April 29, 2021

ОН СЕГІЗІНШІ ТАПСЫРМА

ОН СЕГІЗІНШІ ТАПСЫРМА

✅ Дұға жасау

Көлікке мінген кезде айтатын дұға

Алланың атымен, Аллаға шүкір!

«Бисмилләһ(и), әлхамду лилләһ”.

✅ Истиғфар айту

Истиғфар дегеніміз – жасаған күнә мен қателіктері үшін Алла Тағаладан кешірім сұрау.

Құран Кәрімде жасаған жаманшылықтарынан пұшайман болып тәубе және истиғфар жасағандарды мақтауда. [Әли Имран, 135].

Дерек көздерінде “истиғфар дұғасы” деген арнайы бір дұға жоқ. Алайда мазмұны жағынан “истиғфар” мағынасын білдіретін көптеген дұғалар бар. Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) “сәййдил истиғфар” (истиғфарлардың ең көркемі) деп атаған дұғасы мынандай:

“Алла Тағалам! Сен – менің Раббымсың! Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен жараттың. Мен – Сенің құлыңмын; күш қуатымның жеткенінше Сенің уәдеңе ұстануға тырысамын. Жасаған жамандықтарымның сорынан Саған сиынамын. Бойымдағы бар нығметтеріңді мойындаймын: күнәмді де мойындаймын. Мені кешір; себебі Сенен басқа ешкім күнәларды кешіре алмас”. [Бухари, Дәават, 2].

✅ Алланың 3 көркем есімін жаттау

- "Әл-Муқсит" есімі - әділетті, бүкіл үкімі әділ

Әділетті болғысы келген адам және ренжісіп қалған ерлі-зайыптыны жарастыру мақсатында осы есімді 209 рет оқу керек.

- "Әл-Мумин" есімі - аса сенімді, өз-өзінің куәгері, әркімге сенім беруші

Кімде-кім күн сайын осы есімді 131 рет қайталаса, иманы берік, сенімді адам болады. Жаман кеселдерге шалдықпайды.

- "Әл-Мумит" есімі - берген жанын қайтып алушы

Кімде-кім осы есімді күнде 490 рет қайталаса, Алла Тағала оны харамға көз салудан сақтайды. Жаманшылықтардан бас тартқызып, әрдайым ақыретті есіне салады.

✅ Салауат айту

Салауат айтпау – сараңдық. Пайғамбарымыз ﷺ:

«Әрбір дұға-тілек аспан астында бүркеліп тұрады. Егер маған айтылған салауат келсе дұға көкке көтеріледі», – деген. Салауат айту – дұға-тілектің қабыл болуына үлкен себепкер.

Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы - Пайғамбарымыз есімін естігенде «алейһис соләту уәс сәләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм» деп айту.

✅ Кітап оқу

Біз ұсынатын кітап - "Иман негіздері" кітабы. Кітап төменде көрсетілген.

✅ Шүкіршілік жазу

Шүкіршілік жазуды тоқтатпаңыз. Күніне кем дегенде 10 шүкіршілік жазыңыз.

Марафон тапсырмаларын орындасаңыз, біздің @tegin.marafon парақшасын белгілеп кетуді ұмытпаңыз😊🤝