді күнде 800 рет оқу керек.
- "Әл-Муғизз" есімі - қалағанын абыройлы ететін, кез-келгеннің мерейін үстем етуші
Кімде-кім "Я, Муғиз" деп күн сайын 117 рет қайталаса, осы дүниеде және ақиретте мерейі үстем болады. Оған жаманшылық пен зәбір жасағысы келген адам ойынан бас тартуға мәжбүр болады. Өйткені, Алла Тағаланың ұлықтаған пендесін ешкім қорлай алмайды. Абырой сондай бір нұр, ол залымдардың өздерін көрсоқыр қылады.
- "Әл-Муқит" есімі - қорек беруші, пенделердің қажеттіліктерін меңгеруші, құдыретті
Алла Тағала бұл есімді айтып жүруді әдетке айналдырған құлдарының ризық-несібесін жеңілдетеді, оларды әртүрлі жаманшылықтан қорғайды.
✅Салауат айту
Құран Кәрімде: «Расында, Алла пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер
салауат айтады. Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер»,деп әмір етілген. Алла тағаланың пайғамбарға ﷺ салауаты – періштелерге мақтауы, періштелер
салауаты – пайғамбарға дұға етуі.
Риуаятта сахабалар пайғамбарымыздан ﷺ: уа, Алла елшісі! Сізге қалай
салауат айтамыз?,-дегенде пайғамбар ﷺ: «Аллоһумма солли ала Мұхаммадин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә солләйтә ала әли Ибраһимә, уә бәрик ала Мұхаммәдин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә бәрактә ала әли Ибраһимә, иннәкә Хамидум Мажид»,деп айтыңдар],-деген екен. Мағынасы: Аллаһым, Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим
отбасына салауат еткендей рақымет ет. Және Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына берекет еткеніңдей береке бер. Расында, Сен Хамид (мақтаулысың) Мажид (даңқтысың).
✅Кітап оқу
"Имани гүл" кітабын бүгін басталатын конкурспен аяқтаймыз.
✅Шүкіршілік жазу
Әрбір кішкене болсын шүкір - Алланы еске алуыңыз. Ал Алла Тағала өзін еске алғандарды, әсте, біледі. Ендеше Алланы жиі еске алып, шүкіршілік дәптерін толтыруды жалғастыра түсіңіз.
Марафон тапсырмаларын орындасаңыз, біздің @tegin.marafon парақшасын белгілеп кетуді ұмытпаңыз😊🤝