April 25, 2021

ОН ТӨРТІНШІ ТАПСЫРМА

ОН ТӨРТІНШІ ТАПСЫРМА

🕌 Дұға жасау

Киім кигенде оқылатын дұға

Маған бұл (киімді) кигізген, әрі оны маған өз тарапымнан ешбір күш-қуат жұмсамай тұрып нәсіп еткен Аллаға мақтау – мадақтар болсын!

«Әлхәмду лилләһил-ләзи кәсәни һәзә ( әс сәубә) уә разәқаниһи мин ғайри хаулин минни уә лә қууәһ».

Алла Тағала Құранда: «Әй, Адам ұрпақтары! Сендерге ұятты жерлеріңді жабатын киім түсірдік...» - деген. («Аъраф» сүресі, 26-аят). Ал өмірі бүкіл адамзатқа үлгі болған Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жаңа киім кигенде осы дұғаны айтып, Алладан пана тілейтін. Себебі, жаңа киімді берген де, оны киюді нәсіп еткен де – Алла Тағала. Егер соны есіңізден шығармай, Аллаға мақтау, шүкірлік айта алсаңыз, киген киіміңіз берік, берекелі болмақ. Ендеше, «Жаңа киім ки, сыйлы өмір сүр!..»

🕌Истиғфар айту

Алладан кешірім сұраудың ең жеңіл әрі қарапайым дұғасы – Истиғфар айту, яғни, «Астағфируллаһ!» деп айту. Мағынасы: «Аллаһ мені кешірсін!». Истиғфар – Алланың құлына деген үлкен мейірімі. Алла Тағала құлынан ешқашан бетбұрмайды, Оның кешірім есіктері үнемі ашық. Алла – Кешіруші, кешіргенді жақсы көреді. Сондықтан, тәубе етуді кейінге қалдырмай, дәл қазірден бастап Алланың кешіріміне ұмтылуымыз керек.

🕌Алланың 3 көркем есімін жаттау

- "Мәликул-мулк" есімі - бүкіл мүліктің иесі

Кімде-кім осы көркем есімді күнде 212 рет қайталаса, дүние-мүлік пен табысы зиянға ұшырамайды. Рухани және материалдық тұрғыда дәрежесі жоғарылайды.

- "Әл-Мәтин" есімі - өте берік, мықты, күш-қуат иесі

Кімде-кім бұл есімді күнде 500 рет қайталаса, түрлі ауруларынан айығады, таршылық көрмейді, әлсіремейді. Жағымсыз мінезден құтылып, рухани және материалдық жағынан мықты болады. Берік, ерік-жігерлі болады.

- "Әл-Мубди" есімі - бастаушы, барлық нәрсені алғаш жаратушы

Кімде-кім әрбір ісін 56 рет "Я, Мубди" оқып бастайтын болса, бастаған барлық істерінде Алланың қалауымен табысты болады.

🕌Салауат айту

Бірде сахабалар Алла елшісінің қуанып отырғанын көреді. Олар: «О, Алланың елшісі! Біз сенің қуанышты жүзіңді көріп тұрмыз»-дейді. Ол: «Мен қалай қуанбайын, Жәбірейіл маған «кімде кім маған салауат айтса Алла соған он есе мейірім көрсететінін» жеткізді»-деген екен.

Салауаттың ең көп айтылатын түрі намазда оқылатын: «Аллаһуммә солли» және «Аллаһуммә бәрик» салауаттары.

Аллаһуммә солли: «Аллаһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».

Аллаһуммә бәрик: «Аллаһуммә бәрик ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә бәрактә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».

🕌Кітап оқу

"Имани гүл" кітабын оқуды жалғастырамыз. Кітапта айтылған әрбір ақпаратқа, әрбір сөзге мұқият назар аударыңыз. Конкурсқа дайындықты бастаңыз.

🕌 Шүкіршілік жазу

“Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады» (14:7)

Шүкіршілік дәптері - сізді Аллаға жақындататын тағы бір құрал. Оны бірде-бір күн бос қалдырмаңыз.

Марафон тапсырмаларын орындаған соң біздің @tegin.marafon инста-парақшамызды белгілеуді ұмытпаңыз😊🙌